You are on page 1of 21

2 тақырып

Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі


және Орта ғасырлардағы мектеп
пен тәрбие, педагогикалық ойлар

Лектор:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ұзақбаева Сахипжамал Асқарқызы
Жоспар:
1. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие
2. Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие, мектеп
және педагогикалық ойлар (Египет,
Месопотамия, Қытай, Үндістан)
3. Антика әлеміндегі (Ежелгі Греция және
Рим) тәрбие, мектеп және педагогикалық
ойлар
4. Орта ғасырдағы (Византия, Үндістан,
Қытай) тәрбие, мектеп және
педагогикалық ойлар
Тәрбиенің шығуы алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың еңбек тәжірибесіне,
олардың қоғамдық қатынастарының қалыптасуына байланысты болды.
Ф.Энгельстің «Маймылды адамға айналдыру процесіндегі еңбектің рөлі» атты
кітабында «Адамды адам еткен еңбек» делінген.

Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері:


 Тәрбие тәжірибелік-практикалық сипатта болды, яғни тәрбие еңбек тәжірибесінен,
еңбек дағдысынан туындады.
 Ересектер балалар өмірге қажетті негізгі амал-жолдарды үйретті: азық табу, үй
шаруасына қажетті заттарды даярлау, өзінен кішілерге қарау, киім-кешек даярлау
және т.б. балалар бәріне ортақ болды.
 Кіші балалардың тәрбиесімен қауымның әйелдері айналысты (олар балаға еңбектің
қарапайым түрлерін үйретті).
 Ересек балалар ер азаматтармен аң, балық аулауға машықтанады.
 Қыз балалар үй шаруасына көмектесті.
 Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар тіршілігінің басты шарты – еңбек
құралдарын жасау және оларды пайдалану болды.
 Кейіннен жағдай өзгереді. Қоғамның ыдырай бастауы және әлеуметтік жағдайының
күшеюі оларды қаталдыққа итермеледі. Адамды ұрып-соғу, жазалау қолданылды.
 Тәрбиенің ұжымдық дәстүрі «Жастар үйі» пайда болуына алып келді. Жастардың
тәрбиесімен рудың тәжірибелі қарттары айналысты. Олар жастарды: өмірге,
еңбекке, сынаққа дайындады.
 Біртіндеп еңбек түрі күрделенді (мал бағу, жер игеру, қолөнер дамыды), осыған
орай тәрбие де күрделеніп, көпжақты болды (Сурет).
Тәрбиенің Хат тануға үйренеді
бағыттары

Дін ережелерін меңгереді


Оқу-жазуға ерекше көңіл
бөлінеді

Халықтың ауызекі
Мінез-құлқының, жүріс- шығармашылығын
тұрысының дұрыс меңгереді (аңыз әңгімелер,
қалыптасуына мән беріледі ойындар, билер, музыка, ән
айту т.б.)

Әскери тәрбиенің
элементтерімен танысады
(садақ ату, найзаласу, салт
атпен жүру т.б.)
Алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, құлдық қоғам құрылды.

Құлиеленуші мемлекеттер ең алғаш ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, онда рухани мәдениеттің негізі қаланды.

Мемлекеттің құрылуымен қатар үстем таптың балаларына, әскери адамдарға арнап арнайы мектептер ашыла
Ежелгі Шығыс елдеріндегі

бастады

Мектеп пен тәрбиенің дамуына әртүрлі әлеуметтік , экономикалық, мәдени, этникалық, географиялық жағдайлардың
тәрбие және мектеп

әсері мол болды.

Тәрбие қоғамдық сипат ала бастады.

Мектепте жазуға, оқуға аса мән берілді.

Ежелгі Шығыс мемелекеттеріндегі мектеп пен тәрбие нақты тарихи, мәдени , адамгершілік, идеологиялық
құндылықтармен бірлікте дамыды.

Месопотамияның ежелгі қалаларында оқу орындары, парктер ашылып, ірі көпірлер салынды. Оқу орындарында:
философия, әдебиет, музыка, тарих, геометрия, география, математика оқытылды. Дін мәселесін меңгерді.

Ежелгі Египет мектептерінде сабақ ертеден кешке дейін оқытылды: әдемі жазуға, оқуға, іс-қағаздарын әдемі
толтыруға үйренді, математика, география , астрономия, медицина басқа халықтардың тілдері меңгертілді.

Ежелгі Индияның діни және ақсүйектер мектебінде элементарлық білім берілді, діни мектептердегі білімде діни
бағыт басым болды. Кейбір мектептерде философия, математика, медицина т.б. меңгертілді. Тәрбие ақыл ойды,
денсаулықты, руханилықты, дамытуды көздеді, әдемілікті қабылдауға, ұстамды болуға бағдарлады.

Ежелгі Қытай мектептеріндегі сабақтар қысқа да нұсқа өтті: сабақтың жеңілдігі оқытушы мен оқушы арасындағы
түсінушілік, оқушының дербестігі ескерілді. Оқытушы оқушыны әртүрлі тапсырмаларды өздігімен дербес шешуге
үйретті. Оқытудың басты мақсаты – иероглифті жазбаны меңгерту болды.
Өзінің мектебін ашты (3000 Ғылым мен білімнің Ежелгі Қытайдағы тәрбие мен
жуық бала оқыды) дамуына үлес қосты. білімдегі тәжірибені жетілдірді.

Оның идеясының негізінде


жалпы философиялық және Конфуцийдің
әлеуметтік көзқарас көрініс Тәрбиеде адамның табиғилығын
алды.
жаңалықтары
ескерді: «адамның табиғаты ең
қажетті материал , оны дұрыс
Ол тәрбиені – адамгершіліктің, пайдалану арқылы жан-жақты,
адам болмысының факторы оңды тұлғаны қалыптастыруға
ретінде қабылдады. болады».

Тәрбиенің күші қанша керемет болса Конфуций, (табиғатынан барлық


да, оның барлық мәселеге әлі жете адамның мүмкіндіктері бірдей
бермейтінін, бұл арада еместігін екенін атап көрсетті:
тұқымқуалаушылықтың да әсерінің «тумасынан дарыны барлар –
мол екенін ұмытпау керектігін білімді меңгереді, мемлекетті
ескертті. басқарады, ондай қабілеті жоқтар
қара жұмыспен айналысады».

“Тәрбиелі адамға” тән қасиеттерді атап көрсетті:


шынайылық, рухани мәдениеттілік, ақылдылық,
жаңалыққа талпынушылық, халыққа сыйлы болу,
мейірімділік, білімділік т.б.
Конфуцидің еңбектері

Әңгіме және ойлар «Әдет-ғұрыптар кітабы» - трактатында: «Білім туралы»


(Лунь юй): мұнда педагогикалық принциптердің, әдістер трактатында
философтың мен тәсілдердің жүйесі беріледі («егер дидактикалық
оқушылармен әңгімесі жеке басыңда кездескен жаман, ерсі идеяларға сипатама
беріледі (егер сен өзіңді қылықты дер кезінде түзеп отырмасаң, беріледі (тоғыз
жетілдіре алмасаң, уақыт өткен соң түзеу қиынға соғады», жылдық білім мен
басқаны қалай «Ақылды адам оқу барысында тәрбиенің
жетілдіресің?); шыңдалады, жетіледі, «уақыт өтіп бағдарламасы,
«Оқығаныңды әркез кеткеннен кейін алған білімнен, нәтиже мәндеттері
қайталап отыр» және т.б. болмайды», «Оқушы мен мұғалім бірге ұсынылады).
өседі» ) және т.б.
Ежелгі Шығыс мәдениеті Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді.

Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері


Антика (орталығы Афина) және Лакония (орталығы Спарта).
Әр мемлекетте тәрбиенің өзіндік жүйесі болды (спарталық, афиндық).

Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері - сол


мемлекеттердің саяси-экономикалық даму
ерекшеліктері мен мәдени дәрежесіне
байланысты.
Мәселен, екі мемлекетте де:
құлиеленушілер болды,
мектепте солардың балалары оқыды,
құлдарға сөйлейтін «құрал» ретінде қарады,
құлдарда бас еріктері болмады.
Спартадағы тәрбие жүйесі
7 жасқа дейін үйде тәрбиеленеді

7-18 ж. АГЕЛЛАМ - оқу орны. 18-20 ж. Эфебтар


Дене тәрбиесіне көңіл бөлінеді: мектебі: Әскери қызмет
шыдамдылық, аштыққа, төзімділікке атқарады (бекіністер
т.б. Әскери гимнастикалық құруға, әскери
жаттығулар: жүгіру, секіру, күрес, машиналар жүргізуге,
найзаласу, жекпе-жек, әскери әндер, теңіз, әскери тактиканы
музыка т.б. меңгеру, үйрену).

Тәрбиенің мақсаты – болашақ құлиеленушілерді құлдарға


қарсы қою, оларға жиіркенішпен қарауға, аямаушылыққа үйрету
(мысалы, түнгі жарық, құлдарды өлтіру т.б.).
Моральдық және саяси тәрбиеге көңіл бөлінді: мемлекет
басшысымен кездесулер, ерлік , шыдамдылық туралы әңгімелер
өткізу және т.б. Тәрбиеленушілер нақты, ықшам жауап беруге
үйретілді (лаконическая речь – ықшам сөйлеу).
Афинадағы тәрбие жүйесі
7 жасқа дейін үйде тәрбиеленеді
7-13 жасқа дейін – 13-14 жаста – 15-17 жаста – 18-20 жаста –
Грамматист және Палестра Гимназия Эфебтар мектебі.
Кифарист мектептерінде (күрес)мектебі. (ауқаттылардың Әскери және саяси
оқиды (ақылы). Жаттығудың балалары). Білім: тәрбие алды
Грамматист – оқуға, жазу, бессайыс түрімен: философия, саясат, (бекіністер құруға,
санау, әріппен оқу әдісі, жүгіру, секіру, күрес, әдебиет, гимнастика. әскери машинаны
санау : таяқ, саусақтар. найзалау, жүзу. Өздерін мемлекеттің жүргізуге, теңіз
Кифарист – әдеби білім, Көпшілігінің оқуы ісін басқаруға істерін, әскери
эстетикалық тәрбие, осымен аяқталады. даярлады. тактиканы
музыка, өлең, тақпақ. үйренеді).

Тәрбиенің мақсаты – құлиеленушілерге әскери-дене тәрбиесімен бірге білім саласынан мағлұматтар


беру, құлдарға жиіркенішпен қарауға, оларды «сөйлейтін құрал» ретінде пайдалануға тәрбиелеу.
Нақтырақ айтқанда: жан-жақты жетілген, ақыл- ойы толысқан, сыртқы түр-тұрпатына ішкі
жандүниесі сай – идеалды (идеальный) адамды тәрбиелеу (эстетикалық, ақыл-ой, моральдық, дене
тәрбиесі үйлескен).
Тәрбие жүйесінің бұлай күрделі болуы Афинаның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болды, атап
айтсақ:
Афинаның экономикасы Спартадағыдай тұйық, оңашаланған емес;
Құлдар жеке меншікке айналған;
Мәдениет қарқынды дамыды (б.э.д. V-IV ғ. Жаратылыстану, математика, тарих, өнер, әдебиет, сәулет
өнері, кескіндеме)
«Жан-жақты жетілген «оңды» (идеальный человек) адамды тәрбиелеуді» мақсат тұтты (ақыл-
ой, мінез-құлық, жоғары эстетикалық талғам, дене сымбаты және т.б.).
Ежелгі Грециядағы педагогикалық ойлар

Демокрит (460-370 б.э.д.) – философ, тәрбие мәселесіне


байланысты бірқатар пікір-кеңестер ұсынған.

Құнды пікірлері:
•Адам тәрбие барысында міндетті түрде үш қасиетті
меңгеруі қажет: «жақсы ойлай білу», «жақсы сөйлей білу»,
«жақсы жұмыс істей білу».
•Баланың тәрбиесімен ата-ананың айналысқаны жөн.
•Білім беруде, ең маңыздысы – меңгертілетін білімнің
санында емес, ой-өрісті (интеллектті) жетілдіруде, жан-
жақты тәрбиелеуде.
•Білім беру мен тәрбиелеудегі басты жетістік: білмейтінді
білуге талпыну, жауапкершілікті сезіну және т.б.
Сократ (469- 399 б.э.д.) – философ

Сократтың басты дидактикалық жетістігі – тәрбиешінің ойластырған


сұрақтары арқылы ақиқатқа жеткізетін диалектикалық пікірталас

Құнды пікірлері:
 Адамның адамгершілікті тұрғыда өзін-өзі жетілдіріп отыруына аса мән береді. Адам
ойының жақсылыққа, шынайылыққа, адамгершілікке бағытталуын талап етеді.
 Адамның табиғатынан мейірімді болуын қалайды. Оның ойынша: “өзін жақсы
білген адам өзіне керегін де, қолынан қандай іс келетінін, қандай іс келмейтінін де
жақсы түсінеді”.
 Табиғи қабілеті бар адам білім алуға құқылы екенін ескертеді. «Рухы мықты адам
білім алса, тамаша іскер, қайраткер болып шығады. Білімі жоқтар – ақымақ,
қыршаңқы адам болып қалады».
 «Әңгімелесу» әдісіне аса мән береді (сұрақ- жауап әдісі – сократтық әдіс). Өзінің
әңгімесімен халықты аузына қаратады.
 Платон: «Оны тыңдаған кезімде менің жүрегім бұрынғысынан да қатты соғады, ал
оның сөзінен көзімнен тоқтамай жас ағады; осындай көріністі мен басқалардан да
байқаймын» - дейді.
Платон (427-347 б.э.д.) – Сократтың шәкірті.

Ол Афинада оқу орнын (академия) ашады, академия 1000 жылдан астам жұмыс
жасайды. Бірыңғай философиялық ойларға негізделген тәрбие бағдарламасын
ұсынады және тәрбиенің қоғаммен байланысын ашып көрсетеді.
Платонның құнды идеялары:
 Тәрбие – адам өмірінің маңызды фундаменті (тірегі, негізі) деп түсіндіреді
(«Кім қандай бағытта тәрбиеленсе, оның болашағы да сондай болады»).
 Тәрбиені өте ерте жастан бастау қажеттігін ескертеді.
 Тәрбиеде афиндық тәрбие жүйесін қолдайды («Дене үшін – гимнастика, көңіл-
күй үшін – музыка”).
 Оқу бағдарламасынан еңбек процесін (түрлерін) алып тастауды ұсынады (дене
еңбегіне қарсы болады).
 Тәрбиенің әлеуметтік функциясын көтеруді қолдайды («Жан-жақты жетілген,
өзін-өзі, елді басқара алатын азаматты тәрбиелеу»).
 Платонның педагогикалық ойлары «Мемлекет», «Заңдар» деген
трактаттарында көрініс алады.
Аристотель (384-322 б.э.д.) –
Платонның өте жақын шәкірті

Платон өзінің философиялық ойларында ұстазының идеяларын дамытып қана қоймайды,


«Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат», - деп оның кейбір идеяларына өзінің
көзқарасын танытып отырады.

Қызметі мен құнды идеялары:


 Афинада Ликей оқу орнын ашады және оны 20 жыл басқарады.
 Платонның академиясында сабақ береді.
 А.Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын – үлкен империяның негізін қалаушы)
тәрбиешісі болды.
 Балалардың жас кезеңдерін ұсынады (туғаннан 7 жасқа дейін; 7-14 жас аралығы; 14-21
жас аралығы).
 Мектептің мемлекет қамқорлығында болуын талап етеді.
 Отбасы тәрбиесіне мән береді.
 Білім беру принципін ұсынды (табиғилық принципі, табиғатты сүйе білу принципі).
 Адамгершілік – моральдық тәрбиеге аса мән береді. Моральдық тәрбиенің 3 негізін
(табиғи нышан, моральдық дағды, сананы) дамыту керектігін ескертеді. Моральдық
тәрбиенің негізін қалауда отбасының рөлін жоғары бағалайды. Оның тәрбие
саласындағы пікірлері кейінгі дәуірлердегі педагогикалық ой- пікірлердің дамуына
септігін тигізді.
Ежелгі Шығыс мәдениеті Римдегі мектеп пен тәрбиенің дамуына
ықпалы зор болды.

Римдегі мектеп пен тәрбие


үш бағыттағы мектептерде жүзеге асады.

Элементарлық Оқу, сызу, жазу,


санау

Латын, грек тілі,


Грамматикалық риторика
Мектептер
Философия, заң,
грек тілі,
Риторикалық математика,
риторика
Кейін Рим империясының пайда болуына байланысты – грамматикалық мектептер мен
риторикалық мектептер – мемлекеттік мектептерге айналдырылды.
Бұл мектептердің мақсаты – императорлық билікке бағынған чиновниктерді даярлау болды.
Ежелгі Римдегі педагогикалық идеялардың дамуына:
Цицерон, Сенека, Плутарх, Квинтилиан үлкен үлес қосты.

Плутарх (б.э.д. 45-127жж.) сол дәуірдегі ірі ойшылдың бірі. Ол


отбасындағы тәрбие мен оқыту мәселесіне аса назар аударады.

Құнды пікірлері:
 Тәрбиенің негізі отбасында қаланатынын ескертеді.
 Бала тәрбиесімен әрбір ана өзі айналысуы қажет деген
көзқарасты ұстанады.
 Тәрбиеде жазалау әдісін пайдалануға қарсы болады (балаға қол
көтеру, періштеге қол көтерумен тең деп есептейді). Оның бұл
көзқарасы «Тәрбие туралы» трактатында баяндалады.
 Балаға сол кездегі Рим қоғамының талабына сай жан-жақты
білім беру идеясын ұсынады.
Рим философтарының тағы бір ірі тұлғасы - Квинтилиан Марк Фабий (42-118
ж.ж.б.э.д.). Оның идеялары Римнің мәдени мұраларына негізделеді.
Педагогикалық идеялары «Тілмарлыққа тәрбиелеу туралы» деген еңбегінде жан-
жақты мазмұндалады. Бұл еңбекте ол өзінің риторика мектебінде жинаған
тәжірибесін қорытындылайды.
Квинтилианның құнды пікірлері:
 Балалардың табиғи нышанын жоғары бағалайды (табиғатынан топас, қабілетсіз
бала сирек кездеседі дейді).
 Балалардың тәрбиені мектептен алуына, мұғалім тарапынан әр балаға көңіл
бөлінуіне аса мән береді.
 Мұғалімнің білімді, ұстамды болуын, адамгершілікті мәдени қарым-
қатынасымен балаларға үлгі көрсете білуін қалайды.
 Мұғалімнің қызмет жолында арнайы сатылардан өтуін талап етеді. Мысалы,
мұғалім өзінің алғашқы қызметін элементарлық мектептен бастап, кейіннен
біраз «үлгілі мектептерде» (жоғары сатыдағы) қызмет атқаруы керек.
 Балалардың тілін, сөйлеу дағдыларын (шеберлігін) ерте бастан дамытуды
ұсынады.
 Балаларды жағымсыз ортадан алшақ ұстау керектігін ескертеді.
 Музыка мен тілді оқытуға назар аударады (бұл баланың дұрыс, таза, әдемі
сөйлеуіне көмегін тигізеді).
 Білім берудің шыңы – шешендік өнерді (ораторлық өнер) меңгеру, деп есептейді
Квинтилианның педагогикалық еңбектері жоғары бағаланады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары
1. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі қандай?
Балалар мен жастарға арналған «Жастар үйінде» оқу мен
тәрбие қандай формада ұйымдастырылды?
2. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі мектеп пен тәрбиенің
дамуына қандай факторлар әсер етті?
3. Месопотамияның ежелгі қалаларындағы оқу орындарында
білім алған балалар қандай кәсіпті меңгерді?
4. Ежелгі Египеттегі мектеп ісінің өзіндік ерекшелігі немен
шектеледі? Оқыту мен тәрбиеге қандай талапт ар қойылды?
5. Ежелгі Индияның діни мектептерінде тәрбие мен білім қалай
жүзеге асырылады?
6. Конфуций идеясының педагогикалық мәні немен шектеледі?
Тапсырмалар
1. Ұлы ғұлама Конфуций өз шәкірттеріне: «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық
емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін адам», қайталауды өте
жақсы көрген. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
2. Спарталық тәрбие жүйесі мен Афиндық тәрбие жүйесіне салыстырмалы түрде
мазмұндық сипаттама беріңіз, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Платонның осы екі жүйені таңдауының себебін анықтаңыз.
3. Аристотельдің «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат» деген сөзінің
мәніне тоқталыңыз. Нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелеңіз. Өзіңіздің
көзқарасыңызды негіздеңіз.
4. Ежелгі Рим педагогі Марк Фабий Квинтилиан «Білімнің шыңы – шешендік
өнерді (ораторлық өнер) меңгеру» деп есептейді және осындай жоғары
нәтижеге оқыту жүйесінің көмегімен жетуге болады деп ескертеді. Өзіңіздің
көзқарасыңызды негіздеңіз.
5. Орта ғасырдағы Византиядағы педагогикалық ойлардың даму кезеңдерін
қарастырыңыз. Византиялық философ-педагогтардың идеяларына сипаттама
беріңіз.
6. Ежелгі Римдегі элементарлық, грамматикалық, риторикалық мектептердің
ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз. Қандай жетістіктерін бүгінгі
мектептерде пайдалануға болатынын анықтаңыз.
Әдебиеттер:

1. Әбенбаев С.Ш. Педагогика, Алматы, 2018


2. Иманбаева С., Таубаева Ш. және т.б.
Педагогика, Алматы, 2017
3. Коджаспирова Г.М. Педагогика. М., 2012
4. Жампеисова К., Хан Н.Н. Педагогика,
Алматы, 2017
5. Джуринский А.Н. История зарубежной
педагогики. М., 2011
Балаларға күнделікті тіршілікке қажетті
амал-жолдар үйретіледі

Үй шаруасына қажетті заттарды даярлау


Амал-жолдар

Азық табу

Өзінен кішілерге қарау

Киім-кешек даярлау

You might also like