You are on page 1of 27

5-тақырып.

Қазақстандағы тәрбие, мектеп


және педагогикалық ойлар
(VI-XVII ғғ.)

Лектор:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Ұзақбаева Сахипжамал Асқарқызы
Жоспар:

1. Қазақ халық тәрбиесінің мазмұндық


сипаты.
2. Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері
мен медреселері және олардың мазмұны,
оқыту әдістері.
3. Қазақ ойшылдарының педагогикалық
идеялары
4. Қазақ ақын-жыршы-жырауларының
тәлімдік идеялары.
«Тәрбие»

бұл қоғамдық құбылыс, ол


адамзат қоғамымен бірге
жасап, бірге дамып келеді. Ол
қоғамдық өмірдің үздіксіз
категориясы, адамдардың іс-
әрекетінің ерекше бір түрі,
мәдениетінің бір бөлігі.
«Халық педагогикасы» дегеніміз

ғасырлар бойы ұрпақтан –ұрпаққа


ауызша түрде беріліп отырған,
халық шығармашылығы мен әдет
–ғұрыптары, салт-дәстүрлерінде
көрініс алған халықтың
педагогикалық білімі мен
тәрбиесіндегі тәжірибесінің
жиынтығы.

Бұл ұғымның авторы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Ұзақбаева Сақыпжамал Асқарқызы
Халық педагогикасының мақсаты - жан-жақты кемелденіп, жетілген
(«Сегіз қырлы, бір сырлы») адамды тәрбиелеу.

Халық педагогикасының міндеттері:


 баланы еңбекке ерте жастан баулу;
 ақыл- ойды дамыту;
 танымдық қабілетті жетілдіру;
 жағымды мінез-құлықты, моральдық ерік –жігерді қалыптастыру.
 денсаулықты сақтауға дағдыландыру;
 адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
 ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
 ата –баба дәстүрлері мен әдет –ғұрыптарын, ұлттық дүниетанымды,
ұлттық мінез – құлықты меңгерту.
 көркемдік-эстетикалық талғамды дамыту;
 шыққан тегін, жеті атасын ес білгеннен үйрету.
Халық тәрбиесінің әдістері

Баланың сана- Баланың мінез-құлқын Баланың іс-әрекеті Баланың өзін-өзі


сезімін қалыптастыру мен мен мінез-құлқын тәрбиелеу және өзін-
қалыптастыру қоғамдық іс-әрекетін ынталандыру әдістері өзі бағалау әдістері
әдістері ұйымдастыру әдістері

түсіндіру; көрсету, үйрету; ескерту; өзін-өзі бақылау;


әңгімелеу; жаттықтыру; қолдау; өзіне-өзі талап қою;
үлгі-өнеге көрсету; тапсырма беру; мақтау, алғыс айту; өзіне-өзі талдау
сенім арту; жігерлендіру; ризашылық білдіру; беру;
әңгімелесу; ренжу (реніш жазғыру; өзін-өзі сендіру;
пікірлесу; білдіру); мадақтау; өзі-өзі міндеттеу;
сендіру; наразылық білдіру; марапаттау; өзін-өзі сынға алу;
кеңесу; тиым салу; бата беру (оң бата, өзіне-өзі есеп беру;
ақылдасу; келекелеу; теріс бата); өзін-өзі
пікіралмасу; ашулану; тілек тілеу; ынталандыру;
тұспалдап айту және бұйыру; жазалау және т.б. өзін-өзі қолдау және
т.б. алдау және т.б. т.б.
Халық педагогикасының принциптері:
 тәрбиенің табиғилығы;
 тәрбиенің мақсаттылығы;
 тәрбиенің өмірмен байланысы;
 сана-сезім мен мінез –құлықтың бірлігі;
 еңбек арқылы тәрбиелеу;
 тұлғаны ұжымда тәрбиелеу;
 бала тұлғасына деген силастықтың оған қойылатын талаптармен сәйкестігі;
 баланың жас және дара ерекшелігін ескеру;
 педагогикалық ықпалдың сабақтастығы мен жүйелілігі .

Халық педагогикасының заңдары:


1. «Жеті жарғы» (Тәуке ханның) заңдары;
2. Ұлттық әдеп заңдары
3. Тыйым заңдары
4. Шариғат заңдары (тәрбиеге байланысты)
5. «Жеті ата» заңдары
6. Туысаралық қатынас заңдары (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
7. Ұлттық салт-дәстүрлерде көрініс алған кейбір заңдар.
Тәрбиеге ықпал ететін факторлар:
• тұқымқуалаушылық (биологиялық ұқсастықтар: дене бітімінің ерекшеліктері, нерв
жүйесінің ерекшеліктері, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері);
• орта (әлеуметтік орта: қарым-қатынас, тұрмыс салты, дәстүрлер, дін, өнер, сөз, ғұлама
тұлғалар өнегесі, саяси, экономикалық жағдайлар;географиялық орта: табиғат.
• тәрбие (адамның мақсаттылықпен дамуын қамтамасыздандырады, тұқымқуалаушылық пен
ортаның ықпалына белсенді әсер етеді).

Халық педагогикасының құралдары:

 Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы (мақал-мәтелдер, қаламақ-санамақтар,


жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, эпостар, аңыз-әңгімелер және т.б.)
 Халықтың музыкалық шығармашылығы (халық әндері, күйлері (төкпе, шертпе);
 Халықтың сәндік-қолданбалы өнері (ою-өрнек өнері, киіз басу, сырмақ сыру, ши тоқу,
алаша, кілем тоқу, кесте тігу, ағаш өнері, теріден, темірден, сүйектен тұрмысқа қажетті
заттар, бұйымдар жсау, киім тігу, тас қажау т.б. қолөнер түрлері);
 Ұлттық ойындар (тұрмыс –салт ойындары, спорттық ойындар, интеллектуальдық
ойындар).

Тәрбиені ұйымдастыру формалары:


 балалар мен жастардың еңбек бірлестіктері;
 жастар мерекелері;
 халықтың дәстүрлі мерекелері (Діни мейрамдар: ораза айт, құрбан айт; Маусымдық той
мерекелері: Наурыз, қымызмұрындық, сабантой, соғым басы, бие байлау, жүн қырқу
(қырықтық), күйек байлау, уыз қағанақ және т.б.).
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі
болып табылады. «Этнопедагогика» деген ұғымды (термин) ең
алғаш 70-ші жылдары Чуваш халқының педагогы Геннадий
Никандрович Волков педагогика ғылымына ендірген.

Этнопедагогиканың зерттеу пәні –халықтың педагогикалық тәжірибесі.

Этнопедагогиканың міндеттері:
• Халықтың педагогикалық түсініктерін, бала тәрбиелеуде негізге алған
заңдарын, заңдылықтарын, принциптерін, ереже қағидаларын;
• Халықтың педагогикалық ойлары мен дүниетанымдық көзқарастарын;
• Халық дәстүрлерінің тәрбиедегі педагогикалық мүмкіндіктерін;
• Халық тәрбиесінің мақсат- міндеттерін, әдістері мен құралдарын;
• Тәрбиеге ықпал етуші факторлар мен тәрбиені ұйымдастыру
формаларын;
• Ғұлама ойшылдар мен ағартушылардың халық тәрбиесі туралы
көзқарастарын және т.б. зерттеу болып табылады.
Этнопедагогиканы ң басқа ғы лы м салалары мен байланы сы

ЭТНОПЕДАГОГИКА

Этнософия Этнофилософия
(фольклорда көрініс (ұлттық
алған халық дүниетанымдық
даналығын көзқарасты
зерттейді) зерттейді)
Этномәдениет Этнография
(ұлттық рухани (халықтың тұрмыс
мәдениетті мәдениетін
зерттейді) зерттейді)
Этнология * Этнопсихология
(халықтың өмірін, іс- (ұлттық сана, ұлттық
әрекетін, тіршілігін мінез-құлық, ұлттық
зерттейді) сезім т.б. зерттейді)
Діни мектептер мен медреселер

Орта ғасыр (VII-VIIIғғ.) діни мектептер мен медреселер

Діни мектептер Медреселер


(мұсылмандық бастауыш оқу (діни жоғары оқу орындары)
орындары)
1. Ислам дінін уағыздайтын діни
мектептер үшін молдалар мен сопылар,
1.Балалар қыс, күз шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары
айларында (жылына 4 немесе 6 лауазымды дін қызметкерлері
ай бойында) білім алды. даярланды.
2.Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 2. Оқушылар мынадай пәндерді меңгерді:
жастан бастап қабылданды. 3. Құран жолын үйрететін пәндер; Заң;
3.Оқу ақысы заттай төленді. Тарих; Логика; Риторика; География;
4.Оқушылар емтихан Философия; Математика; Астрономия;
тапсырмады, бітіргені туралы Медицина т.б.
куәлік берілмеді. 4. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің
5.Оқушылар араб әріптерін алғырлығына, үлгерім қабілетіне қарай
үйреніп, араб тіліндегі құран ұзарып, не қысқарып отырған.
сөздерін жаттады. 5. Кейде оқу мерзімі 15-20 жылға
созылған.
6.Оқу бітірген шәкірттерге куәлік ресми
түрде табыс етілген.
Қазақ даласының ұлы
ойшылдары (ІХ-ХІІ ғ.ғ.):
Қорқыт, Әл-Фараби; Жүсіп
Баласағұн, Ахмет Иассауи.
Олардың идеялары формалары мен мазмұны жағынан
халық тәрбиесі идеяларымен тығыз байланысты.
Оны ойшылдардың өзіндік дүниетанымы,
шығармаларының тәлімдік мазмұны дәлелдейді
• Қорқыт – ежелгі түркі тайпаларының
ІХ-Х ғасырларда Сыр бойында ғұмыр
кешкен ұлы ойшылы, философы,
жырауы, қобызшысы және «Кітаби
Қорқыт» жырларын тудырған үлкен
эпос жыршысы. Оның «Қорқыт ата
кітабы» тек Қазақ халқының ғана
емес, Орта Азия мен Әзірбайжан
халықтарының да, аса көрнекті жазба
ескерткіші.

Қорқыт Қорқыт ата кітабы кіріспеден және он екі


жырдан тұрады. Онда оғыздардың ауызбірлігі,
достық қарым-қатынасы, ерлік істері, салт-
дәстүрлері, адамгершілік көзқарастары
мазмұндалады.
• Қазақ ойшылдарының ішіндегі
ең ірі тұлғалардың бірі, сол кездің
өзінде-ақ Аристотельден кейінгі
«екінші ұстаз» атанған, білім-
ғылымның барлық саласында
қайталанбастай өшпес мұра
қалдырған – Әбу Насыр әл –
Фараби. Ол 870 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысы Отырар
қаласында дүниеге келген. Оның
Оны ұлы ойшылдың еңбектерінің мазмұны адамгершілік
«Бақыт жолын сілтеу», тәрбиесіне, оның тұлға
«Адамзаттық саясат», «Ізгі қалыптастырудағы рөліне, адамның
қала тұрғындарының
көзқарасы», «Поэзия өнер
тұлға болып қалыптасуына қажетті
туралы», «Әлеуметтік- моральдық-этикалық, эстетикалық
этикалық трактаттар», қажеттерге, педагогикалық іс-
«Ақылдың мәні туралы» әрекеттің күшіне, ақыл-парасаты
және т.б. еңбектері жоғары адамды тәрбиелеудегі
дәлелдейді. мүмкіндіктеріне бағытталады..
• Жүсіп Баласағұн (1015-1016)жж.
қазіргі Шу өзенінің бойындағы
Баласағұн, кейде Қыз Орда деп
аталатын қалада дүниеге келген
Оның есімін әлемген танытқан
«Құтты білік» кітабы - сол
замандағы түркі халықтарының
тілінде жазылған алғашқы
энциклопедиялық еңбек. Бұл
еңбектің педагогикалық
құндылығы – мұнда халық
тәрбиесінің өзекті мәселесі -
рухани адамгершілік қасиеттер,
гумандық көзқарастар
жырланады:
• Қожа Ахмет Иассауи 1103 ж.
Испиджаб (Сайрам) қаласында
дүниеге келген, мұсылман
әлеміндегі ғұлама ойшылдардың
бірі, ақын, сопы, философ.

• Иассауидің рухани-гуманистік
бағытта жазылған «Диуани
Хикмет» (Даналық кітабы) атты
еңбегінде көрініс алған ақыл-
өсиеттер халықтың бала
тәрбиесіне, соның ішінде
адамгершілік, моральдық-
этикалық тәрбиесіне қойған
талап-тілектерімен үйлесімді
үндестіріледі.
Ақын - поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма)
ауызша айтып, жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік
талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

Жыршы – ақын емес, ол негізінен дайын өлең, жырларды айтып


таратушы. Жыршылардың қайсыбір өнерпазы өлеңді өзінше өңдеп,
суырыпсалма түрінде де айта білген. Жыршыда есте сақтау қасиеті мен
музыкалық есту қабілеті, құлаққа жағымды дауысы мен артистік қабілеті
ерекше дамыған.

Жырау дегеніміз – суырыпсалма қасиеті бар ақын, ол өлең, жыр,


толғауларды жанынан шығарып айтады. Олар эпикалық шығарманың
адамгершілік мағынасын жоғары көркемдік талғаммен ұсына отырып,
тыңдарманының психологиялық көңіл-күйіне әсер етеді.
Қазақ эпосында жыр мазмұнын баяндаудың өзіне тән дәстүрімен бірге,
музыкалық орындаушылық дәстүрі де қатар қалыптасқан.
Асанқайғы - ақын XV
ғасырда өмір сүрген.
Өзінің жыр, толғаулары мен
нақыл сөздерінде сол кездегі
қоғамның танымдық
көзқарасына, мінез-құлқына
аса мән береді, халықтың
мұңын мұңдап, жоғын
жоқтайды.
Қазақ Ордасы құрылған кезде
Асанқайғы сол елдің бас
ұраншысы, халықтың
ақылшысы, ханның мақсат-
мүддесін қолдаушысы болды.
Қазақ ақын-
жырауларының ішінде
ірі тұлғаның бірі -
Шалкиіз Тіленшіұлы
(1465-1560).
Оның шығармалары
рухани-адамгершілік,
әлеуметтік-тұрмыстық,
моральдық-мінез-
құлықтық мәселелерді
қарастырады.
Ақтамберді жырау
(1675-1768жж.)
Жырларында халықтың
күнделікті тыныс-тіршілігі,
дүниетанымы, ой-арманы,
мінез-құлқы, әдет-ғұрыпы,
салт-дәстүрлері, мақсат-
мүддесі көрініс алады.
Жастарға достық қарым-
қатынас, мінез-құлық
мәдениеті, Отан алдындағы
парызы, борышы туралы
ақыл-кеңестер беріледі.
Бұқар жырау Қалқаманұлы
(шамамен 1668—1781жж.), қазақтың
ұлы жырауы,
атақты Абылай ханның
ақылшысы.
Абылай ханның саясатын, беделін,
даңқты, әділетті істерін, адами
тұлғалық қасиеттерін, ерлік істерін,
салтанатын мадақтайды.
...Елін, жерін жаудан қорғаған
батырлардың ертік істерін жырлайды.
Адамның жастық шақтағы думанды
күндерінен, психологиялық көңіл-
күйінен көрініс береді. Адамның жас
кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін
жырға қосады және т.б.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары

1. «Халық тәрбиесі», «Халық педагогикасы», «этнопедагогика»


ұғымдары туралы сіздің түсінігіңіз қандай?
2. Халық педагогикасының бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі
қандай?
3. Халық педагогикасының заңдары мен заңдылықтары дегенді
қалай түсінесіз?
4. Халық тәрбиесінің әдіс-тәсілдерінің қандай түрлерін білесіз?
5. «Этнопедагогика» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына
ендірген Г.Н.Волковтың қандай ғылыми еңбектерін білесіз?
Атаңыз.
6. «Этнопедагогика» пәнінің мақсаты мен міндеттері немен
шектеледі?
7. Орта ғасырда қазақ жеріндегі діни мектептер мен медреселер
туралы не білесіз?
Тақырыпты пысықтау сұрақтары
1. «Халық тәрбиесі», «халық педагогикасы», «этнопедагогика»
ұғымдары туралы сіздің түснігіңіз қандай?
2. Халық педагогикасының бала тұлғасын қалыптастырудағы
рөлі қандай?
3. Халық педагогикасының заңдары мен заңдылықтары
дегенді қалай түсінесіз?
4. Халық тәрбиесінің әдіс-тәсілдерінің қандай түрлерін
білесіз?
5. «Этнопедагогика» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына
ендірген Г.Н. Волковтың қандай ғылыми еңбектерін білесіз?
Атаңыз.
6. «Этнопедагогика» пәнінің мақсаты мен міндеттері немен
шектеледі?
7. Орта ғасырда қазақ жеріндегі діни мектептер мен
медреселер туралы не білесіз?
Тақырыпты пысықтау сұрақтары
1. «Қорқыт ата кітабының» мазмұндық ерекшелігі неде? Кітапта
әйелдер бейнесі қалай суреттеледі?
2. Әл Фарабидің тәрбие туралы айтқан идеяларының мәні неде?
Идеяларының бүгінгі тәрбиедегі рөлі қандай?
3. Ж.Баласағұн «Құтты білік» кітабында ата-аналарға бала тәрбиесі
туралы қандай ақыл-кеңестер береді?
4. А.Иассауидің Түркістан қаласындағы кесенесі туралы не білесіз?
5. Асанқайғы туралы қандай аңыз-әңгімелерді білесіз?
6. «Ақын», «жыршы», «жырау» ұғымдарының бір-бірінен
айырмашылығы қандай?
7. Ақын-жырау Шалкиіздің поэзиясы туралы жазушы М.Мағауиннің
пікірі қандай? Пікірімен сіз келісесіз бе?
8. Ақтамберді жырау толғауларының тәрбиелік мүмкіндіктері қандай?
9. Бұқар жырау ұсынған жас кезеңдерінің еркшелігі неде? Сіздің
көзқарасыңыз қандай?
Тапсырмалар

1. Ғалымдардың «халық педагогикасы», «этнопедагогика» ұғымдарына берген


анықтамаларын жинақтап топтастырыңыз№ мазмұндық сипаттама беріңіз.

2. Бүгінгі Қазақстанда бар діни медреселерді анықтаңыз, топтастырыңыз, білім беру


жүйесіне тоқталыңыз.

3. «Қорқыт ата кітабындағы» құнды педагогикалық идеяларды тәрбие бағыттары


бойынша жүйелеп, кестеге түсіріңіз және бүгінгі тәрбиедегі мүмкіндіктеріне
тоқталыңыз.

4. Әл Фарабидің: «Адам ғылымның қай саласын жете меңгерсе, сол сала бойынша
үлкен беделге ие болады. Беделді адамның пікір ешбір даусыз қолма-қол
қабылданады, орынсыз дәлелдеуді қажет етпейді. Мұндай беделге адам жылдар
бойы жинаған тәжірибесінің арқасында ұлғая келе жетеді және ілгерідегі ой-
қорытындыларымен нығая түседі» деген сөзіне талдау беріңіз. Бүгінгі өмірден
мысалдар келтіре отырып өз көзқарас-пікіріңізді негіздеңіз.

5. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» кітабында «ғылым», «білім», білімнің тұлғаны


дамытудағы рөлі туралы айтқан пікірлерін жинақтап, кестеге түсіріңіз. Олардың
бүгінгі таңдағы көкейкестілігін деректі материалдарды тірек ете отырып негіздеңіз.
Тапсырмалар
6. Баласағұнның: «Білімді-аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз-көп, ақылдыны таптаған.
Ақылсыздар білім сырын қайнатар
Білімсіздер халықты кеп жайратар» – деген өлең жолдарымен не айтқысы
келгенін негіздеңіз. Мұндай көрініс бүгінгі таңда бар болатын болса, деректі материалдарды
пайдалана отырып мазмұндаңыз.

7. А.Иассауидің Түркістандағы мавзолейінің тұрғызылуы туралы мәліметтерді жинақтаңыз.


Мавзолейдің өзіндің құрылымдық ерекшелігіне және «екінші Мекке» аталу себебіне тоқталыңыз.
8. Асанқайғының нақыл сөздері мен философиялық толғауларын зерттеп зерделеңіз, ағартулышылық
бағытына қарай топтастырыңыз. Бүгінгі ағарту ісінің талаптарын негізге ала отырып, талдау беріңіз.

9. Шалкиіздің: «Жаманнан туған жақсы бар,


Адам айтса нанғасыз,
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз,» – деген өлең жолдарындағы топшылаңыз. «Жаман
адам», «жақсы адам» ұғымдарының мәніне түсінік беріңіз. Шалкиіз жырау толғауларының бүгінгі
таңда өзінің көкекестілігін жоғалтпағанын деректі материалдардың негізінде дәлелдеңіз.

10. Бұқар жырау толғауларындағы педагогикалық иеяларды тәрибенің бағыттары бойынша


топтастырып, мүмкіндіктерін анықтаңыз. «Бұқар жырау толғаулары және патриоттық тәрбие»
тақырыбына диспут бағдарламасын құрыңыз.
Әдебиеттер:
1.Қалиев С.К. Этнопедагогиканың
теориялық негіздері. Алматы, 2008.
2.Ұзақбаева С.А. Қазақ халық
педагогикасы: оқу құралы. - Алматы.
"Глобус" баспасы, 2013-468 бет.
3.Ұзақбаева С.А. Этнопедагогика, оқу
құралы. Алматы, 2019.
4.Жарықбаев Қ.Б. Қалиев С. Қазақ тәлім-
тәрбиесі. Алматы. «Санат», 1995.

You might also like