You are on page 1of 18

Аблай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері

университеті

Концепт және оның түрлері

Есеналиева Жанар Жорабековна


ЖОСПАР
• КІРІСПЕ БӨЛІМ
• Тіл білімінде «концепт» терминінің қалыптасуы мен дамуы
• НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• «Концепт» терминінің тіл білімінде зерттелуі
• Концептуалдық талдаулар
• ҚОРЫТЫНДЫ
• ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІ
Концепт

Концепт дегеніміз - этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан -


ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени
құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.
Лингвокогнитивтік аспектіде
Концепт - ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып тұжырымдалған ақпараттары
(денотатты, стереотипті, ассоциативті, ситуациялардың қабылдануы) мен когнитивтік
семантикасы арқылы танылған көрінісі (Е.Н. Кубрякова, А.Вежбицкая).
Психолингвистикалық аспектіде
Концепт- ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру,
есту, ұғыну, сезу) арқылы қабылданған алғашқы ментальді түсініктер ретінде
танылады ( Р.И. Павиленис, Дж.Келли, Дж.Каган).
Лингвомәдениеттанымдық аспектіде
Концепт-ақиқат дүниенің санадағы ұлттық- мәдени, рухани, этикалық, әлеуметтік
танымын айқындайтын бірлік (Н.Д. Арутюнова, А.М. Мороховский, Д.С.Лихачев т.б.)
Тіл білімінде "концепт" терминінің
зерттелуі
Тілді когнитивтік тұрғыда зерттеу әлемдік тіл білімінде
М.Минский, Г.Филлмор, Дж.Локофф, Э.Кассирер,
Б.С.Мейлах еңбектерінде көрініс тапқан.
Концепт - когнитивтік лингвистика ғылымының басты
категориясы. Концепт мәселесіне кешенді түрде зерттеу
жүргізген ғалымдар- В.Телия, В.Маслова, Д.Лихачев,
А.Вежбицкая, В. Колесов.
Қазақ тіл білімінде "концепт"
терминінің зерттелуі
• Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл
бөліп зерттеу нысанына айналдырған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.
Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ф. Қожахметова, Р.
Сыздық, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, Г.
Гиздатов, Қ. Жаманбаева, И.Айбарша, А.Салқынбай, Н. Аитова, А.
Әмірбековалар, Қ.Қайырбаева т.б. зерттеушілер бұл мәселені
этнолингвистика, лексикология, когнитология, лингвомәдениеттану
салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде.
Концепт Ұғым
- ұлттық танымдағы -энциклопедиялық
ерекшеліктерге байланысты ақпарат береді;
қалыптасқан ментальдік
құрылым; - ғылыми білімнің
нәтижесін береді;
- туған тілдің бойындағы
ұлттық сипатты, ұлттық - сөздің ментальді
рухты тануға негізделеді; түсінігі.

- сөздің әмбебап мәдени


түсінігі.
КОНЦЕПТІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ІШКІ
ҚҰРЫЛЫМЫ

• ФРЕЙМ, СХЕМА
• СИМВОЛ, СКРИПТ
• АССОЦИАЦИЯ
• СТЕРЕОТИП
• ОЙ СУРЕТ
• СЦЕНАРИЙ
Ассоциация

• Дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда болатын


ментальді сигналдар, білім алудың бір тәсілі.

• «ЖОЛ» (тратуар,рельс,өмір жолы,мақсат жолы,арман жолы)


• «КӘРІЛІК» (ескеру,мүжілу,алжу,ақ бас шал)
• «САҒЫНЫШ»(аңсау,күту,көз жасы)
«САҒЫНЫШ» концептісі аңсау, құшу ассоциациясымен танылады.

Ұмыттым қазір әнімнің бәрін,


Сенен де сұлу лағылдың барын.
Елтірер мені
Ерітер мені
Көзіңнің отын сағындым жаным
Бұрылыс
тротуар

Жол
Рельс
Өмір жолы
Қазақтың ұлттық танымында “жол” сөзінің
қолданылуы
• "Жолы болған мергендей", " жолы болар жігіттің жеңгесі шығар
алдынан", "айы оңынан туып, жолы болды« "жолың болсын"
- қазақ танымында бұл тілек, ниет үлкен мәнге ие. Мұнда ақ жаулықты
аналардың, асқар тау аталардың, жанашыр жандардың ұлдарын,
жақындарын сапарға шығарып салғандағы бүкіл бір жан-дүниесі жатыр;
• "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы"
- ұлылардың салып кеткен жолы, заңы;
• "қыз жолы"
- өмірдегі ең қиын жол, кейде бақытқа толы, енді бірде қайғы мен қасірет
жарыса келген азапты жол;
Стереотип
• Нақты бір феноменге қатысты коцептіні түсіндірудегі оның ішкі
валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын
ментальді- тілдік құрылым.
"Жол" концептісі
"ұлы мақсат жолы", "өмір жолы"
деп стереотип болып танылады.
Символ Схема
Ойдағы дүниені Когнитивтік санада сыртқы
танытуды, қиялдың сигналдар мен ішкі сезімдер
күші жетпей дәл нақты көмегі арқылы жинақталған
бейнелеуді қажет ақпараттарды бір құрылымда
ететінді, рационалды
таныту тәсілі.
ойды таңбалауды.
"Жол" сөзін танытудағы символ "Сағыныш" концептісі "сарғаю", "
"күрес жолы", азап жолы" өз- өзін жұбату"
ретінде схемалық құрылымда
танылады.
Ой сурет Сценарий
• санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің
Концепт қалыптастыру операциясының ең
бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай күрделі формасы.
өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы, Концепт құрайтын элементтерді санада
концептілік жүйенің құрылымдық метафоралау, яғни суреттеу тәсілі.
элементтерін танытатын қарапайым түр. "Сағыныш"
концептісі "сағыныштың адамға әсері, яғни
• Кәрілік ұғымы үлкею, ақыл беру, даналық мазасы кету"
сияқты ұлттық эталондармен өлшенеді. Сағынышым жүр мазамды кетіріп,
Сағынышсыз сүрген өмір өтірік!
Фрейм
• - санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің бірінен кейін
бірінің жүйелі ,тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар
жинағы,концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін
танытатын қарапайым түр.
• Кәрілік концептісінің фреймдік
құрылымы:”сақал”,”шал”,”алжу”.
• Сағыныш концептісінің фреймдік
құрылымы:”аңсау”,”сағыну”,”жабырқау”.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• 1. Қайдаров Ә. Этнолингвистика//Білім және еңбек. –1985. – №10.
• 2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997. – 224 б.
• 3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. –№ 4, 2001, –Б. 39-44бб.
• 4. Смағұлова Г.Н. Көркем мәтін лингвистикасы : оқулық /, Алматы: Триумф, 2007.-150 б.
• 5.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-
мәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс. –Алматы, 2004. -228 б.
• 6.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев
поэзиясы бойынша): филол. ғыл. канд. ... дисс. автореф. – Алматы, 2006. – 30 б.
• 7. Қаирбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні.
• 8. Есіркепова К.Қ. Қанапина С.Ғ. "Мақал мәтел тіліндегі концептілік құрылымдар" .- Қостанай. ҚМПИ, 2011.
• 9. Бекбосынова А.Х. "С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеу". Ғылыми монография. Қостанай. ЖШС. «Центрум»,
2014. – 152 б.
НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

You might also like