You are on page 1of 18

ХІХ ғасырдағы Салыстырмалы-

тарихи тіл білімі


Салыстырмалы-тарихи тіл білімі -
туыстас тілдерді зерттейтін,
туыстық жақындықтарына қарай
оларды түрлі семьяға, топқа
жіктейтін, олардың тарихын,
тараған аймақтарын
айқындайтын ғылым.
Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп
отыратын тарихи құбылыс деп таныды, тілдер өзара
туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды
ашуға, зерттеуге салыстырмалы- тарихи әдісті қолданудан
бастады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс
XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға
бастайды. Әрине, жаңа қалыптасуы
заманнан
әдістің басталатын лингвистикалық ой- пікір дамуының
ежелгі
заңды, табиғи нәтижесі. ХҮІІІ ғ. соңғы
- жартысы мен XIX
ғ. алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны,
бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Осы у а қ ы т т а р д а әр е л д е с а л ы с т ы р м а л ы - т а р и х и ә д і с
негізінде жазылған бірнеше еңбектер жарық көрді.
Осының негізінде салыстырмалы- тарихи тілб і л і м і
қалыптасты
Салыстырмалы- тарихи әдісті
қалыптастырушылар
Франц Бопп
(1791-1867)

Франц Бопп Майнц қаласында туған. Гимназияда


оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне
еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин
университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл
білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның
ең басты еңбегі -"Санскрит, зенд, армян, грек, латын,
литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің
салыстырмалы грамматикасы". Бұл еңбек үш томнан
тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861
жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары
үшінші рет басылды.
Салыстырмалы- тарихи тіл біліміне қосқан
үлесі
 1816 ж. Ф.Боптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын,
парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра
зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді.
Ғалым 1833-1849 жылдар арасында "Үнді-Еуропа тілдерінің салыстырма
грамматикасын" жазды. Ф.Бопптың бұл еңбегіне Панини еңбегінің әсері тиген.
Ф.Бопп негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы
соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз
болмайды. Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл
білімінің негізін салушы деп саналады.
Расмус Кристиан Раск
(1787-1832)
Расмус Кристиан Раск Копенгаген
университетінде оқыған. 1823 жылдан
бастап осы университеттің профессоры.
Ол 20-шақты тілді білген, испан,
италян, француз, көне ағылшын, швед,
т.б. көптеген тілдердің грамматикасын
жазған. Расктің тілдер фактілерін
салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі
«Ежелгі солтүстік тілдері және неміс,
исланд тілдерінің шығуы туралы
зерттеулер" деп аталады. Бұл еңбегінде
автор гот (герман) тілдерінің латын,
грек тілдерімен туыстастығын
дәлелдейді.
Салыстырмалы- тарихи тіл
біліміне қосқан үлесі
 Расмус Раск өзінің 1818 жылы басылып шыққан
"Исланд тілінің шығу тарихы" атты еңбегінде тілдер
туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-
жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бір- біріне
ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір
тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл
туыстығының белгісі - олардың грамматикалық
жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір
тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды
шығарды. Тілдер туыстастығының бір кепілі -
дыбыстар
екінші алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік
қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы
тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық
тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.
Якоб Гримм (1785-1863)
Якоб Гримм қаласында
Ганау туған. Кассель қаласындағы
лицейде, Марбург
университетінің
кейін заң факультетінде
оқыған. Бірақ ол филология мен
әдебиет маманы болды. Ол Геттинген,
кейініректе Берлин университтетерінің
профессоры болған.
Оның ең негізгі лингвистикалық
еңбегі төрт томнан тұратын "Неміс тілі
грамматикасы". Мұнда бүкіл герман
тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда
салыстыра зерттейді. Бұл еңбек
салыстырмалы-тарихи тіл білімінің
теориялық жағынан да, практикалық
жағынан да ілгері дамуына зор әсерін
тигізді.
Салыстырмалы- тарихи тіл біліміне қосқан
үлесі

 Якоб Гриммның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты


еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс
тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі
диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын
басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.
 Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму
тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың
баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп,
тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте
дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.
 Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын,
тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса
айтты. Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-
тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі
ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы
грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады.
Салыстырмалы- тарихи тіл біліміне қосқан үлесі

 Якоб Гриммның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты


еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің
қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді
бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен
қатар қоя қарау арқылы айқындайды.
 Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің
тарихын
даму зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың
баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп,
тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте
дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.
 Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің
қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты.
Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл
білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады.
Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының
негізін салушы деп жоғары бағалады.
Александр Христофорович Востоков (1781-1864)

А. Х. Востоков Петербург
көркем өнер академиясын бітірген.
Жас кезінен фольклорлық
шығармалар жинап бастырумен
шұғылданған. Лингвистикалық
еңбектері ішінде ең көрнектілері:
“Славян тілдері жөніндегі
пікірлер” (1820 ж), “Орыс
грамматикасы”
тілі (1831
ж); “Шіркеулік славян тілі сөздігі”
(1843 ж) дейтін еңбектері. Востоков
славян тілдерінің өзара жақындық
дәрежесін ашуға тырысады.
Салыстырмалы- тарихи тіл біліміне қосқан үлесі
Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне
айналдыруда славян тілдерінің маманы А. Х.
Востоковтың да еңбегі бар. ОЛ 1820 жылы
жарияланған “Славян тілдері жөніндегі пікірлер”
дейтін кітабында славян тілі фактілерін, әсіресе
олардың дыбыстық жақтарын бір- біріне салыстыра
зерттеу арқылы олардың арасыдағы ұқсастық,
өзгешеліктерді көрсетті.
Осыдан кейін салыстырмалы- тарихи тіл білінің
өрісі кеңейе түсті. Көптеген еңбектер жарық көрді.
Атап айтсақ:
 Ф. Диц “Роман тілдері грамматикасы”
 Ф. Миклошича “Славян тілдерінің
салыстырмалы грамматикасы” (1852)
 И. Цейс “Кельт грамматикасы” (1853)
 Ф. И. Буслаев “Литва тілін
зерттеуге жетекші” (1858)
Осылардың нәтижесінде “Үнді- европалық тіл
білімі” немесе “Үндіевропейстика” деп
ғылым қалыптасты. аталатын
Дыбыс тілі жалпы адамдық құбылыс
болғандықтан, онда бір- біріне ұқсастық
қоймайды. Тілдің болмай
туыс, төркіндес екенінің негізгі
кепілі- сөз туғызушы формалардың ұқсастығы және
негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдылықтарындағы
жақындықтар.
Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін
кездейсоқ ұқсастықты тілдердің
фонологиялық,
алмай,
морфологиялық, жүйелеріндегі салыстырған синтаксистік
жөн.
ұқастықтарды
Тілдер туыстастығын тек бірлік
төркіндестік қана аша алады.
осылардағы пен
Салыстырмалырмалы- тіл білімінің кемшіл тұстары
1. Бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін
 зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады.
2. Туыстас тілдердің бір-біріне жақын, ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды. Түпкі
табылды деген тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілд
болғанын тап басып айту мүмкін болмады.
3. Бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасады, тілдердің басым кө
әсіресе туыстығы белгісіз

тілдер шет қалды.


4. зерттеуден
Туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол
хронологиялық жақтарына жете мән берілмеді, көп жағдайда өзара
фактілердің
жалғаспайтын, бір-бірінен алшақ жатқан дәуірлер фактілері
салыстырылды.
5. тілдік фактілерді салыстырғанда сол тілдердің иесі болып табылатын
қауым тарихына жеткілікті мән берілмеді.
Бірақ бұдан салыстырмалы-тарихи әдіс
қолданудан біржола шығып қалған, қажетсіз тәсіл
деген сөз емес. Ол - тіл білімінің даму тарихында
елеулі роль атқарған. Орынды пайдалана білсе, әлі
де берері көп. Қазір де зерттеудің басты бір тәсілі
ретінде қолданылып жүрген әдіс.

You might also like