You are on page 1of 3

Дәріс 10

Бір мезетті теңдеулер жүйесі

1. Эндогенді және экзогенді айнымалылар


2. Модельдің құрылымдық және келтірілген түрлері

1. Эндогенді және экзогенді айнымалылар.


Бірмезетті теңдеулер жүйесі кейде құрылымдық модель деп те аталады. Ол
эндогенді және экзогенді айнымалылардан тұрады.
Эндогенді(тәуелді) айнымалылар Ү- арқылы белгіленеді және олардың саны
жүйедегі теңдеулерге тең болады.
Экзогенді(тәуелсіз) айнымалылар Х- арқылы белгіленеді және олар эндогенді
айнымалыларға әсер етеді.
Қа рапайым бірмезетті теңдеудің түрі мынадай:
yˆ1  a1  b11 x1  c12 y 2
yˆ 2  a 2  b22 x 2  c 21 y1
Мұндағы bij және сij модельдің құрылымдық коэффициенттері деп аталады.
Модельдің құрылымдық коэффициенттерін анықтау үшін ККТ қолданса ол
орнықсыз, әрі ауытқыған мәндерге алып келеді. Сондықтан оларды анықтау үшін
модельдің құрылымдық формасын келтірілген күйге ауыстырады. Оның түрі мынадай:

(12)

Мұнда ij келтірілген форманың коэффициенттері . Теңдеу жүйесінен Х -экзогенді


айнымалылардың оң жақта, ал Ү -эндогенді айнымалылардың сол жақта орналасқанын
көруге болады.
Келтірілген форма тәуелсіз теңдеулердің жүйесі болып табылады сондықтан
оның параметрларының мәндерін табу үшін ККТ қолдануға болады.
Құрылымдық форманы келтірілген күйге жеткізу жолын қарастырайық.
Мысалы бірмезетті теңдеулер жүйесі берілсін:
yˆ1  a1  b11 x1  c12 y 2
(13)
yˆ 2  a 2  b22 x 2  c 21 y1

(13) –жүйесіндегі бірінші теңдеуінің оң жағындағы у 2 орнына екінші теңдеудің


у2 мәнін қоямыз
сонда
yˆ1  a1  b11 x1  c12 (a 2  b22 x 2  c 21 y1 )
бұдан ке йін у1 мәнін теңдеудің сол жағына көшіреміз:
yˆ1  c12 c 21 y1  a1  a 2 c12  b11 x1  b22 c12 x 2
yˆ1 (1  c12 c 21 )  a1  a 2 c12  b11 x1  b22 c12 x3
енді барлық мүшелерді 1 -с12с21 бөлеміз:
алынған теңдеу кәдуілгі регрессия теңдеуі
a  a 2 c12 b12 b c
yˆ1  1  x1  22 12 x 2
1  c12 c 21 1  c12 c 21 1  c12 c 21
бірінші бөлшек бос мүше оны α1 деп, екінші бөлшек х 1 экзогенді
айнымалысының коэффициенті оны δ 11 деп, екінші бөлшек х 2 экзогенді
айнымалысының коэффициенті оны δ12 деп белгілейміз нәтижесінде
yˆ1   1   11 x1   12 x 2 (14)
бұдан
yˆ 2  c 21c12 y 2  a 2  a1c 21  b11c 21 x1  b22 x 2
yˆ 2 (1  c 21c12 )  a 2  a1c 21  b11c 21 x1  b22 x 2

алынған өрнекті 1 -с21с12 бөліп


a  a1c 21 b c b22
y2  2  11 21 x1  x2
1  c 21c12 1  c 21c12 1  c 21c12
жаңа белгілерді енгізгеннен кейін
yˆ 2   2   21 x1   22 x 2 (15)
(14) және (15) теңдеулер келтірілген теңдеулер жүйесі болып табылады. Оның
параметрлары ККТ арықылы табылады. Дегенмен түпкі мақсат келтірілген теңдеулерді
шешу емес, экономикалық қарым қатынастарды нақтырақ сипаттайтын құрылымдық
теңдеулерді шешу болып табылады. Ал келтірілген теңдеулерден құрылымдық
теңдеулерге қалай көшуге болады, оның шарттары қандай оған идентификациялау
мәселесі жауап береді.

2. Модельдің құрылымдық және келтірілген түрлері


«Идентификация» деген сөз танып білу деген мағынаны білдіреді. Бұл кезеңде
келтірілген теңдеулердің коэффициенттері негізінде құрылымдық коэффициенттердің
мәнін есептеуге болу -болмау мүмкіндігі анықталады.
Математика курсынан кез келген теңдеу жүйесінің шешімі болмайтыны белгілі.
Мысалы, айнымалының саны жүйедегі теңдеуден көп болса, ондай жүйенің көп шешімі
болатыны, ал айнымалының саны теңдеу санынан аз болса онда жүйенің шешімі
болмайтыны белгілі.
Ал айнымалылар саны мен теңдеулер саны бір -бірімен тең болса онда теңдеудің
шешімі тек біреу болады. Міне осындай жағдайда теңдеу танылды немесе
идентификацияланды деп айтуға болады
Модельдің келтірілген түрінен құрылымдық түріне өткен кезде олардың арасындағы
сәйкестіктің нақтылығының салмағы арта түседі.
Сондықтан құрылымдық модельдер идентификацияланатын, идентификацияланбайтын
және шамадан тыс идентификацияланатын болып әр түрлерге бөлінеді.
Егер барлық құрылымдық коэффициенттер келтірілген форманың коэффициенттері
арқылы нақты анықталатын болса , модель идентификацияланады деп аталады. Мұнда
келтірілген модельдің параметрлары құрылымдық модельдің параметрларына тең болуы
қажет.
Егер келтірілген модельдегі коэффициенттер саны құрылымдық модельдегі
коэффициенттер санынан кем болса, модель идентификацияланбайтын модель деп
аталады.
Егер келтірілген модельдегі коэффициенттер саны құрылымдық модельдегі
коэффициенттер санынан кө п болса онда модель шамадан тыс идентификацияланады.
Егер жүйедегі j-теңдеудегі эндогенді айнымалылардың санын -Н арқылы белгілеп
берілген теңдеуге кірмейтін бірақ жүйеде бар экзогенді айнымалылардың санын -D
арқылы белгілесе модельдің идентификациялану шарты мы надай болып жазылады:
D+1=H – теңдеу идентификацияланады,
D+1<H – теңдеу идентификацияланбайды,
D+1>H–теңдеу шамадан тыс идентификацияланады.
Аталған ереже идентификациялаудың қажетті шартын ғана сипаттайды.
Егер жүйедегі әрбір теңдеу идентификацияланатын болса онда модель
идентификацияланады деп есептеледі.
Егер жүйедегі бір теңдеу идентификацияланбайтын болса модель
идентификацияланбайды деп айтылады.
Егер жүйеде бір теңдеу шамадан тыс идентификацияланатын болса онда жүйе ш амадан
тыс идентификацияланады.

You might also like