You are on page 1of 4

інің реттелеуі

Технологиялық бөлімде үлкен назар жиілікті-реттелетін асинхронды


электр жетегі көмегімен іске асатын ортадан тепкіш сығымдағыш беру
жүйесіне көп көңіл бөлінді. Осы уақытқа дейін қолданылып келген
жетектердің кемшіліктерін көрсете келе, жиілікті-реттелетін асинхронды
электр жетегі көмегімен жұмыс жасайтын ортадан тепкіш сығымдағыш
артықшылықтарын айқындадық.
Реттеу жүйесінің негізгі міндеті болып, технологиялық құрылғының
жұмыс барысын қадағалап отыру. Ортадан тепкіш сығымдағыш помпажы
және оны жою, жиілікті-реттелетін асинхронды электр жетектің
технологиялық процессті реттеу және жағымсыз құбылыстарды жоюдың
мысалы ретінде бола алады.
Ортадан тепкіш сығымдағыш беру жүйесін реттеудің оңай тәсілі
болып, дросселдеу арқылы айдағыш магистральға әр түрлі жапқыштарды
енгізу болып табылады. Бұл механикалық тәсіл магистраль қорытқы
қарсылығының өзгеруіне негізделеді.
Жылдамдық өзгермейтін кезінде механизмнің жұмыс нүктесі Q-H
сипаттамасы бойынша орын ауыстырады. Бұл механикалық тәсіл 2.4
суретте көрсетілген.

Сурет 2.4 – Q - Н- өнімділікті реттеу сипаттамалары.


Бұл жағдайда, реттеу құрылғысында қысымның бір бөлігі жоғалады.
Механикалық реттеу тәсілінің ПӘК-ін бағалау үішін, механизм мен

Schlumberger-Private
қозғалтқыштың ПӘК-і берісті өзгерткен кезде тұрақты болып қалады деп
алайық. Бұл кезде механизм ПӘК-і келесі формуламен табылады.

Мұндағы,
Нпос.рег – реттеу органынан кейін магистральдағы қысым,
Нперед.рег – реттеу органынан бұрын механизмнен туындайтын қысым,
ΔН – магистральдағы қысым жоғалуы,
Q – реттеу органымен бірге механизмнің берілуі,
Нном және Qном – механизмнің қысым мен берілісінің атаулы шамалары.
Бірнеше механизм жалпы магистральға параллель жұмыс істейтін сорғы
және газ станцияларында, жекелеген механизмдерде берілісті сатылы реттеу
мүмкіндігі бар. Осындай механизмнің ортадан тепкіш сығымдағышының
берілісін реттеу төмендегі суретте көрсетілген.

Сурет 2.5 – Сығымдағыштың параллель жұмыс кезіндегі схема мен


сипаттамасы.

Schlumberger-Private
Осы әдістің ерекшелігін екіагрегатты станция мысалында қарастырайық.
Параллель жұмыс істеуі кезінде олардың бірлескен берілісі H - Q жиынтық
сипаттамасы және магистральдың сипаттамасымен өрнектеледі (қисықтар 1
және 2 2.1.1 б). Айталық, әрбір сығымдағыш номиналды Qt және It режимде
жұмыс істейді деп, сондықтан осы жағдайда жиынтық өнімділігі 2Qt болады.
Кез - келген бір сығымдағышты ажыратқан кезде, жұмыс жасап тұрған
қалған сығымдағыш режимі оның Q - H сипаттамасына сәйкес өзгереді. Және
оның жұмысының Р нүктесімен анықталған берілісі өседі.
Сондықтан реттеудің осы тәсілін пайдалану кезінде қозғалтқыш қуатының
белгілі бір қорын қарастыру қажет. Үлкен статикалық қысым мен шығынның
төмен деңгейі тиесілі құрылғылар үшін магистральда жетектің қуатын
жоғарылату білер-білінбес болады. Қарастырылып отқан тәсілдің құңдылығы
жоғары үнемділігі болып табылады, өйткені берілісті реттеу кезінде қосымша
шығындар жоқ, ал кемшілігі болып берілісті бірқалыпты реттей алмауы.
Ең әмбебап берілісті реттеудің электрлік тәсілі болып табылады, бұл кезде
жетекті реттеу көмегімен механизмнің бұрыштық жылдамдығы өзгереді.
Және осы кезде берілісті азайтумен бірге қысым да азаяды. Осыған
байланысты егер жылдамдықты азайту әсерінен туындаған электр жетектегі
қосымша шығындар дроссельдеу құрылғысындағы қысым құламасына
қатысты төмен болса реттеудің электрлік тәсілі, жапқыш көмегімен
реттеуден әлдеқайда үнемді болады.
Қорытынды
Бұл диссертациялық жұмыс газ және мұнай тасымалдау жүйелерінде
сығымдағышпен жұпта жұмыс жасайтын электр жетектердің реттеу
мәселесіне арналған. Әдеби іздену және жасалған талдау бойынша, жиілікті-
реттелетін асинхронды электр жетектерін пайдаланудың орындылығы жайлы
қорытындыға келдік.
Газ тасымалдау технология мәселелерін қарастыру, істеп тұрған
компрессор станцияларындағы үлкен қуатты синхронды электр жетектерін
жиілікті-реттелетін асинхронды электр жетектеріне алмастыруға мүмкіндік
берді, ол тәуліктік және маусымдық өнімділік ауытқуларында өзекті болып
табылады.
Негізге алынған тәуліктік өнімділігі бар газ айдау агрегаты, жиілікті-
реттелетін синхронды және асинхронды электр жетектер арасында тандау
жасау үшін мысал ретінде алынды.

Schlumberger-Private
Қарастырылған технологиялық процесс артықшылықты жиілікті-
реттелетін асинхронды электр жетектен күтуге мүмкіндік берді.
Агрегат сипаттамаларының есебі бұл нұсқанын ең жақсы екенін айқын
көрсетті.
Алайда, синхронды электр жетекті агрегатты асинхрондыға алмастыру
кезінде, агрегат өзі, сондай-ақ жалпы станцияның реактивті қуатын
қарымталау сұрағы туындады.
Ол үшін жүктемелер есептеліп, қамтитын және конденсаторлық
қондырғылар таңдалды. Олардың орнатылатын орындары анықталды.
Станцияны синхронды жиілікті-реттелетіннен асинхрондыға алмастыру
кезінде энергиямен қамту жүйесінде өзгерістер қондырғылардың өнімділік
ПӘК-ін төмендететін технологиялық процесс құрамынан бірқатар
элементтерді алыс тастау арқасында экономикалық тиімділікке қол
жеткізілетін болады.

Schlumberger-Private

You might also like