You are on page 1of 27

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау

№4 дәріс
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Оқытушы: Молдабеков Мурат Сманович,д-р.PhD,


ассист.проф. «Мұнай Инженериясы» кафедрасы

m.moldabekov@satbayev.university
moldabekov_ms@mail.ru
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау құбырлар тізбегі бұрғы қашауын (түптік


қозғалтқыш пен қашауды) жер үсті жабдықтарымен
(вертлюгпен) жалғаушы бір-бірімен бұранда арқылы қосылатын
жетек құбырдан (4), бұрғылау құбырларынан (8), ауырлатылған
бұрғылау құбырларынан (12, 13) жəне аудармалардан тұрады.
Жетек құбырынан (4) тұратын бұрғылау тізбегінің жоғарғы
бөлігі жетек құбырының жоғарғы аудармасы (3) жəне вертлюг
аудармасы (2) арқылы вертлюгке жалғанады. Жетек құбыр
бірінші бұрғылау құбырына (8), өзінің төменгі аудармасы (5),
қорғаушы аудармасы (6) жəне бұрғы құлпысының муфтасы (7),
ниппельден (9) немесе жалғаушы муфталардан (10) тұратын
бұрғы құлпысы арқылы бұралып жалғанады. Ауырлатылған
бұрғылау құбырлары (12, 13) бір-бірімен тікелей жалғанады.
Жоғарғы ауырлатылған бұрғылау құбыры (12) бұрғылау
құбырларына аударма (11), ал төменгі ауырлатылған бұрғылау
құбыры қашауға (роторлық бұрғылауда) немесе турбобұрғы мен
қашауға аударма (14) арқылы жалғанады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау құбырлар тізбегі төмендегідей қызметтер


атқарады:
1) ротордан бұрғы қашауына айналым береді;
2) түптік қозғалтқыштан реактивтік моментті қабылдайды;
3) бұрғылау кезінде жуу сұйығын турбобұрғыға, қашауға
жəне ұңғы түбіне жеткізетін арна қызметін атқарады;
4) бұрғы қашауына остік салмақ түсіреді;
5) бұрғы қашауларын, тұптік қозғалтқыштарды ұңғы ішінен
көтеріп-түсіру жұмыстарында;
6) ұңғыда қосалқы жұмыстар (ұңғы оқпанын пысықтау,
кеңейту, жуу, қабаттарды сынау, т.б.) жүргізуде;
7) электрбұрғы тəсілінде ток өткізуші секциялар
орналасады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

БҰРҒЫЛАУ ҚҰБЫРЛАР ТІЗБЕГІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ


ЖАҒДАЙЛАРЫ
Бұрғылау құбырлар тізбегінің жұмыс істеу жағдайлары, бұрғылау
тəсілдеріне байланысты əр түрлі болады.
Роторлық бұрғылау тəсілінде бұрғылау тізбегі ротордан қашауға айналым
беру жəне қашауға түсірілетін остік салмақ əсерінен əр түрлі күштер мен
кернеулерге төтеп береді. Тізбектің жоғарғы бөлігі өз салмағы мен қашау
тесіктеріндегі кедергі қысым əсерінен созылу, ал ұңғы түбіндегі бұралу,
сығылу кернеулерін қабылдаушы төменгі бөлігі сығылу күйінде болады.
Демек бұрғылау құбырлар тізбегінде остік созылу күші мен сығу күштері
əсер етпейтін бейтарап қима болады. Осы қимадан жоғары вертлюгке
қарай өсіп отыратын созу, ал одан
төмен қашауға қарай өсіп отыратын сығу кернеулері əсер етеді. Бұрғылау
құбырлар тізбегінде айналдырушы момент əсерінен бұрау кернеуі, ал
остік жəне ортадан тепкіш күштер əсерінен ию кернеулері пайда болады.
Бұрау кернеуі вертлюгтен қашауға қарай азайса, ию кернеуінің шамасы
тізбектің төменгі бөлігінде жоғары болады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тəсілінде бұрғылау


құбырлар тізбегі айналмайды, сондықтан оған тек созу
жəне сығу күштері ғана əсер етеді. Түптік
қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде бұрғылау
құбырлар тізбегіне қойылатын талаптар роторлық
бұрғылауға қарағанда біраз төмен. Бұрғылау құбырлар
тізбегінің төменгі бөлігі беріктігін жойған жағдайларда
болатын ию күштері мен түптік қозғалтқыш реактивтік
моментінен болатын ию күштерінің мəні онша емес,
сондықтан да, іс жүзіндегі есептеулерде олар
ескерілмейді.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

БҰРҒЫЛАУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАЛҒАУ


ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Болат бұрғылау құбырларының төмендегідей түрлері қолданылады:
шеттері шығарыла отырғызылған тұрақтылық белбеушелі жалғау
элементтері бұрандалы жəне пісіріліп ұстатылған. Бұрғылау құбырлары
сонымен қатар шеттері ішіне шығарыла отырғызылып, жеңілдетілген
қорытпалардан да дайындалады. Мемлекеттік стандарт (МЕСТ631-75)
бойынша шеттері шығарыла отырғызылған жалғау элементтері
бұрандалы бұрғылау құбырларының төмендегідей түрлері шығарылады:
1) шеттері ішіне шығарыла отырғызылған, жалғау элементтері муфталы;
2) шеттері сыртына шығарыла отырғызылған, жалғау элементтері
муфталы;
3) шеттері ішіне шығарыла отырғызылған тұрақтылық белбеушесі
конусты;
4) шеттері сыртына шығарыла отырғызылған, тұрақтылық белбеушесі
конусты.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау құбырлары
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау құбырларының
шартты диаметрлері мен ұзындықтары
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау құбырларының 1
жəне 2 түрлері мен
муфталарының бұрандалары
үш бұрыш пішіндес конусты.
Негізгі параметрлері: бұранда
адымы p=3,175 мм (25,4 мм
ұзындыққа бұранданың сегіз
айналымы сияды), бұранда
тереңдігі h =1,81 мм, пішіннің
жұмыстық биіктігі h=1,734 мм,
пішіннің иін радиустары
r=0,508 мм, r1 =0,432 мм,
бұранданың көлбеу бұрышы j
=1047'24", конустылығы 2tg
=1:16.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Б ұранда үш учаскеден тұрады. Бірінші учаске l1 аралығында


(шетінен негізгі жазыққа дейін) бұранда айналымы толық
пішінді. Екінші учаске l1 - l2 аралығында, бұранда айналымының
төбесі қиылған жəне толық адымды. Үшінші учаске l2
аралығында бұранда айналымының төбесі қиылған жəне адымы
толық емес. Демек, бұрғы құбыры бөлшектері жалғанған кезде,
олар l аралығында толық ұштасады. Сондықтан dор (диаметрі)
бұрандаөлшемін анықтаушы есептік диаметр ретінде алынады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғы құбырларының 1 жəне 2 түрлері оң жəне сол бұрандамен


дайындалады. 3 жəне 4 түрлерінің бұрандасы конусты
трапецеидальды, параметрлері: бұранда адымы p = 5,08 мм (25,4
мм ұзындыққа бес бұранда айналымы сияды), бұранда тереңдігі
h=1,7 мм, пішін төбесіндегі ауданшаның ені b = 2,18 мм, иін
радиустары r=0,3 мм,r1=0,3 мм, көлбеу бұрышы j =0053'42",
бұранда конустылығы 2tg =1:32.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

3 жəне 4 түрлі бұрғы құбырларының шеттері бірнеше участкеге


бөлінеді: бұрандасыз аралық ұзындығы 29 мм; құбыр шетінен бастап
(негізгі жазықтықтан 1) 83 мм ұзындықта бұранда ойылған; бұранда
шығымы (3); есептік жазықтықтан 2Lmіn соңына дейінгі конусты (1:32)
жазықтық (конусты тұрақтылық белбеушесі); конусты тұрақтылық
белбеушесінен Lmіn участкесінің соңына дейінгі шығарыла
отырғызылған цилиндрлі жазықтыққа өту учаскесі.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау жəне шегендеу құбырлары мен олардың


жалғаушы муфталарын дайындауда қолданылатын
болаттың механикалық қасиеттері

Ескерту. Жақша ішіндегі көрсеткіштер шегендеу құбырларына қатысты.


Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Жалғау элементтері пісіріліп ұстатылған бұрғылау құбырлары техникалық шарт


ТУ 14-3-1293-84 жəне ТУ 14-3-1187-83 бойынша дайындалады. Шартты
белгілеу түрі Ту-14-3-1293-84 бойынша ПК-114х8,56; ПК127х9,19. Бұл
бұрғылау құбырларының ерекшелігі ішкі арнасының бүкіл құбыр бойына
біркелкілігінде. Арнайы бұрғы құлыптары шеттері сыртына шығарыла
отырғызылған құбыр дайындамасына пісіріліп ұстату арқылы дайындалады.
Пісіріп ұстату тəсілдері бойынша электрконтактылық (ТБПВ) жəне үйкеу
тəсілдерімен (ТБПТ) дайыналған болып бөлінеді. Құбыр шеттері арнайы
конструкциялы муфтамен ниппельге арналып өңделеді. Құбыр беріктік тобы Д
жəне Е, ал құлып 40ХН болат түрлерінен дайындалады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Жеңіл қорытпалардан дайындалған бұрғылау құбырлары


Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары (ЖБҚ) дюралюминийден Мемлекеттік
стандарт МЕСТ 23789-79 бойынша шеттері ішіне қалыңдатыла диаметрі 114,
129, 147 мм, ұзындықтары 12 м өлшемде болат бұрғы құлыптарымен
дайындалады. Құбыр дайындау үшін Д16 дюраль қолданылады (құрамы
Алюминий- мыс-магний). Термиялық өңдеуден кейін оған Д16-Т деген шифр
беріледі. Мемлекеттік стандар МЕСТ 23786-79 "Алюминий қорытпалы бұрғы
құбырлары". Техникалық шарт бойынша жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
төмендегідей бөлінеді:
1) ішіне қалыңдатылып дайындалған;
2) ішіне қарай қалыңдата жəне сыртына протекторлы қалыңдатылып
дайындалған
Жеңіл қорытпалардан дайындалған бұрғылау құбырлары, бұрғы қондырғысына
түсретін салмақты жеңілдету, бұрғылау тереңдігін өсіру мақсатымен
қолданылады, сонымен қатар көлбейте-бағытталған ұңғыларды бұрғылауда
қисайту бұрышы қарқынын өсіру үшін қолданылады. Бұл бұрғылау
құбырларын температурасы 150 0С, сутектік көрсеткіші рН>10 жоғары
ұңғыларда қолдануға болмайды.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Бұрғылау құбырларының құлыптары


Бұрғылау құбырлар тізбегін ұңғыға түсіру жəне одан көтеру кезінде
барлық құбырларды бұрап қатайту жəне бұрап ашу қажет. Көтеріп-
түсіру операцияларын тездету үшін бірнеше құбырды біріктіріп
бірден жалғап немесе ашады. Мұндай құбырлар жинағын "свеча" деп
атайды. Оның ұзындығы бұрғы мұнарасының биіктігіне қарай
алынады. Диаметрі 114-168 мм бұрғылау құбырларының ұзындығы
11,5 м, демек биіктігі 41-45 м мұнараларда свеча ұзындығы 25 м (екі
құбырдан), ал 53-58-м мұнараларда 37 м (үш құбырдан) тұрады.
Бұрғылау тізбегіндегі негізгі жалғаушы элемент бұрғы құлыптары
болып саналады. Ол сыртына бұранда ойылған құлыптық ниппельден
жəне ішіне бұранда ойылған муфтадан тұрады. Осы бұрандалар (ірі
құлыптық бұранда) арқылы олар бір-біріне жалғанады. Ал бұрғылау
құбырларымен жалғау үшін олардың екінші шетіне ұсақ құбырлық
бұрандалар ойылады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Шеттері ішіне шығарыла отырғызылғын бұрғылау құбырларын


жалғау үшін бұрғы құлыптарның екі түрі қолданылады:
1. ЗН-ішкі тесігінің диаметрі қалыпты (құбырдың ішіне шығарыла
отырғызылған жерінің диаметрінен едəуір кіші).
2. ЗШ-ішкі тесігінің диаметрі кең (құбырдың ішіне шығарыла
отырғызылған жерінің диаметріне жақын).
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Шеттері сыртына шығарыла отырғызылған бұрғылау


құбырларында ішкі диаметрі үлкейтілген (ЗУ) құлыптары
қолданылады
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

АУЫРЛАТЫЛҒАН БҰРҒЫЛАУ ҚҰБЫРЛАРЫ

Б ұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын жəне


қаттылығын арттыру үшін оның төменгі жағына
ауырлатылған бұрғылау құбырларын /АБҚ/
орналастырады. Ауырлатылған бұрғылау
құбырларының беттері бүкіл ұзындығына тегіс,
жоғарғы бөлігінде конусты ойығы бар жəне
теңгерілген /АБҚТ/ түрлері қолданылады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері
Бұл ауырлатылған бұрғылау құбырлары
түрлерінің шеттерінде құлыптық бұранда
ойылған. Егер құбырдың бір шетінде
сыртынан, ал екінші шетінде ішінен бұранда
ойылса, мұндай АБҚ-ы аралық, ал екі
жағында да ішінен бұранда ойылса қашау
үстіне қойылатын АБҚ деп аталады. АБҚ
жинағында бір қашау үстіне қоятын (2) жəне
екі аралық (1) құбыр болады. Бұл АБҚ
түрлерінің диаметрлері мен ұзындықтары
төмендегідей:
Диаметрі,мм... 146, 178, 203, 219, 245
Ұзындығы,м .. 8 12 8 7
Құбырларды болаттың беріктігі "Д“ жəне "К"
топтарынан термиялық өңдеусіз прокаттау
əдісімен дайын дайды. Бұл құбырдың
беріктігін жəне төзімділігін əсіресе
бұрандалы жалғамаларда төмендетеді.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Теңгеріліп ауырлатылған
бұрғылау құбырлары.
Жоғарыда аталған ауырлатылған
бұрғылау құбырларындағы
кемшіліктер теңгеріліп
ауырлатылған бұрғылау
құбырларында (АБҚ) айтарлықтай
дəрежеде түзетілген. Бұл құбырлар
арналары бұрғыланылып, ал беттері
термиялық өңделіп, бұрандалары
фосфорландырылып дайындалады.
Құбыр шеттерінің сыртынан жəне ішінен құбырлық бұранда немесе
адымы 6,35 мм, конустылығы 1:6 арнайы құлыптық бұранда ойылады. Бұл
аталған ауырлатылған бұрғылау құбырлары 120, 133, 146, 178, 229, 254,
273, 299 мм, ұзындықтары 6,5 м өлшемде болаттың 38ХН3МФА (σт= 735
мпа) жəне 40ХН2МА (σт- 637 мпа) маркаларынан дайындалады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

ЖЕТЕК ҚҰБЫРЛАР
Жетек құбырлар бұрғылау тізбегіне ротордан айналым немесе түптік қозғалтқыш
реактивтік моментін роторға беру қызметін атқарады. Мұнай, газ ұңғыларын
бұрғылауда қалың қабырғалы, тесігі бар штангадан 2, жоғарғы штангалық
аудармадан /ПШВ/ (1) жəне төменгі штангалық аудармадан /ПШН/ (3) тұратын
құрама конструкциялы төрт бұрышты жетек құбырлар қолданылады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

БҰРҒЫЛАУ ҚҰБЫРЛАР ТІЗБЕГІНІҢ


АУДАРМАЛАРЫ
Мемлекеттік стандарт МЕСТ 7360-82
бойынша бұрғылау тізбегі элементтерін
жəне де, басқа аспаптарды жалғау үшін
əртүрлі аударма түрлері қарастырылған.
Барлық аудармаларды (штангалық
аудармалардан басқасын) үш түрге бөлуге
болады:
1) бұрандалары жəне диаметрлері əр түрлі тізбек элементтерін
жалғастыруға арналған ауыстырушы немесе сақтандырушы (П);
2) муфталы (М);
3) ниппельді (Н).
Шартты белгілер аударма түр-өлшемдері шифрына кіреді. Егер теріс
бұрандалы аударма болса Л əрпі қойылады. Аудармалар болаттың 40ХН
маркаларынан дайындалады. Аудармалардың ішкі арнасының диаметрі
бұрғы құлыптарының кіші диаметріне тең болуы тиіс.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

БҰРҒЫЛАУ ҚҰБЫРЛАР ТІЗБЕГІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ


ЖАБДЫҚТАРЫ
Бұрғылау құбырлары тізбегінің пайдалану жағдайларын жақсарту үшін
тізбек құрамында сүзгі, кері клапан, қорғаушы сақиналар, калибраторлар,
тіктеуіштер, тұрақтандырғыштар, кеңейткіштер, амортизаторлар,
маховиктер, шлам ұстағыштар, тіректер қолдануға тура келеді.
Сүзгі бұрғылау тізбегінің іші арқылы өтетін жуу сұйықтарындағы қатты
қиыршық қоспаларды тазарту үшін қолданылады. Сүзгі жетек құбыр мен
бірінші бұрғылау құбырының ортасына тесіктері бар түтікшесі жоғары
қаратылып қойылады.
Кері клапан бұрғылау тізбегінің ішіне жетек құбырдан төмен қойылады.
Оның негізгі міндеті, бұрғылау тізбегі арқылы қабат сұйықтарының кері
атқылауын болдырмау.
Қорғаушы сақиналар ұңғы ішіндегі шегендеу тізбегін бұрғылау
құбырлары құлыптарының соғып зақымдануынан жəне құлыптардың өзін
мұжылудан қорғау үшін құлыптар бетіне кигізіліп ұстатылады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Калибратор, тіктеуіш, тұрақтандырғыштар, кеңейткіштер, амортизаторлар


шлам ұстағыштар, маховиктер қажетіне қарай бұрғылау тізбегінің төменгі
шетіне қашаудан жоғары қойылады.
Калибратор ұңғы қабырғасын тегістеу үшін қолданылады. Оның диаметрі
қашау диаметрімен бірдей болуы тиіс.
Тіктеуіштер бұрғылау құбырлары тізбегінің төменгі жағын ұңғы ішінде
тіктеп ұстау үшін жəне ұңғы оқпанының өздігінен қисаюын болдырмау
үшін қолданылады.
Тұрақтандырғыштар көлбейте-бағытталған ұңғыларда зениттік бұрышты
тұрақты ұстау үшін қолданылады. Тұрақтандырғыш ретінде негізінен
қимасы квадратты ұзындығы тіктеуіштерден бірнеше есе ұзын
ауырлатылған бұрғылау құбырларының бетіне қатты қорытпаларман
армиленген қалақтар орналастыру арқылы дайындалған құбыр
қолданылады. Ол тікелей калибратордан жоғары немесе оған жақын
қойылады.
Бұрғылау тізбегі және оның элементтері

Тіктеуіштер
Шарошкалы калибратор
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

You might also like