You are on page 1of 9

Архимед туралы аңыз

Архимедтің суреті ж.т.б. көрнекіліктермен сахна


безендірілуі керек.
Архимед — ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі,
механигі. Ол б.з.д 287 ж Сицилия арасындағы Сиракуз қаласында
туып, сонда өмір сүрген .Архимед астроном Фидийдің баласы
деген жорымал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет
орталығы Мысырды аралап, Александриялық ғалымдардың,
солардың ішінде Коно мен Эратосфен білім алған. Архимед рычаг
заңын , суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін
тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан. Сонымен
қатар, жер суаратын механизмдерді , жүк көтеретін рычаг
жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын
соғыс қондырғыларын т.б. ойлап шығарған.
Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед «Тіреу
нүктесін берсеңдер, Жерді төңкеріп тастаймын» деп айтқан
екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған,ал оның
«Эратосфенге» жолдаған хаты 1906 жылы ғана табылған IX-XI
ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал XIII ғасырда
олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуро елдеріне
тарала бастаған.
Архимедтің бізге жеткен еңбектерінің бірі - Архимед заңы.
Ол аэростатика мен гидростатиканың сұйыққа батырылған
денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең
әрі одан әрқашанда жоғары қарай бағытталған кері итеруші
күш әсер ететіндігін анықтайтын негізгі заң. Дененің
ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центріне
(орталығына) түсіретін итеруші күшті Архимедтің
гидростатикалық көтеруші күш деп атайды. Егер дененің
салмағы Архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне
қалқып шығады, ал дененің салмағы Архимедтік күштен артық
болса, онда дене сұйыққа батып кетеді.
Дененің салмағы Архимедтік күшке тең болса, дене сұйық
ішінде жүзіп жүреді. Архимед заңын Архимед ( б.з.д. 287-212жж.)
ашқан. Бұл заң денелердің сұйыққа не газда жүзуінің теориялық
негізі болып табылады. Архимед б.з.д. 212 жылы қайтыс болды.
Б.э.д. Сиракуз патшасы Гиерон Архимедке алтын тәж
жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзып
жармай, оның ішінде қоспасы бар жоғын білуді тапсырған еді.
Аңыз бойынша тәж заттың тығыздығын таза алтынның
тығыздығынан кем болып шықты. Сонымен ұстаның өтірігі
әйгіленген, ал ғылым қазынасына тамаша табыс қосылған....
FА= сс g V д
Сұйықтықтан ауыр денелер сұйыққа түсірілгенде, оның
түбіне жеткенше тереңірек бата бермек және сұйықтағы
денелердің салмағы, көлемі олардың алып тұрған көлеміндей
сұйық салмағы мөлшерінде кемиді.
Көрініс:
Патша:
-Уәзір қалай ойлайсың менің тәжім ескірген емес пе?-
Уәзір:
-«Иә, тақсыр» Ескірген, ескірген!
Патша:
-Онда мен жаңа тәж жасатуым керек болды-ғой!
Қалай менің қазынамда алтындарым толықпа?
Уәзір:
-Иә,иә тақсыр толық»
Патша:
-Онда алтын алдыр!
Уәзір:
-Бар қазынадан 2кг алтын алып кел!
Қызметкер:(Қызметкер шегініп шығып кетеді) Аздан соң алтынды
алып қайта кіреді.
79Аu формула жазылған сары сом алтынға ұқсас затты тарелкаға
197

салып кіреді.
Уәзір:
-Тақсыр алтын алып келінді.
Патша:
-Тәж жасайтын ұста барма?
Уәзір:
-Ұста бар, табамыз.
Патша:
-Ұстаны шақыр!
Уәзір:
-Қызметкерге: «Еліміздегі ең шебер ұстаны алып келіңіз!»- деп
бұйырады.
Осы аралықта патша мен уәзір өзара сөйлесіп отырады.
(Сырттан қызметкер иіліп кіреді)

Қызметкер:
-Ұста келді деп хабарлайды.
Патша:
-Шақыр кірсін! деп бұйырады.
(Қызметкер сырттан ұстаны ертіп келеді.)
Ұста:
-Шақыртқан екенсіз, мен келдім
Уәзір:
-Ұстаға:«Мынау, 2кг алтын, өлшеп ал,осы алтыннан тақсырға тәж
жасауың керек деп бұйырып сөйлейді!»
Ұста:( Патшаның басының өлшемін алып алтынды да өлшеп
алады да ) Мен алтынды тақсырдың басының өлшемін алдым енді
кетуге бола ма?- деп рұхсат сұрайды.
Патша:
-Иә, барың, тәжді тезірек жасап әкел!-деп бұйырады.
(Арадан аз уақыт өткесін қызметкер: Ұста келді,- деп
хабарлайды.)
Қолына әдемі тәж ұстап кіреді .
Уәзір:
-Патшаның басына тәжді кигізіп, «Ой, тақсыр күшті жарасып
тұр,»- деп мақтау сөздер айтады.
Патша:
-Ұстаның ақысын берің! –дейді.(Ұста рақмет айтып шығып кетеді.)
(Сахнада Патша мен Уәзір қалады )
Патша:
-Тәжді қолына алып ойланып отырады, менің алтынымнан алып
қалып, ұста басқа металл қосқан болуы мүмкін ғой!
Уәзір:
-Тақсыр , тәжді тексерту керек !
Патша:
-Бұл кімнің қолынан келеді?
Уәзір:
-Ондай адам бар,ол-білімді,осы заманымыздың ғалымы
АРХИМЕД бар ғой!
Патша:
-Архимедті шақырың!
Уәзір:
-Жарайды,жарайды тақсыр шақырамыз.
Архимед:
-Тақсыр шақыртқан екенсіз, мен келдім.
Патша:
-Архимедтің қолына тәжді беріп:- Мына тәждің таза алтыннан
жасалған ба не басқа қоспа бар ма екендігін анықтап бересің!
Архимед:
-Жарайды , байқап көрейін ......
(Сахнада Архимед қалады.Ойланып ары- бері жүреді.)
Тәждің массасы 2кг ол оңай, бұл тәждің көлемін қалай
табамын,қалай табамын?...Бұл тәждің пішіні өте күрделі.Мен бұл
тәждің көлемін қалай тапсам екен?Не де болса суға түсіп көрейін,
басыма жаңа ойлар келуі мүмкін!
Ваннадан шыққан адам болып,оранып сахнаға
«ЭВРИКА,ЭВРИКА, ЭВРИКА!»- айғайлап жүгіріп шығады

.
Сахнаға қайтадан шығып ойланып отырады.
Демек су толы ыдысқа тәжді салсам, сыртқа төгілген су
тәждің көлеміне тең болады екен-ғой!
Ал, алтынның тығыздығы болса,-19,3·103кг/м3-қа тең ғой.
Ал алтынның массасы 2кг, сыртқа төгілген судың көлемі
тәж көлеміне тең болады деп,тәжді суға салып (ыдыстан су
төгілуі керек)төгілген суды мензуркаға құйып көлемін
анықтайды.
Мен ең керекті нәрсе тәждің көлемін анықтай алдым-
ғой!
Енді мен тәждің таза алтын немесе қоспасы бар екендігін
анықтай аламын.
Ал тығыздықтың формуласы
(орнына қойып есептейді )
Бұл қалай, алтынның тығыздығы шықпай қалды ғой!
Демек,ұста тәжді жасағанда, тақсырымыздың алтынынан
алып қалып, орнына басқа қоспаны араластырып, массасын
2кг-ға теңдей етіп жасап апарған екен ғой... Қой мұны мен
тақсырға хабарлайын, ұстаның қулығын білсін.

Демек мен ғылымға мына формуланы енгіземін бұдан


болашақта адамдар өз игілігіне жұмсайтын болсын.
FА=сс gVд
Көрініске қатысушылардың барлығыда осын формуланы
қолдарына алып сахнаға шығады.Архимед жайлы мына суреттерді
слайд түрінде көрсетіп бір оқушы қысқа баяндама жасайды.
Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет.
Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!

Эврика! Немесе әмбебап ғалым Архимед

.
Архимед б.з.д. 287 жылы Сицилия аралында дүниеге келді.
Әкесі оны жастайынан білім-ғылым жолына тәрбиелеп, көп
оқытты. Александрияда жүрген кезде Архимед астроном ғалым
Канонмен, астроном-математик Эратосфенмен танысып жолдас
болып, өмірінің кейінгі күндері олармен ғылыми хат-хабар алмасып
отырған. Сонымен қатар кітапқа ерекше еліткен ол жергілікті
кітапханада отырып, Демокрит, Евдокс секілді ғалымдардың
еңбегін зерттеп, зерделеді.
Архимед Сицилияға мықты математик болып оралса да, кейінгі
зерттеулерін механика саласында жүргізді. Көпке белгілі иінтірек (рычаг)
принципі, ауырлық центрі, Архимед заңы секілді теоремалар осы
кісінің еңбегі. Ғалым ашқан жаңалығына масаттанып отырып:
"Маған тіреу нүктесін тауып берсеңдер, жерді де көтере
аламын", - деп айтқан деседі. Сонымен қатар, ғалымның талантты
конструктор болғандығын да айтып өтелік. 

Көркем сурет: Архимед жерді иінтірек принципі бойынша


жерді көтеруде
Сол кезеңдердегі механика ғылымының ең басты проблемасы
статистика мәселелері болды. Құрылыс, әскери техникалардың
дамуы үшін осы тұрғыдағы кейбір сұрақтарды шешу керек болды.
Осы қажеттіліктің арқасында жоғарыда атап өткен иінтірек,
ауырлық центрі секілді ұғымдар пайда болды. Осылай адамзат
баласы табиғаттан қулығын асыра алды. "Механе" ежелгі грек
тілінен аударғанда дәл осы "қулық" деген сөзді білдіреді.
Ғалымның жасап шығарған әскери машиналары сол кезеңдерде
римдіктерден қорғануға жақсы құрал болды. Тарихшылардың
айтуынша, Архимед сондай бір шайқас кезінде қаза тапқан

You might also like