You are on page 1of 25

Тәжірибе

Екі стакан су аламыз. Біріншісі таза


су, екіншісіне тұз салып
араластырамыз. Содан соң бірінші
стакандағы таза суға жұмыртқаны
саламыз, жұмыртқа суға батып
кетеді. Екінші стакандағы ерітіндісі
бар суға жұмыртқаны салғанда,
жұмыртқа су бетіне қалқып
шығады.
Жаңа сабақ
Сұйықтықтағы кері итеруші
кү ш
Газдардағы кері
итеруші күш
ФАКТ: дененің сұйықтағы салмағы ауадағы салмағына
қарағанда аз болады.

Р сұйықт.
Fығыст
Бұл ауырлық күшіне қарсы
Р ауадағы
бағытталған
сұйық ішіндегі денені
ығыстырушы күштің әсері болып
табылады.

Fығыс.

Fауыр

Р ауа – Р сұйық = Fығыст. .


Кері итеруші күш қайда бағытталған?
АРХИМЕД ...
Архимед (б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі,
механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір
сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед
сол замандағы ірі мәдениет орталығы - Мысырды аралап,
александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен
білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған.
Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық
сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін
және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын,
суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз
атымен аталған гидростатика заңын ашқан, жер суаратын механизмдерді,
жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын, қамал бұзатын
соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық
заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп
тастаймын” деп айтқан екен. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб
тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс
Еуропа елдеріне тараған.
АРХИМЕД ЖАЙЛЫ АҢЫЗ ...
Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке
өзінің тәжінің таза алтыннан жасалғанын біліп беруді тапсырады.
Архимед күші — тепе-теңдік
жағдайдағы сұйыққа тұтастай
немесе жартылай батырылған
кез келген дененің бетіне
төменнен жоғарыға қарай тік
бағытта әсер
ететін гидростатикалық қысым
күші. Архимед күші ауырлық
күшіне қарсы бағытталған. Тік
жоғары бағытталған көтеруші
күш (Архимед күші) көлемі
дене көлеміндей сұйық
салмағына тең болады:
Архимед күші немесе кері итеруші күш

𝑭 𝒂= 𝑷 𝒄

𝑭 А =𝝆 𝒄 𝒈 𝑽 д
Архимед күші

Тәуелсіз Тәуелді

Дененің пішініне Дененің көлеміне

Дененің тығыздығына Сұйықтықтың


тығыздығына

Сұйықтың тереңдігіне Дененің сұйықтыққа


батқан бөлігіне
*«Ойлан, жұптас,
бөліс»

1-топ. Архимедтің
өмірбаянын
баяндайды.

2-топ. Архимед
күші мен ауырлық
күшіне «Венн
диаграммасын»
құрады.
Есеп шығару
№3
Массасы 100кг,көлемі 0,2 дене су бетінде
жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?
№ 23
400Н архимед күші әсер ететін дене
суға толық батырылған. Осы дененің
көлемі қандай?
*Сергіту сәті
*1-жаттығу. Ауырлық күші- төмен қарай
*2-жаттығу. Архимед күші- жоғары қарай
*3-жаттығу. Ньютонның бірінші заңы- түзу
тұру
*4-жаттығу. Ньютонның үшінші заңы-
қарама-қарсы қолды жаттықтырамыз.
*5-жаттығу. Деформация –иілу, бұралу,
майысу.
* 1.Архимед заңының
формуласы қандай?
Архимед заңының формуласы
қандай?

Жауабы: F = ρgVд
Арқаңмен жүзгенде суда
өзіңді жеңіл ұстайсың.
Неге?
Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл
ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені


арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші
күшті көбейтеді.
*Архимед күшінің бағыты
қалай бағытталады?
Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады?

Жауабы: жоғары
*Неліктен денені суға
батырған кезде
динамометрдің
көрсеткіші өзгереді?
Неліктен денені суға батырған кезде
динамометрдің көрсеткіші өзгереді?

Жауабы: Ауырлық күшімен қатар денені судан


ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді
Үйге тапсырма:

§ 44,
23 жаттығу №4

You might also like