You are on page 1of 18

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы

Бөлім тақырыбы:
Қазақстанның XIX-XX ғасырдағы
мәдениеттің дамуы.
Сабақ тақырыбы:
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ - АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМЫ

Қазақстан тарихы
7-сынып
Оқу мақсаты:
Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи
құндылығын анықтау
Бағалау критерийлері:
• Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи
құндылығын анықтайды.
Шоқанның жастық шағы
Шоқанның балалық
шағы табиғаты
көркем Құсмұрын
Шоқанның нағашылары
мен Сырымбетте
өтті. Шоқанның ата-
да осал емес-Баянауыл
бабалары атақты өлкесіндегі атақты
сұлтандар әулетіне Шормановтар әулеті
жатады. Оның арғы болатын.
бабасы Абылай хан
айбынды қазақ
билеушілерінің бірі Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын
болды. бекінісінде дүниеге келген.

Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы


ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген,
Көкшетау сыртқы окургінің аға сұлтаны лауазымды қызметін
атқарған.
Шоқан тарихи аңыз әңгімелерге ерте
бастан-ақ қызыққан. Оған тәрбие беруде
сұлтан әулетінен шыққан әжесі
Айғанымның ықпалы күшті болды. Шоқан
Құсмұрындағы мектепте оқып, ислам діні
ілімімен танысты. Араб, парсы, шағатай
тілдерінің негізін үйреніп алды.

Ол сурет салуды да ерте меңгерді. Бұл өнерді оған орыс суретшілері,


топографтары мен геодезистері үйретті. Ол бала кезінің өзінде «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бірнеше
нұсқасын жазып алды.
Омбыда оқуда болған
жылдары
1847 жылы Шоқан Омбы кадет
корпусына оқуға түсті. Ол әскери
пәндерді,сондай- ақ шет тілдерін зор
ынта қойып, құмарта оқыды.

Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Кадет


корпусының басшылары оған
болашақтағы зерттеуші-шығыстанушы
ретінде қарай бастады.

Омбыда Шоқан география, шығыстану,


философия, тарих жайындағы
басылымдарын бай кітапхана құрап
алды.
«Шоқан көрікті, аса сымбатты
болды... бет әлпеті оның
қайырымдылығы мен
бекзаттығын айқын танытып
тұратын. Шоқан өз кезеңінің жан-
жақты, аса терең білімді адам
болды. Әсіресе оның тарихи
білімі зор болды және ғылым мен
әдебиет саласында да зор
білімділігімен ерекшеленетін.
Шоқан өз ойын бейнелеп,
тартымды жеткізе білетін асқан
шешен болатын»

С. Я. Капустин
Шоқан кадет корпусында
Өкімет орындарының озбырлығы
белгілі ғалым, географ және жайлы достары Ф.М.
Азияны зерттеуші Достоевскийге, А.Н.Майковқа, К.
Г.Н.Потанинмен бірге оқып, К. Гутковскийге, В.С.Курочкинге
достасып кетті. ызалы хаттар жазды.

Шоқан Батыс Сібір генерал –


губернаторының адъютанты
болып тағайындалды. Шоқан
А.С.Пушкиннің, М.Лермонтовтің,
Н.Гогольдің, Ч. Диккенстің және
басқалардың шығармаларын зор
сүйіспеншілікпен қызыға оқыды.
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы
мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты.

Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра


қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар» «Ыстықкөл
күнделіктері»

«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы»т.б. еңбектері өте құнды


саналады. Шоқанның қззақтың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының
өмірінен салған суреттері сақталған.

Ол қазақтың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі


Шоқан Уалиханов өз ғұмырының ең соңғы күніне дейін
өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды.
Оның еңбектерін бүкіл дүниежүзі жоғары бағалады.
“Аққан жұлдыз”

Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының


бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың
ойшыл ғалымы Шоқан Уәлихановтың
өмірі мен шығармашылығын ұзақ
жылдар бойы зерттеді. «Аққан жұлдыз»
1967-1970 жылдар арасында жазылды.

Сәбит Мұқанов өз шығармасында ойын оңдай, сөздерін талдай біліп, «қазақ»


деген дана халықтың жарық жұлдызы ағып түскенін аңғартқандай.
«Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де
жоқ болды».
Н.И. Веселовский
1- тапсырма
«Тұлғаны таны»
Шоқан Уәлиханов туралы айшықты ойлар айтқан
тұлғалар.
Жауабы:

С. Я. Капустин Н.И. Веселовский С. Мұқанов


2- тапсырма

Шоқан Уәлиханов кім


оның қоғамдағы
орнымен еңбегін анықтаңыз
Жауабы:

Аса көрнекті ғалым


Ағартушы
Зерттеуші-шығыстанушы
Алғашқы кәсіби суретші
Әскери қызметкер
Асқан шешен
3-тапсырма
«Тарихи диктант»

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен ......


халықтарының тарихы мен мәдениетін
зерттеуге зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ
ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық
мұра қалдырды. Оның ....., ......, ........., .........
т.б. еңбектері өте құнды саналады.
Жауабы:

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия


халықтарының тарихы мен мәдениетін
зерттеуге зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ
ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық
мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар
туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері»,
«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары» т.б.
еңбектері өте құнды саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің


тарихи құндылығын анықтадыңыз.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, сұрақтар құрау.

You might also like