You are on page 1of 4

Мұнай және газ тасымалдау жүйесіндегі синхронды және асинхронды

электр жетектер.
Қазіргі заманғы өнеркәсіп техниканың жаңа үлгілерін құру, қолданыстағы
ескі техниканың орнын басу жолында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар
ауыстырымдылықтың жоғары деңгейі сақталып, ол өз кезегінде материалдық
жəне энергетикалық шығындарды қысқартуға зор мүмкіндік береді.
Қолданыстағы технологиялық процестерге техниканың жаңа үлгілерін енгізу
оларды түбегейлі өзгертеді, неғұрлым икемді және бәсекеге қабілетті
қылады.
Əр түрлі салалардағы көптеген өндірістік процестерді энергия үнемдеу
тұрғысынан қайта қарау уақыты баяғыда келді. Біздің назарымыз мұнай-газ
өнеркəсібіне тоқтады. Бүгінгі күні мұнай мен газды тасымалдау электр
жабдықтары көп қолданылатын негізгі сфералардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде электр энергиясының 65 %- ын электржетек пайдаланады.
Заманауи практика көрсеткендей өнеркəсіп жұмысын электржетегісіз
елестету мүмкін емес. Қазіргі таңда электрқозғалтқыштары мен жетектерінің
экономикалық тиімділіктері жайында өткір мəселе қалыптасып тұр.
Қазіргі шығарылатын күштік электроника барлық электротехника
саласына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Электр
қозғалтқыштардың техникалық сипаттамаларын жақсартудың жаңа
мүмкіндіктері пайда болды. Бұған дейін тұрақты ток машинасы
технологиялық процессті басқаруда негізгі буын болып есептелді.
Асинхронды және синхронды қозғалтқыштар күрделі механикалық жəне
электромеханикалық сипаттамаларға ие болып, өндірімділік процесін
басқарудың жоғары деңгейін орындауға жол бермеді. Қуатты электроника
технологиялық кешендерді басқару мен реттеу кезінде ауыспалы ток
электржетегінің бірқатар артықшылықтарын анықтады. Осындай
мысалдардың бірі болып, жиілікті-реттелетін электржетек болып табылады.
Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің жұмыс істеу принципі
келесіге негізделген, ол сəйкес өрнек бойынша қоректендіруші кернеудің f
жиілігін өзгерте отырып, жылдамдықты өзгерту, ал ол өз кезегінде əр түрлі
сипаттамаларды тудырады. Синхронды қозғалтқышқа жиілікті-реттелетін
асинхронды қозғалтқыштың барлық негізгі ережелері қолданыла алады,
соның ішінде жиілік пен қоректендіруші кернеуді қатар қосу.
Үлкен инерция моментіне ие электржетектерде қолданылатын синхронды
қозғалтқыштарда, қозғалтқыш синхронизмнен ауытқымау үшін
қоректендіруші кернеудің жиілігін өте бірқалыпты өзгерту қажет.
Қозғалтқышты жүріске қосар кезіндегі ең қиыны болып, бастапқы жиілік
герц үлесін құрап, бірте-бірте өсіп максималды мəнге жеткен кезі болып
табылады. Бұл өз кезегінде технологиялық процесске кері əсерін тигізеді.
Бұны вентильдік қозғалтқыштарды қолдану арқылы жоюға болады. Бірақ бұл
күрделі құрылымды құрап, өндірісте көп жұмыстарға əкеліп
соқтыратындықтан үлкен қуаттарда асинхронды жиілікті-реттелетін
электржетектер қолданылады.
Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштың негізгі құрылыс
бөлшектеріне статор, ойықтарға орналасқан үшфазалы екі орама және тағы
басқа да қосалқы элементтер. Жақсы суыну үшін оның (кіндігіне) білігіне
желдеткіш орнатылып, қаңқасы көп қырлы етіп құйылған. Құрастыру,
орнату, ажырату кездерінде алып-салуға қолайлы болу үшін қорабының
жоғарғы жағынан ілгекті болт болады.
Асинхронды қозғалтқыштың статоры арнайы электр техникалық
болаттан қалыпқа құйып жасалған тісті қаңылтырлардан жасалған, іші қуыс
цилиндр, оның магнит өткізгіштігі (р), кәдімгі конструкциялық болаттан
жоғары.
Статор асинхронды қозғалтқыштың қаңқасына мықтап тығыздалады.
Қаңқа шойыннан немесе салмағы жеңіл арнайы қорытпалардан құйылады
және жұмыс жағдайына арналған ірғетасқа немесе арнайы тірекке бекітіледі.
Статорды тісті қаңылтырлардан құрастырған кезде оның ішкі бетінде белгілі
пішінді ойык пайда болады.
Қаңылтырдың арасында электрлік түйіспе болдырмау үшін
қаңылтырларды электр оқшауландырғыш лакпен бояйды. Осының барлығын
бірге алғанда, статор болатында құйынды токтармен гистерезистен болатын
электрлік және магниттік шығындарды азайтуға әкеледі, қорытындысында
оның қызуын азайтады.
Асинхронды қозғалтқыштың статоры. Асинхронды қозғалтқыштың
статоры арнайы электр техникалық болаттан қалыпқа құйып жасалған тісті
қаңылтырлардан жасалған, іші қуыс цилиндр, оның магнит өткізгіштігі (р),
кәдімгі конструкциялық болаттан жоғары.
Бұл айнымалы магнит өрісті статор темірінде артын магниттелуден
(гистерезис) болатын шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Статорды қүұып жасамайды, қалыңдығы 0,35 мм тісті қаңылтырдан
жинайды, мақсаты — ол арқылы Фуко құйынды тогынын, өтуіне кедергіні
көбейту.
Қаңылтырдың арасында электрлік түйіспе болдырмау үшін
қаңылтырларды электр оқшауландырғыш лакпен бояйды. Осының барлығын
бірге алғанда, статор болатында құйынды токтармен гистерезистен болатын
электрлік және магниттік шығындарды азайтуға әкеледі, қорытындысында
оның қызуын азайтады. Құйынды токтармен гистерезистен болатын
әлектрлік және магниттік шығындар ақыр соңында, ПӘК-нің мөлшеріне әсер
етеді. Болаттың магнит өткізгіштігі неғұрлым жоғары және қаңылтыр
неғұрлым жұқа механикалық бекемдігі жеткілікті болса, соғұрлым
асинхронды қозғалтқыштың шығыны аз және ПӘК жоғары болады, 98%-ға
дейін және одан жоғары болады. Іштен жанатын қозғалтқыштардың бірде-
бірінде мұндай көрсеткіш жоқ.
Асинхронды жиілікті - реттелетін электржетектері желдеткіш, сорғыш
және айдау қондырғыларында кеңінен қолданыс тапты.
Бүгінгі таңда газ өнеркәсібінде жиілікті - реттелетін асинхронды
электржетектер экономикалық тиімділігі мен технологиялық процесті
басқару қарапайымдылығы жағынан ең үздік жетектер ретінде кеңінен
қолданылады. Бір ғана АВВ концернімен газ өнеркəсібінде əлем бойынша 80
- нен астам, жалпы қуаты 460 Мвт болатын реттегіш жетектер орнатылған.
Бұл жоғары тиімді және сенімді жетек компрессорлар, сорғылар мен
сығымдағыштар қолданыс табады. Бүгінгі таңда әлемдік практика көп
сатылы компрессорлар және айдағыштарды шығаруда үлкен тəжірибеге ие.
Төменде жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің газ
өнеркәсібіндегі негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктері келтірілген.
- Бірқалыпты іске қосу және технологиялық процесті бірқалыпты реттеу
неғұрлым жоғары өндірурілікке əкеледі, материалдық
шығындарды азайтады, ток номиналды мәнінен аспайды және
жылдам іске қосылуына ықпал етеді.
- Елеулі энергия үнемдеу
- Қоршаған ортаны ластау проблемасының жоқтығы (төмен шу)
- Жылдамдық басқару кең диапазоны
- Салыстырмалы түрде шамалы салымдар
- Күтімде төмеңгі талаптар
- Жоғары сенімділігі мен жұмысқа дайындығы
- Электр энергиясын үнемдеу
Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштарда статор мен ротор
орамаларының бірнеше түрі, олардың ішінде тұзақты, толқынды және қысқа
тұйықталған (тек қысқа тұйықталған роторлар үшін) орамалар қолданылады.
Қуаттылығы кіші машиналар үшін тұзақты орамаларының бір түрі
ретінде, тіркеспелі орамаларда қолданылады. Асинхронды машинаның
қуаттылығына кернеуінің мөлшері мен ойықтарының пішініне қарай
орамаларының түрін таңдап алады. Бір қабатты тізбекті орамалар
қуаттылығы 7кВт-қа дейінгі асинхронды қозғалтқыштарда қолданылады.
Қуаттылығы жоғары болса, екі қабатты тұзақты орамалар қолданылады.
Толқынды орамалар негізінде, фазалық роторлы асинхронды
қозғалтқыштардың роторларында қолданылады.
Кернеуі 500 Вольтқа дейінгі қуаттылығы 60 кВт-тан аспайтын
асинхронды қозғалтқыштарда жартылай жабық ойыңтар және секциялары
жұмсақ ойыққа жататын бөлімдері оқшауланған орама қолданылады. Мұндай
орамалар тығындау тәсілімен төселеді. 250 кВт-қа дейінгі қозғалтқыштарға
екі қабатты қатқыл катушкалы орамалар қолданылады, оларды жартылай
жабық ойықтарға салады. Қуаттылығы жоғары кернеуді 500-ден 6000
Вольтқа дейінгілерде екі қабатты тұзақты орама қолданылады, олар қысқа
қадамды және қатқыл шарғылы болып келеді, ашық ойықтарға орналасады.

You might also like