You are on page 1of 4

Аннотация

Жұмыс жиілікті - реттелетін асинхронды электржетекті жəне оның


магистральдық газ құбыр компрессорлық станциялар айдау
қондырғыларындағы технологиялық процесске əсерін зерттеуге арналған.
Кілт сөздер: ротор, статор, түзеткіш-кернеудің автономды
инверторы, түзеткіштер, пульсация коэффициенті, магнит ағыны,
магнитті қозғалтқыш күш.

Өзектілігі:

 қазіргі уақытта кез келген технологиялық процесті басқарудағы негізгі


буын болып саналатын жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің
негізгі артықшылықтарын әдеби іздеу арқылы көрсету болып саналады.
 асинхронды және синхронды жиілікті-реттелетін электр жетегін
салыстыру арқылы асинхронды жиілікті-реттелетін электржетегін,
әсіресе үлкен қуаттарда сенімді және аз шығынды электржетек ретінде
анықтау.
 сорғы, желдету және айдау қондырғыларында қолданылатын жиілікті-
реттелетін электр жетектерінің ерекшеліктері
 жиілікті-реттелетін асинхронды электр жетегі энергия үнемдеу
тұрғысынан қарағанда тиімді болып саналады.

Мəні: Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті технологиялық


процестерде қолдану ерекшеліктерін және оның асинхронды электр
қозғалтқыштарының реактивті қуат қолдану кезіндегі әсерін зерттеу.

Мақсаты: Синхронды электр қозғалтқыштарын магистральдық газ


құбырлар компрессорлық станциялардағы жиілікті-реттелетін асинхронды
электр жетегіне ауыстыра отырып, электр энергиясын үнемдеу.

Бірінші тарауда жиілікті-реттелетін электржетектің негізгі


артықшылықтары қаралды. Асинхронды электржетектерін синхронды
электржетегімен салыстыра отырып негізгі кемшіліктері анықталды.
Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті басқарудың негізгі тəсілдері
көрсетіліп, неғұрлым қарапайым скалярлық басқару таңдалды.

Мұнай және газ тасымалдау жүйесіндегі синхронды және асинхронды


электр жетектер.

Қазіргі заманғы өнеркәсіп техниканың жаңа үлгілерін құру, қолданыстағы


ескі техниканың орнын басу жолында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар
ауыстырымдылықтың жоғары деңгейі сақталып, ол өз кезегінде материалдық
жəне энергетикалық шығындарды қысқартуға зор мүмкіндік береді.
Қолданыстағы технологиялық процестерге техниканың жаңа үлгілерін енгізу
оларды түбегейлі өзгертеді, неғұрлым икемді және бәсекеге қабілетті
қылады.

Əр түрлі салалардағы көптеген өндірістік процестерді энергия үнемдеу


тұрғысынан қайта қарау уақыты баяғыда келді. Біздің назарымыз мұнай-газ
өнеркəсібіне тоқтады. Бүгінгі күні мұнай мен газды тасымалдау электр
жабдықтары көп қолданылатын негізгі сфералардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде электр энергиясының 65 %- ын электржетек пайдаланады.
Заманауи практика көрсеткендей өнеркəсіп жұмысын электржетегісіз
елестету мүмкін емес. Қазіргі таңда электрқозғалтқыштары мен жетектерінің
экономикалық тиімділіктері жайында өткір мəселе қалыптасып тұр.

Қазіргі шығарылатын күштік электроника барлық электротехника


саласына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Электр
қозғалтқыштардың техникалық сипаттамаларын жақсартудың жаңа
мүмкіндіктері пайда болды. Бұған дейін тұрақты ток машинасы
технологиялық процессті басқаруда негізгі буын болып есептелді.
Асинхронды және синхронды қозғалтқыштар күрделі механикалық жəне
электромеханикалық сипаттамаларға ие болып, өндірімділік процесін
басқарудың жоғары деңгейін орындауға жол бермеді. Қуатты электроника
технологиялық кешендерді басқару мен реттеу кезінде ауыспалы ток
электржетегінің бірқатар артықшылықтарын анықтады. Осындай
мысалдардың бірі болып, жиілікті-реттелетін электржетек болып табылады.

Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің жұмыс істеу принципі


келесіге негізделген, ол сəйкес өрнек бойынша қоректендіруші кернеудің f
жиілігін өзгерте отырып, жылдамдықты өзгерту, ал ол өз кезегінде əр түрлі
сипаттамаларды тудырады. Синхронды қозғалтқышқа жиілікті-реттелетін
асинхронды қозғалтқыштың барлық негізгі ережелері қолданыла алады,
соның ішінде жиілік пен қоректендіруші кернеуді қатар қосу.

Үлкен инерция моментіне ие электржетектерде қолданылатын синхронды


қозғалтқыштарда, қозғалтқыш синхронизмнен ауытқымау үшін
қоректендіруші кернеудің жиілігін өте бірқалыпты өзгерту қажет.

Реактивті қуатты басқаруда жиілікті басқарудың əсері туралы көзқарас


қалыптасу үшін оның түпнегізін зеррттеу.

Біз жоғарыда атап өткендей асинхронды электр қозғалтқышытары арқылы


басқару, технологиялық процессті сапалы басқаруда артықшылықтар береді,
соның əсерінен электр энергиясын неғұрлым үнемдеуге болады.

Жиілікті-реттеудің мәні болып, қоректендіруші кернеудің жиілігін өзгерте


отырып, сәйкесінше статор магнит өрісінің бұрыштық жылдамдығын
өзгертуге болатыны. Бұл тәсіл, өз кезегінде, кең диапазонда жылдамдықты
бір қалыпты реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жерде келесіні атап өткен жөн,
жылдамдықты реттеумен асинхронды қозғалтқыштың сырғуы өзгермейді.
Жоғары энергетикалық көрсеткіштерге, мысалы: қуат коэффициенті, жүктелу
қабілетінің ПӘК-іне қол жеткізу үшін асинхронды электр қозғалтқыш
статорында қажетті кернеуді ұстап отыру қажет.

Жоғарыда айтылғандай күштік электрониканың пайда болуы, жиілікті-


реттелетін асинхронды электр қозғалтқыштарын пайдаланатын
технологиялық процесстер сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 50 жыл
бұрын электроника саласындағы әрбір жаңалық революциялық болды, ал
қазіргі таңда электронды құрылғылардың сан алуан түрлерін таңдауға
мүмкіндік туды. Тіпті жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті кең
қолданысқа енгізу қиындық туғызды. Жиілік түрлендіргіш нарығының тез
өсуі, IGBT базасындағы жаңа күштік модульдердің пайда болуына жол ашты.
Жиілік түрлендіргіштер көмегімен қоректендіруші кернеу жиілігін оңай әрі
қол жетімді реттеуге болады, ол өз кезегінде күрделі технологиялық
процесстерді басқаруға мүмкіндік тыуғызады.

Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің негізгі реттеу тәсілдері


болып, скалярлық және векторлық басқару болып табылады. Скалярлық
басқару деп - статордағы кернеудің жиілігіне әсер ете отырып, жылдамдықты
өзгерту болып табылады. Мұндай басқару кезінде кернеу мен ток скаляр
шама ретінде қарастырылады.

Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті скалярлық басқарудың


негізгі артқшылықтары келесідей:

1) Электр қозғалтқыштары тобын бір мезгілде басқару мүмкіндігі;

2) Тіпті зауыттық қондырмалар өзгерісі кезіндеде, негізгі параметрлермен


жеңіл реттелуі ;

3) Есептеуде күрделі операцияларды қажет етпейді;

4) Реттеудің кең диапазоны;

5) Негізгі технологиялық параметрлерді реттеу кезінде жүктелу қабілетінің


тұрақтылығы;

6) Құрылым қарапайымдылығы

You might also like