You are on page 1of 13

Кіріспе

Жұмыс жиілікті - реттелетін асинхронды электржетекті жəне оның


магистральдық газ құбыр компрессорлық станциялар айдау
қондырғыларындағы технологиялық процесске əсерін зерттеуге арналған.
Өзектілігі:
 қазіргі уақытта кез келген технологиялық процесті басқарудағы негізгі
буын болып саналатын жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің
негізгі артықшылықтарын әдеби іздеу арқылы көрсету болып саналады.
 асинхронды және синхронды жиілікті-реттелетін электр жетегін
салыстыру арқылы асинхронды жиілікті-реттелетін электржетегін,
әсіресе үлкен қуаттарда сенімді және аз шығынды электржетек ретінде
анықтау.
 сорғы, желдету және айдау қондырғыларында қолданылатын жиілікті-
реттелетін электр жетектерінің ерекшеліктері
 жиілікті-реттелетін асинхронды электр жетегі энергия үнемдеу
тұрғысынан қарағанда тиімді болып саналады.
Мəні: Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті технологиялық
процестерде қолдану ерекшеліктерін және оның асинхронды электр
қозғалтқыштарының реактивті қуат қолдану кезіндегі әсерін зерттеу.
Мақсаты: Синхронды электр қозғалтқыштарын магистральдық газ
құбырлар компрессорлық станциялардағы жиілікті-реттелетін асинхронды
электр жетегіне ауыстыра отырып, электр энергиясын үнемдеу.
Бірінші тарауда жиілікті-реттелетін электржетектің негізгі
артықшылықтары қаралды. Асинхронды электржетектерін синхронды
электржетегімен салыстыра отырып негізгі кемшіліктері анықталды.
Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті басқарудың негізгі тəсілдері
көрсетіліп, неғұрлым қарапайым скалярлық басқару таңдалды. Есептеу
бөлімінде жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің басқарылуы
көрсетілді.
Мұнай және газ тасымалдау жүйесіндегі синхронды және асинхронды
электр жетектер
Қазіргі заманғы өнеркәсіп техниканың жаңа үлгілерін құру, қолданыстағы
ескі техниканың орнын басу жолында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар
ауыстырымдылықтың жоғары деңгейі сақталып, ол өз кезегінде материалдық
жəне энергетикалық шығындарды қысқартуға зор мүмкіндік береді.
Қолданыстағы технологиялық процестерге техниканың жаңа үлгілерін енгізу
оларды түбегейлі өзгертеді, неғұрлым икемді және бәсекеге қабілетті
қылады.
Əр түрлі салалардағы көптеген өндірістік процестерді энергия үнемдеу
тұрғысынан қайта қарау уақыты баяғыда келді. Біздің назарымыз мұнай-газ
өнеркəсібіне тоқтады. Бүгінгі күні мұнай мен газды тасымалдау электр
жабдықтары көп қолданылатын негізгі сфералардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде электр энергиясының 65 %- ын электржетек пайдаланады.
Заманауи практика көрсеткендей өнеркəсіп жұмысын электржетегісіз
елестету мүмкін емес. Қазіргі таңда электрқозғалтқыштары мен жетектерінің
экономикалық тиімділіктері жайында өткір мəселе қалыптасып тұр.
Қазіргі шығарылатын күштік электроника барлық электротехника
саласына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Электр
қозғалтқыштардың техникалық сипаттамаларын жақсартудың жаңа
мүмкіндіктері пайда болды. Бұған дейін тұрақты ток машинасы
технологиялық процессті басқаруда негізгі буын болып есептелді.
Асинхронды және синхронды қозғалтқыштар күрделі механикалық жəне
электромеханикалық сипаттамаларға ие болып, өндірімділік процесін
басқарудың жоғары деңгейін орындауға жол бермеді. Қуатты электроника
технологиялық кешендерді басқару мен реттеу кезінде ауыспалы ток
электржетегінің бірқатар артықшылықтарын анықтады. Осындай
мысалдардың бірі болып, жиілікті-реттелетін электржетек болып табылады.
Жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің жұмыс істеу принципі
келесіге негізделген, ол сəйкес өрнек бойынша қоректендіруші кернеудің f
жиілігін өзгерте отырып, жылдамдықты өзгерту, ал ол өз кезегінде əр түрлі
сипаттамаларды тудырады. Синхронды қозғалтқышқа жиілікті-реттелетін
асинхронды қозғалтқыштың барлық негізгі ережелері қолданыла алады,
соның ішінде жиілік пен қоректендіруші кернеуді қатар қосу.
Үлкен инерция моментіне ие электржетектерде қолданылатын
синхронды қозғалтқыштарда, қозғалтқыш синхронизмнен ауытқымау үшін
қоректендіруші кернеудің жиілігін өте бірқалыпты өзгерту қажет.
Қозғалтқышты жүріске қосар кезіндегі ең қиыны болып, бастапқы жиілік
герц үлесін құрап, бірте-бірте өсіп максималды мəнге жеткен кезі болып
табылады. Бұл өз кезегінде технологиялық процесске кері əсерін тигізеді.
Бұны вентильдік қозғалтқыштарды қолдану арқылы жоюға болады. Бірақ бұл
күрделі құрылымды құрап, өндірісте көп жұмыстарға əкеліп
соқтыратындықтан үлкен қуаттарда асинхронды жиілікті-реттелетін
электржетектер қолданылады.
Асинхронды жиілікті - реттелетін электржетектері желдеткіш, сорғыш
және айдау қондырғыларында кеңінен қолданыс тапты.
Бүгінгі таңда газ өнеркәсібінде жиілікті - реттелетін асинхронды
электржетектер экономикалық тиімділігі мен технологиялық процесті
басқару қарапайымдылығы жағынан ең үздік жетектер ретінде кеңінен
қолданылады. Бір ғана АВВ концернімен газ өнеркəсібінде əлем бойынша 80
- нен астам, жалпы қуаты 460 Мвт болатын реттегіш жетектер орнатылған.
Бұл жоғары тиімді және сенімді жетек компрессорлар, сорғылар мен
сығымдағыштар қолданыс табады. Бүгінгі таңда әлемдік практика көп
сатылы компрессорлар және айдағыштарды шығаруда үлкен тəжірибеге ие.
Төменде жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің газ
өнеркәсібіндегі негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктері келтірілген.
- Бірқалыпты іске қосу және технологиялық процесті бірқалыпты реттеу
неғұрлым жоғары өндірурілікке əкеледі, материалдық
шығындарды азайтады, ток номиналды мәнінен аспайды және
жылдам іске қосылуына ықпал етеді.
- Елеулі энергия үнемдеу
- Қоршаған ортаны ластау проблемасының жоқтығы (төмен шу)
- Жылдамдық басқару кең диапазоны
- Салыстырмалы түрде шамалы салымдар
- Күтімде төмеңгі талаптар
- Жоғары сенімділігі мен жұмысқа дайындығы
- Электр энергиясын үнемдеу
- Өзін-өзі жылдам ақтауы
- Өндірістік алаңдарында орналастыру мен пайдалануда үлкен икемділігі.
Біз жоғарыда атап өткендей асинхронды электр қозғалтқышытары арқылы
басқару, технологиялық процессті сапалы басқаруда артықшылықтар береді,
соның əсерінен электр энергиясын неғұрлым үнемдеуге болады.
Жиілікті – реттелетін асинхронды электр жетектерінің негізі
саналатын заманауи күштік электрониканың рөлі
Жоғарыда айтылғандай күштік электрониканың пайда болуы, жиілікті –
реттелетін асинхронды электр қозғалтқыштарды пайдаланатын
технологиялық процесстер сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 50 жыл
бұрын электроника саласындағы әрбір жаңалық революциялық болды, ал
қазіргі таңда электронды құрылғылардың сан алуан түрлерін таңдауға
мүмкіндік туды. Тіпті жиілікті – реттелетін асинхронды электр жетекті
кең қолданысқа енгізу қиындық туғызды. Жиілік түрлендіргіш нарығының
тез өсуі, IGBT базасындағы жаңа күштік модульдердің пайда болуына жол
ашты. Жиілік түрлендіргіштер көмегімен қоректендіруші кернеу жиілігін
оңай әрі қол жетімді реттеуге болады, ол өз кезегінде күрделі
технологиялық процесстерді басқаруға мүмкіндік туғызады.
Бірақ кернеу инверторлар негізінде жасалған, аралық контуры бар
тұрақты ток жиілік түрлендіргіштері көп таралған. Бұндай жиілік
түрлендіргіштерінің қолдану аймағы пайдаланатын түзеткіш пен
автономды инверторларға (кернеу нмемсе ток инверторлары) байланысты.
Негізгі түрлендіргіштердің үш тобы бар:
1-ші топ: Басқарылатын түзеткіштер
2-ші топ: Жартылай басқарылатын түзеткіштер
3-ші топ: Басқарылмайтын түзеткіштер
Кең қолданысқа барынша қарапайымдылық пен сенімділікке ие, жоғары
ПӘК және шығу кернеуінің жоғары сапасына ие басқарылмайтын
түзеткіштер енгізілді. Энергияны түрлендіруге мүмкіндік бермейтін, көп
жағдайда қажетті болатын рекуперациялау режимін іске асыруға мүмкін
болады.
Жартылай басқарылатын түзеткіштер, өз кезегінде, келесі
артықшылықтарға ие: жоғары ПӘК және энергияны түрлендіру бойынша
қайтымдылық қасиетіне, және, әдетте, түрлендіргіштің шығу тоғын
реттеуге арналған автономды инверторлармен бірге қолданылады.
Кемшіліктеріне: түзетілген кернеу пульсациясының жоғары деңгейі мен
төмен қуат коэффициенті жатады.
Басқарылатын және жартылай басқарылатын түзеткіштерде жиілік
түзеткіштерінің күштік схемасын желіден қосымша жабдықтарсыз
ажыратуға мүмкіндік туады.
Автономды тоқ инверторының сипаттық ерекшелігі болып тоқ көзінен
қоректенуі жатады, ол өз кезегінде реактивті энергия мен коммутациялық
конденсатор арасындағы өзара алмасу құрамына кіреді. Инвертордың
кірісіндегі кернеудің елеулі ауытқуы, сонымен қатар инвертордың
кірісіндегі және шығысындағы кернеу қисығының формасы жүктеме
сипатына байланысты болады.
Жиілікті – реттелетін асинхронды электр жетектерін басқару тәсілдері
Біз жоғарыда атап өткендей асинхронды электр қозғалтқыш арқылы
басқару сапалы технологиялық процессті қамтамасыз етеді және неғұрлым
электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Отызыншы жылдардың өзінде
жиілікті-реттелетін электр қозғалтқышын пайдалану жайлы айтылған
болатын, бірақ ол кездегі электротехниканың дамуы оны кеңінен қолдануға
мүмкіндік бермеді. Жаңа заманауи, технологиялық іске асыру
қарапайымдылығына ие электрониканың пайда болуы, тиісінше осы
технология арзандығы жиілікті-реттелетін электр қозғалтқыштарын
пайдалануға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы электротехникалық жаңа
өнімдердің бірі болып IGBT- транзисторлары бар күштік схемалары,
сонымен қатар жоғары өнімді микропроцессорлық басқару жүйелерін
әзірлеу, жаңа жиілік түрлендіргіштернің шығарылымына әкет соқтырды.
Жиілікті – реттеудің мәні болып, қоректендіруші кернеудің жиілігін
өзгерте отырып, сәйкесінше статор магнит өрісінің бұрыштық жылдамдығын
өзгертуге болатыны.
Бұл тәсіл, өз кезегінде, кең диапазонда жылдамдықты бір қалыпты
реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жерде келесіні атап өткен жөн, жылдамдықты
реттеумен асинхронды қозғалтқышының сырғуы өзгермейді.
Жоғары энергетикалық көрсеткіштерге, мысалы: қуат коэффициенті,
жүктелу қабілетінің ПӘК – іне қол жеткізу үшін асинхронды электр
қозғалтқыш статорында қажетті кернеуді ұстап отыру қажет.
МС жүктеме кезінің тұрақтылығы сақталу үшін, кернеу мен жиілікті тиісті
үйлесімділікте реттеп отыру қажет. Осылайша, білік айналу жилігін
бірқалыпты реттеу үшін, қуат көзінің жиілігі мен кернеу жиілігін бір
мезгілде реттеп отыру қажет.
Жиілікті-реттелетін асинхронды электр жетектің негізгі реттеу тәсілдері
болып, скалярлық және векторлық басқару болып табылады.
Скалярлық басқару деп – статордағы кернеудің жиілігіне әсер ете отырып,
жылдамдықты өзгерту болып табылады. Мұндай басқару кезінде кернеу мен
ток скаляр шама ретінде қарастырылады.
Жетек жылдамдығының жиілікті реттелуін қарастырған кезде, статор
кернеуі атаулы (номинальды) шамадан өзгеше болғанда, яғни U эл.н ≠ U0эл ,
статорда атаулы кереу ұғымын Uо = U0.эл / U0.эл.н және электр қозғалтқышының
атаулы жылдамдығын енгізу қажет. Осы формулалардың түсіндірілу
схемасы төменде көрсетілген.
Т - тәрізді асинхронды электр қозғалтқыш алмастыру схемасы
Осы түсіндірме жиілікті-реттелетін электр жетегінің мәні мен реттеуге
қандай параметрлер әсер ететінің көрсетеді. реттеу. Жиілікті-реттелетін
электр жетек қоректендіруші ток және кернеумен тікелей пропорционалды
тәуелділекте, ал қалған параметрлер осы екеуіне тәуелді.
Скалярлық басқару кезінде механикалық сипаттамалар, қозғалтқыш
статорындағы жиілік пен қоректендіргіш кернеуінің қатынасына тәуелді. Бұл
жерде жиілік тәуелсіз әсер болып, ал кернеу мәні тәуелді параметр болып
табылады. Бұл ретте критикалық моменттің тұрақты мәні сақталады. Мұндай
реттеу тәсілі жиіліктік деп, ал кернеу мен жиілік арақатынас сипаты жиілікті-
реттелу заңы деп аталады. Бұл талаптарға сай болу үшін U/ƒ арақатынасын
әрдайым тұрақты болуын қамтамасыз ету керек. Бірақ сонымен бірге активті
кедергілерді ескермеу қажет. Оған, статордағы кернеуді қоректендіруші
токтың жиілігіне пропорционалды түрде өзгерту арқылы жетуге болады.
Әрине, нақты қозғалтқышта активті кедергі болады, бірақ оның кішкентай
мәндері әсіресе үлкен айналулармен жұмыс істеу кезінде әсер бермейді.
Әрине, орта және кіші айналулармен жұмыс кезінде оның әсері болады. Бұл
жағдайды статордағы кернеуді активті кедергі кернеуіне алмастыру арқылы
шешуге болады. Сол кезде жиілікті-реттелу заңының түсіндірмесі келесідей
болады.
1.1
Алынған өрнектен көрініп тұрғандай, қозғалтқыштың жиілікті реттелуі
кезінде асыра жүктелу қабілетін ұстап тұру үшін мына заң Ea/ω=const
орындалу қажет. Асинхронды электр қозғалтқышының жиілікті басқарылуы
кезінде механикалық сипаттамасы төменде көрсетілген түрде болады.

Сурет 1.2 Жиілікті басқарылуы кезінде асинхронды электр қозғалтқыштың


механикалық сипаттамасы
Жиілікті – реттелетін асинхронды электр жетектеріне нақты міндеттерді
қою кезінде математикалық модельдеудің рөлі.
Күштік электр қондырғылары, математикалық міндеттер қою, немесе
математикалық модельдеу көмегімен технологиялық үдерісті басқару жүйесі
режим таңдауда негізгі буын болып саналатыны белгілі. Кұрделі
технологиялық процестерді басқару кезінде, күрделі құрылымдық схемалар
пайда болады. Ситуациялық мәселелерді шешудің тиімді және әмбебап әдісі
болып, математикалық модельдеу саналады. Математикалық модельдеу
төмендегі принциптер көмегімен жүзеге асырылады:
1. Тұрақты жəне айнымалы жүктеме кезінде вал айналу
жылдамдығының өзгеруі.
2. Технологиялық процесс əсерімен берілген жүктеме немесе
кездейсоқ ауытқулар əсерінен берілген айнымалы жүктеме кезінде
вал жылдамдығын ұстап тұруы. Бізге белгілі басқарулар түрінен
сапалы болып, жиілік түрлендіргішінен қоректенетін асинхронды
қозғалтқыш кернеуі мен қоректендіргіш жиілігін бір уақытта өзгеру
арқылы жүретін басқару болып табылады.
Басқарылмайтын қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы, сипатты
нүктелері келісілерді анықтайтын бір қисықпен ұсынылады, олар
асинхронды қозғалтқыштың тұрақты ұзақ жұмысын анықтауы, іске қосу
және асқын жүктеме қабілеті, қоздырушы момент әрекетіне жауап қайтару
жылдамдығы мен қабілеті.
Газ өнеркәсібінде жиілікті – реттелетін асинхронды электр жетек
рөлі. Сорғыларда, желдеткіштерде жəне айдау қоңдырғыларында
жиілікті-реттелетін электр жетектерін қолдану ерекшеліктері.
Реттелетін электр жетекті қолдану төмендегі ерекшеліктерге
негізделген:
 Электр жетек жылдамдығын реттеу үшін жартылай өткізгіш
түрлендіргіштерін кеңінен қолдану;
 Күштік электр жабдықтарын стандарттау, оның зауыттық
дайындық дәрежесін арттыру;
 Жоғары ПӘК және басқа да техникалық-экономикалық
көрсеткіштер;
 Автоматты басқару жүйесі, бақылау, қорғау және
диагностиканы қамтитын күштік электр жабдығы кіретін электр
жетектерді құру ;
 Басқару аппаратурасын біріздендіру және кішірейту;
 Есептеу техникасы құралдарын қолдану, басқару жүйесін
құруда модульдік принципті қолдану.
 Электр жетектерді басқарудың типтік құрылымдарын ойлап
табу.
 Масса ауқымдық көрсеткіштерін жоғарылату, жарылыстан
қорғалатын, сенімділігі жоғары басқару аппаратурасын құру
үшін, қозғалтқыштардың құрылымын, жартылай өткізгіш
түрлендіргіштерін жетілдіру.
Алдағы жылдарда реттелетін электр жетектерін енгізудің негізгі көлемі газ
өнеркәсібінде күтілуде, ол оның ұйымдастыруының жаңғыруына тікелей
байланысты болады. Сонымен қатар, тозған немесе моральдық ескірген
жабдықтардың ауыстыруымен қатар, қолданыстағы электр машиналары мен
жартылай өткізгіш түрлендіргіш басқару жүйелері және реттелетін жетектің
басқа да бөлімдері модернизациялану мүмкін. Бұл кезде, реттелетін электр
жетек енгізу есебінен күтілетін электр энергиясын үнемдеу, бүкіл іс-шаралар
жиынтығынан күтілетін үнемдеудің 40% - ын құрайды.
Ауыр және қысылтаяң жағдайда реттелетін электр жетектің практикалық
альтернативасының пайдалану мүмкіндігінің болмауы, оның осындай
экстремалды жағдайларда қолдану үшін құру маңыздылығы жоғары екенін
көрсетеді.
Газ өнеркәсібінде реттелетін электр жетектерін қодану жұмыс
машиналары мен механизмдерінің өнімділігін арттыруға, технологиялық
процестерді автоматтандыруға, энергия тұтынуды және басқа да
шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жиілікті-реттелетін электржетектерді қолданудың негізгі спектрлары
келесі объектілер болып табылады:
1) Су-жылумен жабдықтау станция сорғылары, энергетикалық кәсіпшілік
қазандық қоңдырғылары және газ құбырлары. Реттелетін
электржетектерін қолдану электр қозғалтқыштарын бірқалыпты іске
қосуын қамтамасыз етеді; жүктемені, климаттық факторлар және
технологиялық құрылғылардың жұмыс режимдерін өзгерту кезінде
параметрлердің автоматты реттелуін қамтамасыз етеді.
Резервтік агрегаттарды автоматты түрде іске қосу, оның ішінде өрт сөндіру
сорғылары және т. б.; өз қажеттіліктерін электрмен жабдықтау шығындарын
төмендету.
2) Газ айдайтын станция компрессорлары, газ - турбинді агрегаттардың
желісті құрылғылары, газ бен май әуе салқындату вентиляторлары,
газдық конденсатты айдау сорғылары.
Осы қондырғыларда реттелетін электр жетектерді қолдану келесіні
қамтамасыз етеді:
- компрессорлар мен сорғы агрегаттар өнімділігін дроссельдеу орнына
автоматты жиілікті басқару;
- өнім берілісінің өзгеруі кезінде қысымды реттеу мүмкіндігі;
- қуатты электр қозғалтқыштарын бірқалыпты іске қосу;
- іске қосу тоқтарының айтарлықтай төмендетілуі;
- сығылған газ температурасын автоматты реттеу;
- энергия үнемдеу.
Газ конденсатының және газды қайта өндеу технологиялық
құрылғыларның сатылы сығу газ компрессорлары, газ конденсатын сору
және айдау сорғылары, сығылған газ салқындату желдеткіштері автоматты
реттеу режиміне өтеді, ол өз кезегінде өнімнің сапасын арттыруға,
өнімділікті жоғарылатуға және электр энергиясын тұтынуды азайтуға
мүмкіндік береді.
Жиілікті-реттелетін электржетектің айтылған барлық артықшылықтары
және оның газ өнеркәсібінің негізгі буыны ретінде маңыздылығы
технологиялық процессті басқару кезінде ашылады. Жиілікті-реттелетін
электржетектің құндылығын ұсыну үшін жиілікті-реттелетін электр жетегі
бар айдағыштың есебі жүргізілді.
Айдағыш механизмнің айырмашылығы энергия тұтынудың біркелкі
болмауы. Бұл механизмдерде энергия тұтыну тәулік, жыл бойында ауытқып
отырады. Мысалы, егер жаз мезгілінде егер энергияны тұтыну азайса, қысқы
кезеңде тиісінше ұлғаяды. Тұтас технологиялық процесті жиілікті-реттелетін
асинхронды электржетектің көмегімен оңай басқаруға болады. Мысалы,
сығылу дәрежесінің сәйкес пропорционалдығын сақтай отырып, сығылған
газ қысымын реттеуіне әсерін беретін, өнімділікті азайтып не көбейтуге
болады.
Скалярлық басқару арқылы барлық технологиялық параметрлерді
басқаруға болады: көлемдік өнімділігі, активті және реактивті қуатпен,
ортадан тепкіш айдағышының қарсылық моменттімен. Барлық тәуелділіктер
есептеу бөлімінде ұсынылған.
Зерттелетін нысан ретінде БҚО-ның магистральды газ құбырының желілік-
өндірістік басқармасының компрессорлық станцияларының бірі алынды. Осы
газкомпрессорлық станцияда 4МВт-тық 5 синхронды электр қозғалтқыштары
орнатылған. Біздің міндет осы синхронды электр қозғалтқыштарын жиілікті-
реттелетін асинхронды электр қозғалтқыштарына ауыстыру арқылы энергия
үнемдеуді көрсету және технологиялық процесспен басқару сипатын өзгерту
болыт табылды. Жиілікті-реттелетін синхронды электр қозғалтқыштарын
пайдалану көптеген кемшіліктер ие екенін көрсетті. Үлкен қуаттарда
синхронды электр қозғалтқыштарын пайдалану айтарлықтай энергия
шығындарына әкеледі. Жиілікті-реттелетін синхронды электр
қозғалтқыштары реттеудің өте қиын сипаттмасына ие және негізгі
параметрлерді басқару қиындатылған. Жиілікті-реттелетін синхронды электр
қозғалтқыштарының кемшіліктері төменде көрсетілген:
- Тұрақты ток көзі талап етіледі ;
- Контактты сақиналары бар;
- Момент өзгеруі және сонымен байланысты айналудың біркелкі болмауы;
- Асинхронды электр жетекке қарағанды күрделі құрылымдық
сипаттмаларға ие, ол өз кезегінде қосымша реттеу механизмдерін талап етеді;
- Қоздыру күрделілігі.
Бүгінгі күні тристорлы қоздырғыштар бар, олар өз кезегінде жоғары ПӘК
пен сенімділікке ие, алайда, мұндай әдіс қүрделі және құны жоғары болып
табылады. Бірақ басқа да шығу жолы бар, ол тұрақты магнитпен қоздыруға
негізделген. Алайда магниттің үлкен қорына ие тұрақты магниттерді
дайындауда материалдардың жетіспеушілігінен өзінің қолдануын тек біреше
киловатты электр қозғалтқыштарында тапты. Үлкен қуаттағы жиілікті-
реттелетін асинхронды электр қозғалтқыштары айтарлықтай
артықшылықтарға ие.
- Технологиялық конструкциясының қарапайымдылығы;
- Жеңіл реттеу сипаттамасы;
- Іске қосу соққыларының минималды өзгеруі;
- Технологиялық міндеттердің тікелей шешілуі және энергия үнемдеу;
- Кез келген берілген жұмыс нүктелерінде технологиялық
процесстерді бірқалыпты реттеу;
- Асинхронды электр қозғалтқышының айналу жиілігін реттеудің кең
диапазоны.
- Жарылыс пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жиілікті-реттелетін
асинхронды электр қозғалтқыштарының жиынтықталған түрін
пайдалану кең етек алды.
Осылайша, талдау нәтижесінде біз мынадай қорытынды жасай аламыз,
үлкен қуаттарда жиілікті-реттелетін асинхронды электр қозғалтқыштары,
синхрондыға қарағанда едәуір артықшылықтарға ие. Сондықтан біз
зерттелетін объектте синхронды электр жетектерін дәл сондай қуаттағы
асинхронды электр жетектеріне алмастырдық.
Есептеу бөлімі ортадан тепкіш айдағыш өнімділігін өзгерту кезінде оны
басқару үшін жиілікті-реттелетін асинхронды электр қозғалтқыштар
парамтерлерін анықтау үшін орындалады.
Есептеу бөлімінде барлық технологиялық процесстердің өзара байланысы
көрнекі түрде ұсынылған. Осы арқылы жиілікті-реттелетін асинхронды
электр қозғалтқыштарының айналу жиілігін бірқалыпты реттеуі дәлелденді.
Бұл мәселені шешу кезінде жиілікті-реттелетін электржетектің, белсенді
және реактивті қуатқа әсері көрсетілді.

7. Зайцев С.Г “Проблемы оценки экономической эффективности


внедрение регулируемого электропривода в современной энергетике.”
Өнеркәсіптік энергетика.-2000 ж.№10.
8. Браславский И.Я «О возможностях энергосбережение при
использовании регулируемых асинхронных электроприводов»
Электротехника. – 1998 ж.-№8.

You might also like