You are on page 1of 3

6М071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша техника

ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін Тулеутаев Адилет


Тулеутаевичтің «Асинхронды электрқозғалтқыштар тобының реактивті
қуатын пайдаланудағы жиілікті басқарудың әсерін зерттеу» тақырыбына
жазылған магистрлік диссертациясына

СЫН ПІКІР

1. Магистрлік диссертацияның тақырыбы мен мазмұнының


магистратура мамандығымен сәйкестігі
Магистрлік диссертацияның тақырыбы және мазмұны
магистратураның 6М071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының
талаптарына сай таңдалып, орындалған.

2. Зерттеу тақырыбының өзектілігі: жалпы ғылыми және жалпы


мемлекеттік, тәжірибелік сұраныстары, ғылыми және техникалық
дамуымен байланыстылығы
Қазіргі уақытта кез келген технологиялық процесті басқарудағы негізгі
буыны болып саналатын жиілікті-реттелетін асинхронды электржетектің
негізгі артықшылықтарын әдеби іздеу арқылы көрсету болып саналады.
Асинхронды және синхронды жиілікті-реттелетін электр жетегін
салыстыру арқылы асинхронды жиілікті-реттелетін электржетегін, әсіресе
үлкен қуаттарда сенімді және аз шығынды электржетек ретінде анықтау.
Cорғы, желдету және айдау қондырғыларында қолданылатын жиілікті-
реттелетін электр жетектерінің ерекшеліктері. Жиілікті-реттелетін
асинхронды электр жетегі энергия үнемдеу тұрғысынан қарағанда тиімді
болып саналады.
Магистрлік диссертацияның мақсаты өнеркәсіптің техникалық дамуына
байланысты ерекшеліктерін есепке ала отырып, жиілікті – реттелетін
асинхронды электр жетегінің тиімділігі мен жұмыс қабілеттілігін арттыру
құралдарын дамыту және мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. Қойылған
мақсатқа жетуде жиілікті-реттелетін электржетектің негізгі артықшылықтары
қаралды. Асинхронды электржетектерін синхронды электржетегімен
салыстыра отырып негізгі кемшіліктері анықталды;
 жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті басқарудың негізгі
тəсілдері көрсетіліп, неғұрлым қарапайым скалярлық басқару таңдалды.;
 жиілікті-реттелетін асинхронды электржетекті технологиялық
процестерде қолдану ерекшеліктерін және оның асинхронды электр
қозғалтқыштарының реактивті қуат қолдану кезіндегі әсерін зерттелді;
 синхронды электр қозғалтқыштарын магистральдық газ құбырлар
компрессорлық станциялардағы жиілікті-реттелетін асинхронды электр
жетегіне ауыстыра отырып, электр энергиясын үнемдеуге болатынын көз
жеткізу үшін есептеулер жасалынды.
.
3. Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптарға сай ғылыми
нәтижелер
Магистрлік диссертация тақырыбы қазіргі таңдағы өнеркәсіп саласында
өзекті мәселе, жұмыс тиімділігін арттыруда қажетті тақырыптардың бірі
болып табылады.
Елдегі өнеркәсіп саласының қазіргі техникалық, әрі ғылыми дамуы
негізінде алынған сараптаулар, есептеулер және техникалық шешімдердің
оңтайлы әдістерін оқу және зерттеу үрдістерінде пайдалану арқылы электр
жетекті жиілікті басқару жүйесін енгізу жүзеге асырылған.

4. Магистранттың магистрлік диссертациясында тұжырымдалған


әр нәтиженің, қорытындылардың негізделуі мен дәйектілік дәрежесі
А.Т.Тулеутаевтың магистрлік диссертациясының негізгі, тәжірибелік
бөлімі, әдебиеттер жинау, шолу, оны талдау және өңдеу, сонымен қатар
зерттеу нәтижелерін жинақтап, есептеу жүргізу және қорытынды бөлімдері
өздігінен орындалған.
Ғылыми зерттеу нәтижелері магистранттың ғылыми зерттеу
жұмыстарының орындалуы жөніндегі есептерінде және жарияланған ғылыми
мақалаларында көрсетілген.
Магистрлік диссертациясында көрсетілген нәтижелердің нақтылығы мен
дәйектілік дәрежесі сенімсіздік тудырмайды және зерттеу жұмыстары жан –
жақты зерттелген.

5. Магистранттың магистрлік диссертациясында тұжырымдалған


әр нәтиженің жаңашылдық дәрежесі мен қорытындысы
Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңашылдығы: Әдеби іздену және
жасалған талдау және есептеулер бойынша, жиілікті-реттелетін асинхронды
электр жетектерін пайдаланудың орындылығы жайлы қорытындыға келдік.
Станцияны синхронды жиілікті-реттелетіннен асинхрондыға алмастыру
кезінде энергиямен қамту жүйесінде өзгерістер қондырғылардың өнімділік
ПӘК-ін төмендететін технологиялық процесс құрамынан бірқатар
элементтерді алыс тастау арқылы жанашылдық енгізіліп, экономикалық
тиімділікке қол жеткізілетін болады.

6. Магистрлік диссертацияның негізгі шарттарының,


нәтижелерінің және қорытындыларының жариялануының жеткілікті
толықтығының растауы
Магистрлік диссертация материалдары бойынша барлығы 2 ғылыми
жұмыс келесі баспаларда жарияланған:
1. И73 «Интернаука»: ғылыми журнал – № 2(84). Часть 2. – Мәскеу.,
Баспа. «Интернаука», 2019. – 88б.
2. И66 “Инновационные подходы в современной науке. сб. ст. по
материалам” атты XXXVII халықаралық ғылыми - тәжірибелік
конференция. – № 1(37). – Мәскеу., Баспа. «Интернаука», 2019. – 130
б..
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу актісі диссертацияның
қосымшасында беріледі.

7. Алынған нәтижелердің сәйкес өзекті мәселені, теориялық және


қолданбалы міндеттерді шешу үшін бағытталуы мен ішкі бірлігінің
бағасы
Бұл басқару жүйесі газ тасымалдау технология мәселелерін қарастырған
кезде, істеп тұрған компрессор станцияларындағы үлкен қуатты синхронды
электр жетектерін жиілікті-реттелетін асинхронды электр жетектеріне
алмастыру арқылы тәуліктік және маусымдық өнімділік ауытқуларында
тиімді пайдалануда ең тиімді үлгі болып табылады.

8. Магистранттың жауапкершілікпен қараған жағдайындағы


дәйектерін расталуы
6М071800 – «Электр энергетикасы» магистрлік диссертациялық
жұмысы бойынша зерттеу жұмыстарын жауапкершілікпен,
қызығушылықпен, жоғары тиянақтылықпен орындады. Жұмыс барлық
талаптарға сәйкес орындалған.

You might also like