You are on page 1of 25

Кешіктіріп алынған кек (детектив)

Авторы: Айбек Қалмағанбетов

Артыма қайырылып қарамаспын деп іштей берген уәдесіне тұра


алмады. Тәуекелге бел буып тұрса да, өз үйінің табалдырығын аттап
шығарда еріксіз артына бұрылды. «Табалдырықтан биік тау жоқ»
деген осы. Ең бірінші көзі қаннен-қаперсіз тәтті ұйқы құшағына
шомылып жатқан ұлына түсті. «Ешнәрседен хабарсыз, бейкүнә тәтті
ұйқыңнан айналдым құлыным, кешір жаман әкеңді. Әкеңнің
бейнесін есіңде әлі дұрыс сақтап үлгерген де жоқсың, келесі
көріскенде ұмытып та қаларсың. Бәлкім болашақта қайта кездесер
күн болса, тамырыңда әкеңнің қаны ағып жатырса, танитын да
боларсың құлыным, барлығы бір құдайға аян. Қош, қайда жүрсең де
аман бол құлыным, бір құдайға аманат еттім.
Енді көзінің қиығы сырғып барып баласының қасында ұйықтап
жатқан анасына тоқтады. Омырауы бір көтеріліп, бір басылып олда
тәтті ұйқы құшағында жатырғанмен, енді-енді оянып кететіндей
сезім тудырады.
Оянып кеткен бойда қасын керіп, Алмасқа еркелей қарап:
-Біздерді тастап қайда кетіп барасың? - деп аяғына орала кететіні
сөзсіз. Осыны ойлағанда көңілінде қимас бір сезім бұлқынып өтті.
-Сенде кешір мені, тағдырдың жолы теп-тегіс емес екенін мына
жалғанда түсінер кісі бар болса, ол сен боларсың. Үстел үстіндегі
жазып қалдырған хатымды оқығаннан кейін, дұрыс тұжырым
жасайтыныңа сенемін. Әрине бар қиыншылықты бөлісіп көруге
бақұл екенің маған аян, бірақ бұл жолғы жағдай тіпті басқа. Артыма
ерген жалғыз тұяқ өзіңе аманат, екеуің бір
құдайға аманат. Қош болыңдар асылдарым менің!
Артыңдағы есік дыбыссыз жеңіл жабылды
*** *** *** *** *** ***
Артық-кемі жоқ поездың жүруіне бес минут уақыт қалғанда үлгерді.
Таңғы сағат төрт, енді екі сағаттан соң Ақжан оянады, бірден бұны
іздемейтіні кәдік, тырп-тырп басып ваннаға беттейді. Күндегі әдеті
солай.
Телевизорды сылтауратып кеше залға жатқаны да сондықтан, себебі
Ақжан таңғы сағат жетіні соғып, өзінің таңғы асы дайын болмай,
өлсе де залдың есігін ашпайды. Ендеше бұл кезде Алмас Алматыдан
екі жүз шақырымға ұзап кетеді екен. Одан ары күтіп тұрған
тағдырын көз алдына келтіре алмады.
-Азамат билетіңізді көрсетіңіз. Жолсерік қыздың сыңғыр еткен
даусы бұны қалың ой құшағынан суырып алды.
-Ух,- деді Алмас қатты ұйқыдан шошып оянғандай селк етіп. Рахмет
сізге. Деді айтқан сөзінің байыбына бармастан билетін ұсынып
жатып. Жолсерік қыз «мынаның есі дұрыс па өзі» дегендей таңдана
қарады.
Купенің іші үйдей таза, ұядай жылы. Бірінші Алматы вокзалынан
жолсерік қыз тағы есік қақты:
-Кешіріңіз аға, қасыңызға екі жолаушы орналастырсам, қарсы
болмайсыз ба? Деп сұрады да Алмастың жауабын күтпестен: –
Бәрібір Ақтөбеге шейін қасыңыз бос, өзіңізге де жақсы, әңгімелесіп
жол қысқартасыз, манағыдай қалың ойға батып кетпеуіңізге де
себеп, - деді сәл жымиып. Жолаушылардың ішкі жан-дүниесін
көздерінен оқып үйренген, мыңдаған жолаушының бабын табуға
әзір тұратын, томаша асықтай жолсерік қарындастың меселін
қайтарғысы келмеді, әрі бос тұрған орынды кімнен қызғанады.
-Жарайды қарсылығым жоқ. Өзіңіз сияқты жол бейнетін түсінетін
жандар шығар деп үміттенемін. Тоқтай тұрыңыз, сосын маған ыстық
шай құйып берсеңіз алдын-ала рахметімді айтар едім.
Деп Алмас бәрібір ұйықтай алмасын біліп жинақталып отырды.
- Әміріңізге құлдық аға, тек рахметіңізді оңды-солды көп шаша
бермеңіз, жол ұзақ Атырауға дейін жетпей таусылып қалар.
- Оған қам жемеңіз кеше базардан бір дорбасын сатып алғам.
Алмастың келісімін алған жолсерік қыз купеге қызбен жігітті алып
келді. Бөлмеге енген алпамсадай жас жігіт «Ассалаумағаликумын»
айтып бұнымен қол беріп амандасты, «менің сізге жат ойым жоқ»
дегендей аңқылдаған еміреуіні ұнады, тек адамды тез жалықтырып
жіберетін мылжыңдар қатарынан болмаса жарады. Ондайлардан
құдай сақтасын!
-Ағай мінекей тәтті шайыңыз.
-Рахмет айнам.
-Тегін рахмет болса қабыл алдық.
-Неліктен тегін болсын, сіздің жымыйған жылы жүзіңіз бен сыңғыр
күлкіңіз соның өтеуі емеспе.
-Аға өзіңіз кішкене ақынжандылау сияқтысыз, олай болса менде
сізге рахмет айтамын.
-Сосын бұл купенің жолақысы толықтай төленгенін ескертейін,
сондықтан келген жолаушыларға жеңілдік жасайды деп үміттенем.
-Оған қам жемеңіз ағай.
Бұл кезде келген жолаушылар әбден орналасып болды. Алмас жол
сумкасын ашып жеңіл-желпі тамақпен бірге бір жартылық шығарды.
-Бауырым мынаған қалай қарайсың? Таныса отырып тамырға от
берсек. Кейбіреулер сияқты көздері жылт етпесе де жігіт қарсылық
білдірмеді.
-Оның оқасы жоқ қой. Тек бас жазуға тым ерте емеспе, шолпан да
туған жоқ дегендей. Күл білтеге салынбай өз ойын бүкпей айтқан
жігітке көңілі риза болып қалды, әрі бір жағынан «екеуміз әлі бір-
біріміздің сырымызды білмейміз» деген ойын жазбай ұқты. Жалпы
Алмас түрлі сапарларға күн-түн демей жүріп үйренген жәнеде өзі
әскердегідей темір тәртіпке үйренген жандардың қатарынан еді.
Жолға алатын заттарын тап-тұйнақтай салып жүретін әдеті, тек бұл
жолы сумкасындағы көп заттардың ішінде қырынатын станогы ғана
жоқ, себебі жол жолы соның қажеті де шамалы. Алдағы
уақытта бұны ешкім танымағаны дұрыс, Атыраудан кеткеніне он
жылдан асты, бұл уақытта біршама өзгерістер болды, енді киім
киісін, сөйлеу мәнерін жүріс-тұрысын өзгертсе онда бәрі ойдағыдай
деп шешуге болады. Ертеректе «өмір-театр, адам-актер» дегенге
жеңіл қарайтын басы, енді осы театрда өз актерлік ролін дұрыс
атқара алса ғана сапарының сәтті болатыны сөзсіз. Осы ойдың
жетегінде отырып Алмас екі стаканға арақты толтырып құйды да,
қалғанын сумкасына салды.
-Кел інішек танысып қоялық. Менің атым – Болат болады, Кеген
дейтін жерде тұрамын. Ия Болат Қабылов деген ағаң мен боламын.
Өз атын екі рет қайталап айтуы тегін еместі, бұлда бір жаттығудың
амалы. Қолындағы төлқұжатта солай жазылған, сондықтан осы
жалған атқа үйрене беруі керек.
-Қайрат Барым ұлы, Қызылордада туып өстім. Қасымдағы
қарындастың аты – Майра, сізге келін десеңізде болады. Екеуміз
Алматыда оқып жатырмыз.
Таныстықтан кейін әрі-бері шамалы әңгімелесті, Қайрат көп сөзге
жоқ екен. Көршесінің көңіл хошы жоғын байқаған олар сәлден соң
демалуға рұхсат сұрады.
*** *** *** *** *** ***
Мезгіл көктем. Табиғат жаңа түрге еніп, дала бусанып жатыр. Ескі
жылдың кір-қоқысы жаңа жылдың ақша қарымен шайылып, күн
шуағының қызуымен буға айналып аспанға көтеріліп кетіп
жатырған кез, көктемнің жайма шуағы адамның ішкі жан дүниесіне
де нұр боп құйылып, оларда өз бойларынан жастықтың қуатын,
жаңалықтың лебін сезінетін шақ. Көктемнің құдіретті әсерінен де
күшті Алмастың жанын қоярға жер таптырмай жегідей
жеген, көңілге байыз бермейтін бір күйгелек сезім бар. Сол күйгелек
сезім еді бұны жылы төсектен жұлып алып алыс сапарға
аттандырған. Бұйыққан бірқалыпты өмірін бұдан үш күн бұрын
Атыраудан соғылған телефон үні бұзды. Телефон тұтқасының ар
жағында балдызы Мұрат екен, жылына бір рет хабарласатын
екеуінің әңгімесі өте қысқа болатын, амандық-саулықтан
кейінгі сөз ағайынды Біржановтардың хабарына тірелетін, ал бұл
жолғы әңгіме ұзақтау болды...
-Берік пен Серік бостандыққа шығыпты. Қазір Н деген қалада.
Алмастың құлағы елең етті, тек терісіне сіңген салқын қандылықпен
дауысын еш өзгертпеді.
-Қашан?
-Бір аптадай болды, анық-қанығына өзім Н қаласына барып көз
жеткізіп келдім.
-Ақша өз дегенін істеді десеңші.
-Ия тіпті түрмеде отырмаған сияқты. Қазір курорттан келгендей
бұрынғы достарымен тайраңдап сауық-сайран салып жүр. Сенің
айтқаның тура келді, олар өз поездарынан кешіккен жолаушылардай
бұрынғы кәсіптеріне құлшына кірісіпті.
Кеше түнде осыған көзім анық жетті.
-Сені байқап қалған адам болмады ма?
-Барынша сақтанған сияқтымын, өзіңнің қашан шығамын деген
ойың бар?
-Әрі қарай айта бер, басқа қандай мәліметтерің бар?
-Естуім бойынша оларға қазіргі дем беріп отырған Ерлан, сенің
тануың керек бұрынғы ауылдасың.
-Аташтың баласы ма?
-Ия дәл өзі, қазір лақап аты Қасқыр. Өзі де дәл қасқыр сияқты жоны
күжірейген дәу біреу. Бірақ қасқыр деген атты аузын ашса ақсиып
тұратын екі тісіне байланысты қойған дейді. Біржановтарды
ағайыны, әрі общякпен тығыз байланысы бар деген сыбысты да
естідім. Яғни беделі зор және қала ішінде екі-үш кафе-барға иелік
етеді.
-Енді олардың қайда тұрақтамақ ойлары барын білдің бе?
-Менің құлақтарым дұрыс естісе олардың болашақ жоспары Ақтау
қаласы. Жастар көп, жақсы дамып келе жатқан сауда аймағы.
Әсіресе арам ақшаларын жууға таптырмайтын жер. Ең бастысы ол
жақта Ерланның ағасы Нұрлан сот болып жұмыс атқарады. Тіпті
Біржановтарға тұрғын үйді де сайлап қойыпты.
-Жағдай түсінікті, менің заттарымды дайындап қойдың ба?
-Ия, бәріде сайма-сай, сен қашан шығасың?
-Бұйырса үш күннен соң, ертең кеңседегі ұсақ-түйек шаруаларды
бітіруім керек. Бастықпен алдын-ала келісімім бар, сондықтан бұл
шаруа еш кедергісіз шешілуге тиіс деп ойлаймын. Тағы үш-төрт күн
анау-мынау істерге кететін болар. Тосын жай кездеспесе алдағы
жексембіде күтіп ал.
Аты-жөнім Қабылов Болат, еш жерде жұмыс жасамайды, негізгі
тұрағы жоқ, мақсаты жұмыс іздеу. Арғы жағын барған соң көрерміз,
өзгеріс болса өзім хабарлаймын. Кездескенше сау бол, сақтанып
жүрерсің.
-Құп болады, өзің де сақ болғайсың!
Мұратпен болған осы әңгімеден соң Алмас ұзақ ойға кетті.
Жауыздар бостандыққа шыққан екен, енді кімнің ордасын
талқандамақ ойлары бар екен. Олардың түрмеде де жақсы өмір
сүретінін, сосын ол жерден уақытынан бұрын босанатынын сонау
қарғыс атқыр жылы Алмас сот залынан сыртқа беттеген сәтте сезген
еді. Өз ошағын қандықол қарақшылардың тырнағынан
арашалай алмай өзегі от болып өртеніп, бармағын бір шайнаса,
қалталы жандар тиісті жазадан сытылып кеткенін көргенде
бармағын екінші рет шайнады. Әділетті заңның беделділер алдында
дәрменсіз екенін көргенде зығырданы қайнап, сот залынан
тәлтіректеп әзер шықты, әсіресе жанына батқаны шығып бара
жатырғанда Біржановтардың бұған мүсіркей қарағаны
болды. Сенімі быт-шыт болып адамға сенуден қалды. Қазіргі
заманда заң дегеннің әркімнің қалтасында екеніне көзі жетті, кімнің
қалтасы қалың болса заң сол жағында. Зират басына қалай жеткені
есінде жоқ. Әлемдегі ең жақын, ең аяулы, ең қымбат жандарының
енді өмірде жоқ екеніне, енді ешуақытта жүздесе алмайтынына
көңілі еш сенбейді. Адам өз істеріне есеп бермейтін, не істеп,
не қойғанын сезбейтін кезі болады ғой. Міне Алмас та дәл сондай
күй кешуде. Сүйген жары Маржанмен, қос құлыны Күмісай мен
Алтынайдың жансыз ескерткішін құшақтап құлаған күйі екі көзіне
ерік берді, сегіз ай бойғы сергелдеңнен кейінгі бұл Алмастың алғаш
өкіріп жылағаны еді.
Артынан балдызы Мұрат келіп ажыратпағанда әліде қанша
жататыны белгісіз еді. Қос жанардан сорғалаған жасын тыя алмай
солқылдаған күйі Мұратқа сүйеніп ұзақ отырды. Бірте-бірте бекіген
көңілі болат тастай қатайып, сол жерде қарақшыларға өз үкімін
шығарды. Бар адамгершілік қасиеттерден айырылған ондай
хайуандар жер басып жүруге құқылары жоқ, ең ауыр жаза өлім
жазасына кесіледі. Шығарған үкімін дауыстап айтып, осы
үкімді қай кез болсада, қандай жағдай болса да өз қолыммен
орындаймын деп топырағы кеппеген қабір басында, қымбатты
жандарының рухына басын иіп тұрып серт берді. Бар ойын жарияға
шығарғаннан кейін Алмастың көңілі жұбанды, бойы жеңілденді,
өмірден түңілген басын тіктеді. Ендігі жерде ортасына түскен
шаңырағының кегін қайтару үшін өмір сүретінін түсінді.
Сол мақсат бойына күш-жігер қосты. Өткен күндер елесі күні
кешедей көз алдынан өтіп жатыр, бұдан он жыл бұрын басталған
күрес әлі аяқталған жоқ.
*** *** *** *** *** ***
Поезд зулап келеді, көршілер қалың ұйқыда. Күткен адаммен,
асыққан адамның тықыршыған көңілі байыз таба алмайтыны белгілі.
Тіршілік қайнаған қозғалыс, жылдар өтеді, жолдар көшеді. Мәңгілік
деген ұғым бар, бірақ мәңгілік ешнәрсе жоқ. Ой ойды оятады, бір сәт
Алмас өткен өмірін жыл маусымдарына теңеді. Жылдың төрт
маусымы бар. Жыл маусымы көктемнен басталады. Табиғаттың
жастық шағы мен адамның жастық шағы пара-пар емеспе. Алмастың
есіне Алматыдағы заң институтында оқып жүрген өрімдей жас шағы
түсті. Оқудың алғашқы жылдары сабақтан басқа ешнәрсе де
қызықтырмайтын, ол заман қазіргіден
өзгешелеу, компьютер-интернет түгілі кітаптың өзі қат заман еді.
Күнде бір мезгіл кітапханаға барып кітап кеміреді, өзі қат кітаптар
қолға берілмейді. Сондықтан оқу залында дайындалуға тура келеді,
қазіргідей көшіріп алатын ксерокс жоқ. Бірақ білімге деген
құштарлық қандай десеңші, оқыған сайын, ізденген сайын құмартып
білімге шөлі қанар емес. Сондай құмарлықпен
кітапханаға келген бір күні іздеген кітабын осының алдында ғана бір
қыз алып кетіпті. Алмастың күнде келетінін білетін кітапханашы
апа:
-Жаңа ғана алып кетіп еді, сонау артқы жақта отырған қыз. Енді
басқа пәндерге дайындалмасаң ол қыз шамалы уақытта кітапты
қайтара қоймайтын шығар,-деді күлімсіреп. Неге екенін қайдам
қызды көрген бойда Алмастың жүрегі шымыр етті, бұрын сезініп
көрмеген бір сезім тұлабойын дір еткізді.
Көңілі кітапқа емес қызға ауып, жүрексіне басып қыздың қасына
келді. Күтпеген жерде басталған таныстық ары жалғасын тауып
жүре берді, желпінген жастық, махаббатқа мастық көңілге алмасты.
Ыстық сезім құшағында бұлар төрт жыл жүрді. Қызықты да алаңсыз
күндерді бірге кешті. Сөйтіп институт бітірер жылы екі жас үйленді
де, сол жылы Алмас екеуі жолдамамен Ақмолаға жол тартты. Бір
бөлмелі пәтер қолдарына тиіп бақыттан бастары айналып жүргенде
көктемнің орнын жаз басқанын да аңғармай қалыпты.
Жаз жемісін ала келді. Маржан босанып, дүниеге егіз Күмісай мен
Алтынайды әкелгенде Алмастың төбесі көкке сәл жетпей қалды.
Жағасы жайлауда, қиялы Қырымда, жолдас-жораларын шақырып
кішігірім той жасады. Бақытты күндер жалғасып жатыр:
қыздарының қаз тұрғаны, ең алғаш тілін бұрап «әке» дегені, тәй-тәй
басып жүргені бәрі-бәрі есінде. Келесі жылы қызмет бабымен
Атырауға көшуіне тура келді, қызметі жоғарылады, жаңа үш бөлмелі
пәтердің кілтін берді. Бәрі жақсы-ау бірақ жаз
ұзаққа созылмады. Мүмкін күтпеген жерден ызғырық жел соғып, бар
жапырағын жұлып кеткен соң солай көрінетін болар. Әйтеуір қара
суық ызғар бойын қалтыратып, Алмасты қаусатып кетті, қаусатып.
Жанұясынан айырылып жалғыз қалды, уақытынан бұрын келген күз
болды бұл, қаратүнек қайғы-мұңға батқан ұзақ күз болды бұл!
Табиғат заңы - күз соңынан қыс келеді, міне сол қыс таянған сияқты,
жауыздықты жауыздықпен құртасың.
Жауыздық қанша қаталдықпен жасалса, оны құрту үшін де сондай
қаталдық керек!
*** *** *** *** *** ***
Ақмолада үш жыл жұмыс істеген Алмасты Атырауға аға тергеуші
қызметіне ауыстырды. Үш жыл ішінде тәжірбиесі молайып, беделі
де өсіп, қызметтің бүге-шүгесін жақсы меңгерген Алмас жаңа
қызметке ауыстырғанда еш қарсылық білдірген жоқ, қайта жаңа
жерде жаңа өмір бастауға қуана келісті. Тек Маржан ғана жаңа жерге
қоныс аударуға азар да безер қарсы болды. Әлде сол кезде ана жүрегі
бірдеме сезді ме белгісіз. Бірақ Алмас солтүстіктің салқын
самалымен тыныстанған жұбайының Атыраудың
дымқыл ауасын жұтып, бауырмал балшығын кешіп, түйедей
масасына таланғысы келмегені шығар деп ұқты. Қызмет дәрежесі
өсіп, үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болып зор қуанышты көңілмен
жүрген Алмас алдында не күтіп тұрғанын парықтап жатпады. Туған
жер топырағын басқалы бойына ерекше күш-жігер құйылып,
жұмысына да ерекше шабытпен құлшына кірісті. «Дем алсайшы бір
уақыт, жұмыс-жұмыс деп әбден зорықтың ғой» деген Маржанның
жанашыр сөздерін де құлаққа ілмеді. Адам бойына туа
біткен қасиет өлгенде кетеді, табанды мінезі, терең білімі, ұшқыр
қиялы еңбекқорлығымен ұштасып Алмас жаңа ортада да бірден
көзге түсті. Бір жыл ішіне алдына келген ітердің ашылмай қалғаны
болған жоқ. Жыл соңында ең таңдаулы тергеушілердің қатарына
қосылды. 90-шы жылдың басында қалада рэкетпен айналысатын
бандылық топтарға қарсы күрес бөлімі ашылды. Тамырын тереңге
жіберіп және жанжаққа тамырын кең жайған бұл топтардың қанаты
тез қатайып кетті, сондықтан олармен күресу өте қиын еді. Заманның
ерсі жағының бір көрінісі кезінде спортпен шұғылданып отанның
намысын қорғаған жігіттердің көбі рэкетке кетті, өз намысын да
қорғай алмайтын күйге жетті. Күші бойларына
симай, ұрынатын қара таба алмай жүргендерге заманның төңкеріліп,
уақытша туған өліара уақыт қылмыстық топтардың өсіп-өнуіне
қолайлы жағдай туғызды. Тек бір әлсіз тұстары басқарылуы
шашыраңқы, жиі-жиі билікке таласып, үстемдік еткен аудандарын
бөлісе алмай өзара соғысып, әшкереленіп жататын. Осындай жабайы
жолмен іріктелген күштілері арам ақшаларын айналымға шығарып
беделін арттыра берді. Сондай топтың біреуі
ағайынды Бәржановтар құрған топ еді. Топ «Мұғалім» деп аталды.
Қорқаулар заңын берік ұстанған бұл топ әлдеқашан әшкереленсе де,
тактикасы берік, техникасы күшті, байланысы мықты бандыларды
бұлттартпас дәлелдер болмаса торға түсіру мүмкін емес еді.
Одақтың ыдырап жатқан аумалы-төкпелі заманы Біржановтарға
қатты көмектесті. Шетелден машина әкеліп сату коммерциялық
табыс көзі болса, екінші жағынан
общякпен тығыз байланыс ағып жатқан алтын өзен болатын.
«Мұғалім» тобының басшылығы Ақтөбеде отырды, еліміздің
түкпіртүкпірінде жаңа оқушыларыда пайда бола бастады. «Алтын
көріп періште жолдан тайған» тез арада байып жағдайымды оңдап
алам деп қызығушылар тегін жатқан батпан құйрықтың түбі тұңғиық
тереңге батырып жіберетінін бағамдап жатпады. Пайызға алған ақша
еселеп өсіп, ақырында «счетчик» деген құрал іске қосылатынын, ал
ол машина жұмыс істегеннен бастап тағдырының су түбіне кетіп,
қарманатын тал таба алмай қалатынын ол бейшаралар басында
білген жоқ, артынан кеш. Полицияға шағымдануға қорқады,
қарызын қалай болсада қайтаруға тырысады, сөйтіп өздерінің қалай
сауын сиырға айналғанын байқамай да қалады. Міне жабулы қазан
күйінде жатқан бірнеше істерді зерттеп анық-қанығына жеткен
оқиғалар сарыны осындай. Бір ғажабы Алмас ағайынды
Біржановтарды бала кезінен танитын еді. Сонау жетпісінші
жылдардың басында шағын ауылда мектеп табалдырығын бірге
аттады. Ағалы-інілі Берік пен Серік ауылдағы азулы әкім Таластың
балалары еді, әкесінің айбынын
кішкентай сәби жүректер де сезіп өсті. «Бермесе де бай жақсы,
жемесең де май жақсы», не болмаса «аузы қисық болсада байдың
ұлы сөйлесін» деген анасының мақалдарының мағынасын Алмас сол
кезде-ақ түсініп еді. Ағайынды екеудің мінездері ұрда-жық сотқар,
оларға әй дейтін әже, қой дейтін қожа мектеп түгелі ауылдан
шықпады. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс Таластың ұлдарына
сөз айтып кім таяқ жеуге құмар дейсің. Осыны
сезген сайын олар да ойларына келгенін істеп құтыра түсті. Бірақ
баланың аты бала, өзімен қатар балалардың озбырлығын біреулер
көтерсе, біреулер көтере алмайды. «Аяққа аяқ, таяққа таяқ, шығасың
ба саяқ» деп шыға келетін
Мәлік бір күні екеуімен жекпе-жекке шықты. «Өзіңнен зор шықса,
бір көзің сонда шығар» демекші, қоршаған балалардың ортасында
Мәлік қос сотқарды да тас-талқан етті. Бұл оқиға балалар арасында
ауыздарынның суы құрып айтатын гу-гу әңгіме болса, олар үшін
абыройларының бірінші рет айрандай төгілуі еді.
Тағы бір оқиға Алмастың есіне түсті. Сыныпта өзгелерден бойшаң,
тыртиған арық болсада тарамыс шымыр Көпен атты бала бар.
Жастайынан еңбекке ысылған, қимылы шапшаң, ойынға адал,
сабаққа да өте зерек Көпенді ұстаздар да, оқушылар да қатты
силайтын. Көпенмен Алмастың үйлері көрші болғандықтан, ылғи
бірге ойнап, бірге жүріп достасып кеткен.
Не себептен екені есінде жоқ бір күні Көпенмен Берік жанжалдасып
қалды. Мұндай жанжалды шешетін жекпе-жек, үлкен үзіліс кезінде
бұлардың жекпе-жегін тамашалауға балалар жиналып қалды. Әп деп
ұстасқан бойда сынаптай сусыған Көпен Берікті жамбасқа алып
топырақтың шаңын бұрқ еткізді. «Көпен жеңді, Көпен жеңді» деп
балдар шу ете қалды. Топ-толық денелі, қимылы болжыр Берік ап-
арық Көпеннен жеңілгенін мойындасы
келмей:
-Балдар ол қаралық жасады, мен дайындықсыз тұрғанда алдап
соқты, жігіт болса қайта белдессін. Деді қып-қызыл жасаураған көзін
сүртіп. Екеуі қайта белдесті, бұл жолы бірін-бірі ала-алмай біраз
жүрді. Бір мезет Көпен бір аяғын бос тастап Беріктің шалып қалуына
жағдай туғызды, сол сәтті пайдаланғысы келген Берік оң аяғын
сілтеп қалғанда, тынысын ішіне тартып тұрған бар бала шу еттік.
Сөйткенше болмай Көпен шапшаң қимылмен Беріктің екінші
аяғынан шалып құлатты. Шаңға артымен жалп еткен Берікті
кеудесімен басып жауырынын жерге тигізді. Осының бәрі қас-
қағымда болғаны сонша не болғанын Беріктің өзі аңғара алмай қалса
керек, ал Көпеннің қолданған әдісі жайында бүкіл мектепке тарап,
әркім өзінше аузының суы құрып әңгімелеп жүрді. Үзіліс кезінде ер
балдар жинала қалып,
бір-біріне көрсетіп мәз болды. Міне осы жеңілістен соң ағайынды
Біржановтар жусаннан да аласа боп басылып қалды, бірақ бұл
олардың боран алдындағы табиғаттың демін ішіне тартқандай ғана
тынышталуы екен.
Cұмдық оқиға Көпеннің қара күшігінен басталды. Бір күнде
жоғалып кеткен қара күшікті ауыл сыртындағы қоралардың артынан
таптық. Екі көзін ойып, екі құлағын кесіп аяусыз қорлап өлтіріпті.
Екеуміз Марғауды сол жерде төмпешікке көміп болған соң, күшікті
кім өлтіруі мүмкін деген оймен түрлі жорамалдарға жүгіндік.
Екеуміздің де ойымыз айналып келіп Берік пен
Серікке тірелді. Осы екеуінен басқа кім бізге қастандық жасасын.
Ойымыз көп кешікпей дәлелденді, кешке малдың алдынан шыққан
Көпенді екеуі ұстап алып аяусыз таяққа жығады. Балдардың
арасында төбелес болып тұрады ғой, бірақ дәл мынандай қатыгездік,
арнайы қарумен аяусыз таяқтау бұрын-соңды кішкентай ауылда
кездеспегені анық. Көпеннің басы жарылып,
аяқ-қолы сынып емханада үш айдай жатты. Көпеннің әкесі ауылда
өте сыйлы, әрі совхозда бас есепшілік қызметін атқаратын.
Совхоздың бас есепшісі мен ауылдың әкімінің арасындағы дау-
дамай ұзаққа созылды. Әкім әкей кешірім сұрап аяққа жығылды, ат-
шапан айыбын ұсынды, балаларының арқасында ел ішінде қарабет
болды, бірақ бас есепшімен ауыл әкімінің
араларындағы сызат жазылмады. Сол жылы күзде Талас қызметін
ауыстырып Н қаласына көшіп кетті. Бірақ Алмас арада он сегіз жыл
өткенде ағайынды Біржановтармен кездесем деп ойлаған жоқ еді.
*** *** *** *** *** ***
Осындай топтасқан бандылық топтармен күрестің қызып тұрған
шағында Н қаласында халықты шу еткізген қылмысты оқиға болды.
Таңғы сағат бесте жедел шақырумен Алмас бөлімге жеткенде, аса
ауыр қылмыстарды іздестіру бөлімінің бастығы полковник Юсипов
тағатсыздана күтіп отыр екен. Полковниктің қып-қызыл көздерімен,
бөлменің ішін толтырған темекі түтініне қарап-ақ өзін аса маңызды
істің күтіп тұрғанын Алмас бірден ұқты.
-Жағдай мәз емес. Деді полковник Юсипов қысқаша
амандықсаулықтан соң. –Тағыда кісі өлімі, тағыда жай өлім емес
қасақана жасалған қылмыс, тағыда ұйымдасқан топтың ылаңы
сияқты. Тағыда Н. Қаласында, жергілікті халықтың әбден үрейін
ұшырып болды. Тағы дейтін себебім бұрыннан ашылмай қалған бір
қылмыс бар болатын, сен оны естідің бе, жоқпа білмеймін. Оған енді
мына іс қосылды, бұл істің түйіні шешілмесе құрыдық дей бер,
халық біздерге сенуден қалады. Мен өткен жолғыдан да
бетер сөгіс аламын, мен сөгіс алсам сендерге не болатынын өзің
білесің ғой. Бәрі де ештеңе емес қылмыскерлер жазадан құтылған
сайын өздеріне сенімі күшейіп ойына келгенін істейді, басымызға
шыққанмен бірдей емеспе мұнысы. Ал қарапайым халық көшеге
шығудан қорқатын сияқты. Өзінің ұзақ сөйлегенінен қысылғандай
полковник маған бір қарап алды да сөздерін жалғады.
-Бүгін таңда кәсіпкер Қосақов Нұрболды өз машинасының ішінде
біреулер пышақтап өлтіріпті, Нұрбол жергілікті жерде өте танымал,
әрі беделді жігіт. Сондықтан бұл кез-келген адамның қолынан
келетін, не болмаса жай іс емес, өте күрделі іс. Соны саған жүктегім
келіп отыр, бір өзіңе қиын болатынын білем. Сондықтан таңдаған
оперіңді көмекке ал.
Сұрағың барма?
Нұрболдың атын естіген Алмас қатты толқып кетті, себебі
Нұрболды бұрыннан жақсы танитын. Өзінен екі жас кішілігі бар осы
бір ақжарқын, кішіпейіл, жомарт Нұрболмен кездескен жерде
қауқылдасып көрісіп, қимай қоштасып қалатын. Бір кездерде бір
ауылдың көшесінде бірге ойнап, бір мектепте оқығандықтан
араларында жолдастық сезім орнағалы қашан.
Мектептен соң Алмас Алматыда білім алса, Нұрбол Москваға білім
қуып кеткен. Көп жылдар кездеспеген бұлар былтыр күтпеген
жерден жолықты.
Сол жолы Нұрбол өзінің жеке фирма ашқанын және шаруасының да
жақсы жүріп жатқанын мақтана әңгімелеп еді.
-Сұрақ көп қой жолдас полковник. Бірақ оқиға басына тезірек барған
маңыздырақ па деп ойлаймын. Оқиға басына неғұрлым тез барсаң,
ізді де соғұрлым тез аласың. Неғұрлым ізді тез алсаң, істі де
соғұрлым тез ашасың.
Темірді қызған кезде соқ деген, солай емеспе жолдас полковник?
Ендеше кетуге рұхсат па?
-Солай, жарайды жолың болсын. Шығып бара жатырған Алмасты
Юсипов қайта тоқтатты. –Айтпақшы мынау осыдан екі жыл бұрын
болған Абат Мұқайдың ісі, жаңағы айтқан ашылмай қалған іс. Бұл
қағаздармен жолшыбай танысып шығарсың, барар жерің ұзақ, жол
қысқартарсың. Полковник сөздерін әзілмен бітірді.
Атыраудан таңғы сағат жетіде шыққан машина қылмыс болған
жерге сағат тоғыз жарымда маңдай тіреді. Қылмыс халық тығыз
шоғырланған бірінші мөлтек ауданда анықталған, бұлар келгенше
Нұрболдың жансыз денесін мүрдеханаға жөнелтіпті. Машинасын
орнынан қозғамаған, оқиға болған жерді ала жіппен қоршап
Алмастардың келуін күтіп тұр екен. Алдымыздан аудандық
қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы капитан Ғабит
Елемесұлы қарсы шықты.
-Жағдайдың қалай болғанын толықтай баяндап шығыңыз. Деді
Алмас қысқаша амандықтан соң. Оқиға болған жерді қарамастан
бұрын ең бірінші куә болған адамдардың ойын білгісі келді.
-Марқұмның денесін таңғы сағат 6-да бір әйел байқаған. Мына 18-
ші үйдің 27-ші пәтерінде тұрады. Айтуынша таңда сүт сатып алуға
шыққан, бірақ сүтке кетіп бара жатқанында бұл жерде машина
болмаған. «Сүтті алып келе жатырғанымда артқы екі есігіде ашық
тұрған машина көзіме бірден
түсті дейді. Ойында ештеңе жоқ ашық тұрған есіктен салонға көзі
түскен бойда қалай шыңғырып жібергенімді білмеймін» дейді, сол
шыңғырған бойы үйге жүгіріп, ұйқыда жатырған бар халықты
оятыпты. Дауысқа шыққан көршілері болған оқиға жайында
полицияға хабар берген.
-Сендер қай уақытта жеттіңдер?
-Біздер келгенде 6.35 болатын.
-Сендерден бұрын келгендер болды ма?
-Көршілерді айтасыз ба?
-Жоқ, көршілерден басқа, танымайтын адам, түнгі патруль деген
сияқты.
-Жоға ешкімде болған жоқ.
-Біздер дегенің кімдер?
-Менің қасымда екі адам болды, сержант Баянов пен аға сержант
Қамбаров. Алмастың құлағы елең етті, Қамбаров деген фамилия өте
таныс естілді. Бірақ қай жерден естіп, қайдан кездестіргенін есіне
түсіре алмады.
-Ары қарай.
-Көрініс шынында да кісі шошырлық, он сегіз жерінен ауыр үшкір
затпен жарақат алған. Марқұмның ажалы қан көп кетуінен болған,
денесі бір жағына сәл қисайған, алысып-жұлысқан белгі жоқ. Біздің
артымыздан ілешала сарапшылар да жетті. Мына суреттер сол бойда
фотограф Мараттың түсіргендері. Деді де Ғабит Алмасқа бір топ
суреттерді ұсынды.
-Орталарыңда техникадан хабары бар адам болды ма, машина
жағдайын білетін дегенім ғой.
-Ия? Бұнысы несі дегендей Ғабит Алмасқа сұраулы жүзбен қарады.
Қызмет машинасын айдап келген аға сетжант Қамбаров
техникалардың атасы деуге тұрарлық жігіт.
-Техникалардың атасы деуіңе қарағанда машина жайын өте жақсы
білетін жігіт болды ғой, хош делік ендеше техникалар атасы қандай
пікір айтты есіңде ме?
-Есімде жоқ... тоқта-тоқта «машина моторының сөнгеніне екі
сағаттай болыпты» деді.
-Оның сөзін протоколға енгіздің бе?
-Жоқ мән бермеппін.
-Біздің істе әрбір ұсақ-түйекке мән берілуі керек, әсіресе кісі өліміне
қатысты.
-Айыптымын, жолдас капитан.
-Әрі қарай айта бер. Алмастың сабақталып жатқан оқиға желісін үзіп
алғысы жоқ. –Айтпақшы көлік кімдікі?
-Нұрболдың өзінің көлігі, осыдан екі ай бұрын сатып алған. Біздер
келгенде машинаның екі артқы есігі де ашық. Ешқандай саусақ
таңбасын таба алмадық. Соған қарағанда қылмыскерлер тұтқаларды
сүртіп тазалап кеткенге ұқсайды. Тек салонға шашыраған қан іздері
болмаса. Қылмысты бір
адам емес, екі не одан да көп адам жасаған болуы керек. Марқұмның
денесінен табылған заттар мен машина кілті, магнитофон
кассеталары бәрі сарапқа жөнелтілді. Міне толықтай тізімі, -деп
Ғабит папкісінен қағазды шығарды.
-Демек машина орнынан қозғалған жоқ.
-Ия, сіздерді күттік.
-Марқұмның мүрдесін кімдер шығарып, кімдер машинаға тиеді.
-Қамбаров пен жабықтан әкелінген екі жігіт болды. Денесі ауыр екен
деп үшеулеп әрең шығарды салоннан. Тағыда Қамбаров, ия екі
иығына екі адам мінгендей Нұрбол анау-мынау адамға әл беретін
жігіт емес.
Көліктің ішіне кімдер тінту жасады, сосын моторын от алдырып
көрдіңдер ме?
-Cот-медициналық экспертизаның маманы Сәуле Абатовна мен аға
сержант Қамбаров. Ал машинаны қыздырып қарау ойымызға
келмепті.
-Көлікті қыздырып қарамай қалайша кілттерді сарапқа жібердіңіз?
Адам болғасын қателіксіз болмайды, бірақ мына жерде қаншама
қателік кеткен. Ендігі жерде Алмас ми иірімдерін іске қосуды жөн
көрді. Біріншіден сүт алып қайтқан келіншек қанша өсекшіл болсада
оның кері оралуына он минут кетпей ме, сонда машина бұл жерде он
минутқа жетпейтін уақыт ішінде пайда болған. Ал Қамбаровтың
айтуынша машина моторы сөнгеніне екі сағат өткен болса, ендеше
қылмыс басқа жерде жасалынған болып шығады. Көлікті бұл жерге
сүйреп әкелді десек, онда көзге ұрып тұратын із
қалмайды ма. Ендігі әңгіме қажетсіз деп тапса да, Алмас өз зертеуін
бастамас бұрын Ғабиттың ойын білгісі келді.
-Жарайды өз ойың қалай?
-Алдын-ала ұйымдасып қасахана жасалған қылмыс. Нұрболат
қаладағы бай жігіттің бірі, мойнында алтын шынжыр,
саусақтарындағы
қымбат жүзіктері де көрінбейді. Осыған қарап қылмыс тонау
мақсатында да болуы мүмкін.
-Жанұясына хабар берілді ме?
-Біздер хабарламастан бұрын әлдебіреу қоңырау шалған. Әйелі
хабарды естісімен ес-түссіз талып қалған, қазыр ауруханада жатыр.
-Қоңырау қай жерден, қоңырау шалған кім екенін анықтадыңдар ма?
-Жоқ, біздің қала кішкентай ғой, сондықтан қоңырауды Нұрболды
танып қалған кез-келген адам шалуы мүмкін.
-Мүмкін деген сөз емес, тез арада телефон соққан кім екенін
анықтаңдар.
-Құп болады.
Машинаның қалай тоқтағынының өзі көңіл аударарлық екен, үлкен
жолдан төмен түсе тоқтаған. Неліктен тасалау жерге апармаған.
Осындай ойлар басынан кетпеген Алмас асықпай көліктің ішін
тексеруге кірісті. Шынымен қолына ештеңе ілікпес пе екен, бірақ
ондайға көңілі сеніңкіремейді. Қарапайым нәрселерден қателік
жіберіп жатырған жігіттер, көңіл аударатын еш айғақ қалдырмай
тап-таза қылып қоюы мүмкін емес. Сонда ол ілік қайда, қайдан іздеу
керек, Алмас кабинаны ашып алдыңғы орындыққа отырды, егер
бұдан бұрын біреу кабинаны тазалап кетсе ше, олда мүмкін,
сондықтан манағы суреттерді дұрыстап бір қарап шығу керек.
Фотограф іле-шала келді, демек ол кезде айғақтарды құртып
үлгермегені хақ. Осы оймен Алмас әрбір суретке шұқшиды, бірақ не
іздеп отырғанын өзі де білмейді. Міне-міне тапты, мына суретті
артқы жолаушы жағындағы ашық тұрған есіктен түсірген, алдынғы
орындық астынан бір нәрсенің шеті қылтияды. Не әмиян, не қойын
дәптердің шеті сияқты. Келесі суреттерде ол нәрсе көрінбейді, тоқта-
тоқта мынау темекінің тұқылы секілді. Алдынғы орындықтың астын
тағы бір үңіліп қарады, ештеңе көре алмаған Алмас енді сараптамаға
кеткен заттардың тізіміне көз жүгіртті. Тізімді оқыған сайын күдігі
де қоюлана берді, тізімде темекі қалдығы да, қойын дәптерде
көрсетілмеген. Ендеше өте құнды айғақтар қолды болған, бұл
қылмыскерлердің органда адамы бар деген сөз. Сол адам жіптің
түйіншегі, бар жұмбақтың шешуі болар. Жіптің бір шеті қолына
түсті, енді екінші шетін тауып тартып қалса бар жұмбақтың
шешілетіні сөзсіз.
-Жолдас капитан соңғы сұрақ, машинаның шопыры кім дедіңіз?
-Қамбаров.
-Техникалардың құдайы да сол ғой.
-Дәл солай, жолдас капитан.
-Қазыр қайда екен сол сержант?
-Айғақтарды сарапханаға алып кетті. «Айғақ таситын адам тапқан
екенсіңдер» деген оймен Алмас мырс етті. Бір жағынан
Қамбаровтың бұл жерде болмағаны да жөн болып көрінді.
-Сіз бір нәрсені ұмытқан сияқтысыз. Алмас сәл жымиды. Саусақ
таңбасын машинаның салоны емес, артқы жүк салғыштан іздеген
жөн болар.
Қане жігіттерге айта қойшы бірдеме табылып қалар.
-Жолдас капитан, саусақтың ізі бар, біреу емес бірнеше. Деген
қуанышты дауыс шықты сәлден соң.
-Ендеше көлікті де сарапханаға жібере беруіңізге болады.
Қансонарда із кескен аңшыны састыратын жосылып жатырған
іздердің көптігі. Тәжірбиесіз аңшы алдамшы ізге түсіп бәрін бүлдіруі
әбден ықтимал.Әсіресе алдын-ала ұйымдасқан қылмыста,
қылмысты жасау емес із жасыру үлкен өнер болып саналады. Оның
ең тиімді жолы тергеушіні жалған ізге түсіру, әп басынан жалған ізге
түскен адамға шындықты ашу қиынға соғады. Осы кезде ең бастысы
тергеушінің салқын қандылығы, жылдам ойлау
қабілеті, болжау қасиеті көмектеседі. Енді Алмасқа манадан
жиналған деректерді қорытатын тыныш жер керек.
-Енді асықпай ас ішіп әлденіп алатын оңаша жер болса тіпті жақсы
болар еді.
-Оның жарасы жеңіл, мына жерде жаңадан ашылған мейрамхана
бар.
Адамда онша көп болмас. Ғабит лып ете қалды, шамасы тәңертеңнен
бері нәр татпай қарыны ашса керек.
-Айтпақшы фотограф көрінбеді ғой, Марат деп пе едің? Жолшыбай
Маратты кездестіре алмас па екенбіз.
-Ол жақын жерде, қазыр шақырайын.
-Олай етсең тіпті жақсы болар еді.
-Бар-жоғы екі сұрақ. Мынау не нәрсе екенін анық айта аласыз ба?
Деп сұрады Алмас Марат қасына келген бойда. Сосын мына суретті
қарап жіберіңіз.
-Мен осы аудандағы ең таңдаулы фотографпын, менің көзіме бір
түскен нәрсе таспаға жазылғандай жатталып қалады. Қырықтың
қырқасына
шыққан жігіт ағасы өзін бір мақтап алды. –Мынау қызарған қойын
дәптердің шеті, түсірмес бұрын тағы бір қарағам. Ал мынау темекі
қалдығы, анаумынау емес бағасы қымбат темекінікі, себебі
мақтасына шейін түгел жанғанын байқап қалдым.
-Өте жақсы басқа сұрағым жоқ, Рахмет.
Мейрамхана іші шынында да оңаша екен, оразасын қара сумен
ашқан Алмас қарны ашқанын мұрнына тәтті тағам исі келгенде сезді.
Асқазанға ел қонып, көңіл жайланған соң Алмас тағы бір әңгіменің
шетін шығарды. Әдет бойынша бір темекісін тұтатуды да ұмытқан
жоқ.
-Ізін жасыру үшін қылмыскерлер қолдан келген шараның бәрін
жасайды, машинаның қалай тұрғанын өзің де байқаған шығарсың.
Осының өзі көп жайды аңғартса керек. Тексеру барысында
мынандай қортындыға келдім. Біріншіден олардың адамы біздің
ортамызда және ол адам қылмыс болған жерде бізді адастыруға
тырысқан. Оқиға болған жерге жедел топтан келген
ең бірінші келгендер сендер, яғни Қамбаров, Баянов үшеуің. Ендеше
үшеуіңнің біреуіңнің қылмыскерлермен байланысың бар. Оған
дәлел блокноттың, темекі тұқылы сияқты заттай айғақтардың
жоғалуы. Бұл жерде үшеуіңнің де мүмкіндіктерің бірдей. Солай ғой
капитан, сонымен кімді ұры дейміз? Шошып кеткен Ғабиттің көздері
бадырайып кетті, абдырап қалған Ғабитке қарап Алмас күліп
жіберді.
-Осы күдік басыма Қамбаровтың «машина моторы сөнгеніне екі
сағаттай болыпты» деген сөзінен кейін келді. Ешкімде мотордың
сөнгеніне екі сағат болғанын дәл анықтай алмайды, екі сағат бұрын
сөнген мотормен үш-төрт сағат бұрын сөнген мотордың еш
айырмасы жоқ. Бұл сөз оның аузынан байқамай шығып кеткенімен,
сөзінің жаны бар. Себебі ол мотордың қашан сөнгенін, машинаны
бұл жерге итеріп әкелінгенін бірден-бір білетін адам. Екіншіден
сарапханаға кілтті де ала кеткен, бұл машинаны қыздырып
қарамаудың айласы, себебі машина қызбай қалған. Жүк салғыштағы
саусақ таңбаларынан машинаны бұл жерге кімдердің итеріп келгенін
анықтауға болады. Үшіншіден машина салонын тінткен кезде
Қамбаров қойын кітабының көзін құртқан. Менің ойымша бар гәп
осы қойын кітапшасында жатырған сияқты, Нұрболдың ажалына да
тікілей себеп сол дәптердегі
мәліметтер болса керек. Блокнотты қолға түсірсек, бірталай қылмыс
ашылып, бірталай шортандар су бетіне қалқып шығатыны даусыз,
менің ойым түсінікті шығар Ғабеке.
-Машинаның қызбайтынын білсеңіз, сол жерде-ақ кілтті алдырып
қыздырып қарауға болмайтын ба еді?
-Ол ой басыма тез келгенмен, одан тез айныдым. Асығыс артық
әрекет сезіктіні үркітері бар, ортамыздағы адамды су бетіне
шығарғанша күдік тудырмау керек. Машина қыздыруға әрқашанда
үлгереміз ғой. Ұрының арты қуыс, бірақ айдында еркін жүзген балық
одан сайын еркінси түскені жақсы. Ішіміздегі бандының жансызы
кім десең барлық соқпақ Қамбаровқа келіп
тіреледі. Тұтқиылдан Қамбаровты қамауға алып тергесек «сасқан
үйрек артымен сүңгиді» демекші, қолымызға жіптің бір ұшы тиіп
қалуы ғажап емес. Осы Қамбаров деген ат маған таныс сияқты, бірақ
қайдан кездестіргенімді есіме түсіре алар емеспін.
-Мұнымыз тым асығыстық емеспе, кішкентай қателік орны толмас
өкінішке ұрындыратынын ұмытпайық.
-Дәл солай. Сол үшінде тұтқындамас бұрын Қамбаровтың артына
қоңырау байлау керек. Телефоны тыңдалуға тиіс, осыны тез арада
жүзеге асырыңыз. Ол әлі күдіксіз, сондықтан қолайлы сәтті тауып
қойын дәптерден құтылуға тырысар. Міне осы сәтте оны
әшкерелеуіміз қажет. Екеуі Қамбаровты тұтқындау жоспарын бүге-
шегесіне жеткізген соң орындарынан тұрды. Аға сержант
Қамбаровты тұтқындау операциясы өте сәтті аяқталды. Қойын
дәптерді бандыларға беруге әрекет үстінде ұсталды. Алмас өзіне
Қамбаровты тергеуге кіргізгенде оны бұрын еш жерден көрмегенін
ұқты, сонда барып оның есімін жол бойында танысқан Абат
Мұқайдың ісінде кездестіргені есіне сап етті. Оп-оңай құрықталам
деп ойламаған, және айғақты затпен қылмыс үстінде тұтқындалғаны
оған қатты әсер етіп, көп бұлтаққа сала алмады.
Алмас оны есіктен кіргізгенде-ақ оның қылмысқа жолдан қосылған
жолаушы екенін жазбай таныған. Сол күні сараптаманың да
қортындысы дайын болып, көп нәрсені дәлелдеп берген. Кісі
өлтіруге тапсырыс бергендер мен кісі өлтірушілердің де аты-жөні
анықталып, жан-жаққа тосқауылдар қойылып,жаппай қамау
науқаны да басталып кетті. Қойын дәптер арқылы ашылмай
қалған Абаттың өліміне байланысты қылмысты топтың да
басшылары әйгілі болды. Сөйтіп атышулы тазарту науқаны үш
аптаға созылды. Бірақ...
Адамның бір кемшілігі өзгені ойлаймын деп, өз қауіпсіздігін ойынан
шығарып алатыны. Алмаста қызу жұмыс барысында жанұясының
қауіпсіздігін ойламапты. Ал қанішер жандардың жауыздығында шек
барма,бір күнде қос құлыны мен жан жарынан айырылып сорлап
қалды. Көңілдегі жазылмас жарамен, өшірілмес өкінішін арқалап
сол жылы Алмас туған жерінен безініп кетіп еді.
*** *** *** *** *** ***
Поезд Атырауға кешкі сағат он бірде келіп тоқтады. Тамбурдан
жерге қарғып түскен бойда, Алмас ешқайда назар салмастан шығар
есікке беттеді. Сапырылысқан халық ішінен вокзалдың шығар
есігінде тұрған Мұратты таныды, олда танығанын білдіріп емпеңдеп
келді де:
-Аға сізге такси керек емеспе? Деп сұрады.
-Ия орталыққа шейін қанша аласың?
-Үш жүз ғана бар болғаны. Бейне бір құныққан таксистердей.
-Жарайды кеттік.
Машина отырған бойда екеуі де шыдай алмай қос-қолдап көрісті.
-Жезде тіпті өзгеріп кетіпсің, мен өзім әзер таныдым.
-Он жыл көрмеген сен жазбай танысаң көп өзгермегенім ғой,
басқаларда танып қалуы мүмкін.
-Қайдам менен қырағы емес шығар.
-Қорқаулардың көздері адамнан да өткір.
-Әңгіме көзде емес көңілде ғой, көңіл ұмытқанды көзде ұмытады.
Көңілің басқада болса алдыңдағы түйені де көрмейсің.
-Оның дұрыс, сонда олардың көңілі қайда деп ойлайсың.
-Әйтеуір сен жоқсың, олардың ойлары өткеннің орнын толтыру.
Түрме оқытпады деймісің, сондықтан олар бұрынғыдан да екі есе
айлалы, екі есе қауіпті.
-Оларды түрме оқытса мені өмір оқытты, мен өмірден жазықсыз
жазамды тарттым. Дүние кезек енді олар алады жазасын, өмір мен
өлімнің арасындағы көпірді көрсін, ажалдың суық жүзін көрсін.
Мұрат құптағандай әлсіз басын изеді, қонақ үйге де келіп жетті.
Алмас душ қабылдап келгенше Мұрат үстел үстін жайнатып қойды.
-Менің заттарым әзір ме?
-Міне пистолет екі обоймасымен, сосын мынаны танитын боларсың.
Мұрат үстелге сабында «Дүйсен» деген жазуы бар қанжарды қойды,
Алмастың көзінен ыстық тамшы ыршып кетті. Бұл баяғы Нұрболдың
қанын судай шашқан қанжар емеспе. Үш күннен соң Алмас Ақтауға
жол тартты.
Арада алты ай өткен, Алмас Ақтаудағы үйсіз-күйсіз қаңғыбастардың
арасына әбден сіңген. Ағайынды Біржановтардың немен
айналысатынын, қай жерлерде көңіл көтеретіндерін, жолдастары
кімдер, табыстары қалай, туған күндері қашан, қай жолмен жиі
жүретіндерін, тіпті қашан жатып, қашан тұратындарын да біліп
алған. Олар өте сақ, достарының біріне де сенбейді,
жаулары көп екенін біледі. Бұл кезде Алмас үкімді орындауға дайын,
бірақ он жерден хайуан болсын бұл дүниеде адам қанын жүктеу
қиын. Әркімнің өлшеп берілген дәмі бар, ал сен әрекетіңмен
олардың өмірін жоқ қыласың, өлшеулі дәмінен айырасың. Мойныңа
адам қанын жүктейсің, ал оны жуып тазарту мүмкін емес.
Біржановтардың үйін торуылдап жүріп, осыдан бір апта бұрын
екеуімен бетпе-бет кездесіп қалды. Жалма-жан аянышты түрге еніп,
дауысын жыламсырата шығарып жұмыс сұрады,.
Бірінші Серік жауап қатты.
-Бізден жұмыс сұрау үшін дұрыстап жуынып, киініп кел. Сендей
үсті-басы сасыған қайыршылар толып жүр қазыр. Үсті-басын дұрыс
қарай алмай жүріп жұмыс іздегішін қайтерсің. Іші ыза-кектен қайнап
тұрса да:
-Қандай жұмыс болса да орындаймын, бәріде қолымнан келеді. Деп
Алмас та жабысып қоймады.
-Жақсы сенде бір күні бір әжетке жарарсың, мазаны алмай жоғалтшы
көзіңді. Бұл Беріктің дауысы.
Олар шарбаққа кіріп кетісімен бұл «ух» деп демін бір алды, бұның
ұсқынын да, дауысын да танымады, ендеше жоспарды орындауға
кедергі жоқ деген сөз. Кешегі селдетіп жауған жауыннан кейін аспан
шайдай ашылған.
«Бұлттан шыққан күн ащы, шайпау қатын тілі ащы» күннің ыстығы
бет қариды. Маңғыстау топырағының бір жақсысы, қанша жаңбыр
жауса да тез жылға қуалап, топыраққа сіңіп кетеді. Жердің беті
жаңбырмен шайылып, ауа тазарып, айнала жарқырап тұрған сол күні
Алмас ЦУМ жанындағы ең қымбат шаштаразға кірді. Бәленбай ай
ұстара тимеген сақал-мұрт, шашпен жарыса өсіп бет-аузын жауып
кеткен бұның ұсқынын көрген шаштараз қыз
шошып қалса керек. Бірақ Алмастың үстіндегі жарқырата киген
киімдеріне көзі түскенде сәл күлімсіреді. Әйел жаны өте сезімтал,
киім киісіңнен, бетжүзіңнен, жүріс-тұрысыңнан ақ көп нәрсені
аңғара қояды ғой. Алмас Ақтаудағы ең қымбат дүкендерден
киінгендіктен, қарындастың көздерінің күлімсіреп кетуі де заңды
құбылыс болатын. Алмастың шашын қиып, сақалмұртын тегістей
алып болған соң одан сайын күлімсіреген қыз бұған сүйсіне
қарады.
-Қарындас енді құдалыққа баруға болатын болар.
-Әрине, сізді енді өзім де тани алмай қалдым, мүлде басқа адам
болып шыға келдіңіз.
-Жақсы жағына ма, жаман жағына ма?
-Әрине жақсы жағына, осындай әп-әсем жігіттің соншалық азып
кетуіне бір себеп бар болар, егерде құпия болмаса.
-Жұмыс іздеп жүріп үсті-басыма да қарауға уақыт болмапты-ау.
-Өтірік айтасыз, сонда да жақсы жұмыс тапқан болдыңыз ғой.
-Жұмыс таппадым, бірақ бай қайыната таптым. Үйленетін болдым.
-Тағыда өтірік айтасыз.
-Сіз қалай ойлайсыз?
-Әйеліңізге ренжіп үйден қашып кеткенсіз, бүгін әйеліңізбен қайта
табыстыңыз. Дәл таптым ба?
-Дәл емес..бірақ жақын.
-Не болмаса бүгін бір адамды кездестіріп көзсіз ғашық болдыңыз.
Алмастың жүрегі шымырлап кетті, үйден кеткелі жүректе шемен боп
қатқан сағыныш, аяусыз тұншықтырған ыстық сезімдер қайтадан
бұрқ етіп басқа шапты. Көңілінің толқып кеткенін қу қыз сезіп
қалды.
-Көрдіңіз бе дәл таптым, сіз тіпті толқып кеттіңіз.
-Рахмет сізге қарындасым, жүзіңізден күлкі кетпесін
-Сізге де соны тілеймін, келіп тұрыңыз. Деді сүйкімді қарындас
аңқылдап.
Алмас көшеге шыққан бойда сағатына қарады, әзірге уақытпен дәл
үлгеріп тұр. Бүгінгі кеш үкімнің орындалар сәті, себебі кеше болған
үлкен тайталаста Біржановтардың тобы жеңіске жетті, Ақтаудағы
орталық базар мен бірнеше сауда нүктелерінің билігін қолына алды.
Енді ол аудандарда бұлардың қолын қағатын еш кедергі жоқ. Дәл
қазір олар осы жеңістерін тойлап жүр, Алмас олардың осы тойларын
тас-талқан етуге бекінді. «Дүние кезек» деген, қуаныш пен қайғы,
бақ пен сордың қабат жүретінін олар да
білсін. Айналдырған алты айда Алмас қайыршылық өмірмен
жақсылап танысты, оларда өздеріндей адам, олардың да жазылмаған
заңы бар. Олардың да әлсізі күштісі бар, әлсізі күштісінен қорқады,
бірақ күштілері әлсіздерге
тырнақ батырып, озбырлық жасауға батпайды, себебі қанша күшті
болса да біреудің намысын таптаса, қалғандары гиеналар сияқты
бірігіп жеп қоятынын біледі. Шындықты жоғары қояды, ешкімнің
ала жібін аттамауға тырысады. Біржановтардың үйін Сергейге
аңдытып қойған, ол қолына сотовый телефон тигеніне мәз, әлсін-
әлсін хабар беріп қояды. Жолшыбай Алмас тирге кіріп шығуды жөн
санады, ойы қолдың ептілігін, көздің қырағылығын, қанның
салқындығын сынап қарау. Қаншама жылдар өтсе де үйренген қол
өз дағдысын ұмытпапты, он оқпен-ақ тоқсан сегіз ұпай жинады.
Ескі әдеті сол, тирге бір кірсе шығуы қиын Алмас, бір сағаттың қалай
өткенін де байқамай қалды. Сол жерден такси ұстаған ол «Интурист»
қонақ үйіне тамақтануға келді. Бұрын өзін талай қуып жіберген
«генерал» шал жүгіріп келіп машина есігін ашты.
-Бұл мен ғой, Мәке. Болатпын.
-Танымадым, қай Болатсың?
-Ендеше мынау өткен өмірімнен естелік. Алмас шалға кешегі түскен
суретін ұстатты, шал суретке бір, бұған бір қарап орнында қалшиып
қалды.
Біржановтардың қонақтары ерте тарады, соңғы қонағын шығарып
салған Серік үйге кірмей ұзақ отырды. Алты ай дайындалған жоспар
күйіп кетпес үшін Алмасқа алты сағат күтсе де көп емес еді, Серік
ішке кірісімен Алмаста дыбыссыз шарбаққа енді. Жаңа ғана
шынжырдан босанған неміс овчаркасы бұған қорқынышты емес,
соңғы уақытта бұған бауыр басқаны соншалық арсалаңдап алдынан
шықты. Үйдің алдына бейнежазу камерасымен, есікке дабыл беру
тетігі орнатылған, сондықтан Алмас бақты қуалай артқы есікке
беттеді. Біржановтар бір орыс жігітін оққағар ретінде
ұстайтынын біледі, тек сонымен қай жерде кездесетіні белгісіз.
Бұрышты айнала бергенде қарама-қарсы келе жатырған күзетші
жігітті байқап қалды, кім бірінші байқаса жеңіс соныкі. Тасаға тұра
қалған Алмас қатарға келіп қалған күзетшінің алдынан атып шықты,
қапелімде сасып қалған ол қолын көтеріп үлгергенше тамағынан
оңдырмай екі соққыны беріп үлгерді. Шығыс
жекпе-жегімен үздіксіз жаттығатын Алмас соққысының қандай
күшпен қай нүктеге тигенін де шамалап үлгерді. Енді бұл күзетшіден
қам жемесе де болады, тек көзден таса жерге сүйреп тастау керек.
Артқы есіктен ішке енгенде жеңіл әуен құлағына анық естілді.
Қолына пистолетін оңтайлап
ұстаған Алмас екінші қатардағы қонақ бөлмесіне емін-еркін ене
берді... Шарап буымен масайраған төртеу кенет есіктен кіріп келген
Алмасқа шошына қарады, Алмастың қолындағы қаруды аңғарған
қос қыз шыңғырып бұрышқа тығыла берді. Қонақтың кім екенін
жазбай таныған Берік пен Серіктің көздері ұясынан шығып барады.
Тыныштықты Алмастың өзі бұзды.
-Қонақ қарсы алуды ұмытып қалдыңдар ма? Міне мен жуынып, таза
киім киіп келіп тұрмын. Маған лайық жұмыс тауып қойған да
шығарсыңдар. Бірінші Серік есін жиды.
-Қош келдің Алмас, жоғары шық. Ескі достарды кездестіру қандай
қуаныш десеңші. Біздер жұмысқа жақсы адвокат іздеп жүрміз,
жалақысын қанша десеңде өзің айт. Сен сияқты маманның құнын
білеміз ғой, ақшадан тарылмаймыз. Деп арам қолын ұсына берді.
Оның май басқан алақанына жиіркене көз салған Алмастың көз
алдынан өткен күндер елесі зуылдап өтіп жатты.
-Менің қандай жұмыспен келгенім сендерге аян, «кәмилаға»
тілдеріңді келтіре беріңдер. Алмастың өктем даусынан енді
ештеңеден тайқымайтынын ұққан Берік қарсы шабуылға шықты.
-Сенің жанұяңды құртқан біздер емес, өзіңнің ақымақ, қырсық
мінезің. Қайыршы болып үй торуылдадым десеңші, қанша уақыт
аңдыдың? Жолың болмайтын бір байғұссың ғой, қазырде қолыңнан
ештеңе келмейді.
Одан да қолыңдағыны лақтырып тастап жөнге кел, қалаған нәрсеңді
алда жөніңе кет. Өткенді есіңе ал, отпен ойнап қанатың бір күйді,
енді екінші рет күйдіріп қайтесің. Деді Берік мүсіркей қарап, сонау
сот залындағы көзқарас.
Бойын ыза-кек кернеген Алмас пистолет серіппесін қалай тартқанын
байқамай қалды. Бірақ шүріппе басып үлгермеді, арттан тиген қатты
соққы жерге ұшырып түсірді.
Есінен танып қанша жатқаны белгісіз, әйтеуір есін жиғанда бетіне
түскен жарық көзін қарықтырды. Қақпанға мықтап түскенін санасы
сезгенмен, тірлік белгісін білдірмей біраз жатты. Қолындағы қаруын
алған олар енді саспайды, осы кезде Алмастың иығынан біреу теуіп
жіберді.
-Жаңа ғана айтпап па ем, сен жолы болмайтын жігітсің деп. Баяғыда-
ақ сен сияқты тарақанды аяқпен езгілеп құрта салу керек еді. Бірақ
әлі де кеш емес,
үлгереміз. Бізбен есептесуге келсең есеп берейік, тыңда мен бірінші
есеп беремін. Бір шелек майды бір құмалақ шірітеді, сен сол
құмалақсың, жапжақсы тіршілігімізді бұздың. Оның арты немен
бітетінін өзің көрдің, жанұяңнан айырылып сорлап қалдың, ал біздің
неміз кетті. Ештеңемізде қисайған жоқ, естігің келсе сенің жанұяңды
құртуға адам жалдаған мен. Ақысын төлесең болды емеспе қазыр.
Міне біздің жолымызға тұрған адам
сен сияқты тоз-тоз болып жоғалады.
-Ия «өлер бала молаға шауыптының» кері келді ғой. Сөзге Серік
араласты. Мен сені қызыл жағалылардан бөлек кетті деп естігем,
адам болған екен деп қуанып жүрсем.
-Мен сендерге шығарған үкімді орындау үшін ғана полициядан
кеткем, енді сол үкімімді орындайтын сәт туды. Қандай әрекет
жасауын пайымдап алған Алмас бойын тіктеді, бұның әр қимылын
аңдып отырған
Берік:
-Тыныш отыр, - деді пистолетін салмақтап. Осы сәтте оның
кеудесіндегі болар болмас қызыл ноқатты Алмас анық көрді.
Осындай жағдай бола қалса деп алдын-ала тағы бір жоспар жасап
қойғаны қандай көрегендік болған.
-Ия қазіргі заманда ақысын төлесең, боқысын шығаратын заман ғой,
сенің басыңның да ақысы төленген оған қам жемей-ақ қой.
Алмастың тым сабырлылығынан секемденген ол пистолетті кеудеге
кезене берді, тек шүріппе басып үлгермеді. Жүрек тұсынан дәл тиген
оқ оны кейін қарай лақтырып жіберді, осы сәтті пайдаланып оның
қолынан сусып кеткен пистолетті қағып алған Алмас ештеңе түсініп
үлгермеген Серіктің маңдайына пистолетті тақай қойды.
-Дүние кезек деген осы, бар әңгіме диктофонға жазылды. Қалай
пайдалансам да еркімде. Артындағы күзетшінің қимылын байқап
қалған Алмас ол қолын көтерем дегенше екі оқты кеудесіне қадады.
Күзетші артындағы креслодан асып барып құлады, Алмас үшінші
оқты бұрыштағы бейне камераға арнады.
-Мінекей менің ойнап жүрмегенімді байқаған шығарсың, екеуміз
оңаша қалдық, бірақ менің сенімен сырласуға уақытым жоқ.
Жүрекке түскен жара жазылмайды, солай емеспе... Алмас сөзін
аяқтап үлгермеді, есін жинаған Серік барысша атылды. Сәл
шегінгенімен құрсаудан құтыла алмаған Алмас
оның тақалған кеудесіне қаратып шүріппені екі рет басып үлгерді.
Пистолет дауысы тұншығып шыққанмен, шашыраған қан Алмастың
қолын жуып кетті. Шапшаң қимылдаған Алмас үйдің бұрыш-
бұрышына дайындап әкелген бомбаларын лақтырып тастап, үйден
атып шықты. Сыртта машинасымен Сырым күтіп отыр еді.
-Мен үйге кіргелі шарбақтан шыққан адам болды ма?
-Ия екі қыз он минут бұрын жүгіріп шыққан.
-Кеттік ендеше, бізді ешкім көрмеуі керек қой.

Машина үйден сәл ұзағанда күшті жарылыстан айнала жап-жарық


болып, жер дірілдеп кетті... Он жыл бұрын шығарылған үкім он
минутта орындалды, бойынан үлкен жүк түскендей болғанмен,
Алмастың көңілі астан-кестен арпалыста еді...

You might also like

  • Төлен Әбдік - Қонақтар
    Төлен Әбдік - Қонақтар
    Document15 pages
    Төлен Әбдік - Қонақтар
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • File 4135
    File 4135
    Document70 pages
    File 4135
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • Untitled
    Untitled
    Document25 pages
    Untitled
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • КТЖ 8А 2022-2023ж
    КТЖ 8А 2022-2023ж
    Document11 pages
    КТЖ 8А 2022-2023ж
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • Untitled
    Untitled
    Document27 pages
    Untitled
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • Untitled
    Untitled
    Document24 pages
    Untitled
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • Untitled
    Untitled
    Document9 pages
    Untitled
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet
  • Untitled
    Untitled
    Document13 pages
    Untitled
    Меруерт Нурхамитова
    No ratings yet