Professional Documents
Culture Documents
Педагогика
1. Оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білуге,өз идеяларын
дамытуға көмектесетін сұрақ түрі: Сынақтан өткізу
2. Оқу нәтижелерінің бес түрі анықталған. Оқушыға қатысты бес фактор ретінде
қарастырылатын оқу нәтижесі: Білімнің сандық ұлғаюы
3. М. Чиксентмихайдың «Өзіндік мақсат» сызбасы бойынша дағдысы жоғары оқушыға
төмен міндет коюдың нәтижесі: зерігу
4. Компьютерлік бағдарламалауда құжаттарды ашу және мұрағаттау үдерістерін білуді
қамтитын білім сапасы: технологиялық білім
5. Дж. Флейвелл бойынша, оқушыға тапсырманы орындауға кеңес берілмегендіктен,
оқушының қабілеті жетіп тұрса да, тапсырманы орындай алмау: өнімділік
тапшылығы
6. Жаттап алынған білімді анықтауға арналған сұрақ: төмен дәрежелі
7. Оқушыны толығырақ жауап беруге итермелеп, өткен материалдарды ойға салу кезінде
қолданылатын сұрақ қою тәсілі: түрткі болу
8. Оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабар беруді көздейтін
бағалау мақсаты: кері байланыс ұсыну
9. Оқытуда пайдаланатын әдіс—тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау түрі:оқу үшін
бағалау
10. Оқушылар мен мұғалімдерге білім, түсіну және дағды туралы хабар беруді көздейтін
бағалау мақсаты:кері байланыс
11. Бағалау мақсатында жүргізілген қадағалау нәтижелерінің интерпретациясы: алынған
мәліметтердің мәнін анықтау
12. Оқуды бағалауды оқу үшін бағалауға ауыстырылу шарты: бағалау сипатын өзгерту
13. «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс ретінде белгілі болған бағалау: оқу үшін бағалау:
14. Бағалаудың барлық түрлеріне тән үш сипаттама бар. «Қадағалау» сипаттамасына
сәйкес мұғалімнің әрекеті: оқушының сұраққа жауабын тындау
15. Олар ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа ұстай алатындығымен
ерекшеленеді: шоғырлану
16. Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелеу дарынды мен талантты
оқушылардың қай сипаттамасына тән: табандылық таныту
17. Ренцулли мен Райс анықтаған дарынды және талантты оқушылардың білімін
жетілдіру бойынша қызметтің бірінші кезенің көрсетіңіз:жалпы зерттеу жаттығулар
18. Ең үздік оқушыларды анықтаудағы күрделілікке деген сүйіспеншілік сенімді
өлшемінің сипаттамасы (Фриман) :қызығушылығын арттыру үшін күрделі ойын
мен тапсырмаларға ұмтылады
19. Ең үздік оқушыларды анықтаудағы ерте символдық белсенділік сенімді өлшемінің
сипаттамасы :олар ерте жасынан бастап сөйлей, оқи, жаза бастайды
20. Ең үздік оқушыларды анықтаудағы икемділік сенімді өлшемінің сипаттамасы:
басқаларға қарағанда ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған
21. Дарынды және талантты балаларды анықтауға «өз білімін жетілдіру» өлшеміне сәйкес
келетін балаларда көрініс табатын ерекшелік:олар өздерінің оқуларың реттей алады
22. Сабақты зерттеудің сипаттамалық ерекшеліктерінің бірі: рефлексиялы
23. Жапонияда сабақ зерттеу нәтижелері: барлық мұғалімдер үшін жүйелі түрде
жарияланады
24. Сабақты зерттеу (LessonStudy) кезендерінің бірі- «Әріптестерінің кеңесіне сүйеніп,
мұғалімнің жеке өзі немесе топпен бірлесіп сабақтың мақсатын аңықтауы мен
дайындалуы. Осыдан кейінгі кезеңді көрсетіңіз:сабақты зерттеу өткізу және
LessonStud-ге қатысушылардың оны бақылауы
25. Сабақты зерттеудің қадамың көрсетіңіз: нәтижені қамтамасыз ететін ережелер
жұмысың құрады
26. Сабақты зерттеу (LessonStudy) тәсілінде зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін жүзеге
асатын талдаудың белгіленген құрылымы бойынша кезендердің бірі: келесі сабақты
зерттеуді топпен бірлесе жоспарлау
27. Сабақты зерттеу тәсілінің демократиялық ерекшеліктерінің бірі: зерттеу үшін бүкіл
топ өзіне жауапкершілік алады
28. Сабақ зерттеу тәсіліне қатысты дұрыс тұжырым: сабақты зерттеуді іс-әрекеттегі
зерттеу ретінде қарастыруға болады
29. Оқушылардың тақырып бойынша нені түсінбегенін аңықтау үшін бақылау алып,
қателерді түзетудегі бағалау мақсаты:оқудағы қиындықтарды аңықтау
30. Бәсекелестікке құрылғандықтан, топ ортақ шешімге келе алмайтын әңгіме түрін
көрсетіңі :әңгіме-дебат